Материалдар / «9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары»

«9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары» 9 сынып емтиханға дайындық жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2022
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары»

Коучинг уақыты: 45 минут
Коучинг жоспары
Коучингтің тақырыбы:  «9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары»
Өткізілетін уақыты: 9.50-10.35 
Коучингтің мақсаты:Қорытынды аттестацияның спецификациясының талаптарымен практикалық тұрғыдан жұмыс жасау, талаптарды практикада қолдана білу және теориялық білімдерін кеңейту.
Коучинг өткізу әдісі:
- Тақырыпты, тапсырмаларды, эксперименттерді ұстаздарға топпен, жұппен жұмыс жасай отырып меңгерту әдістерін қолдану;
- Практикалық жаттығулар және мұғалімдермен кері байланыс рефлексиясын жазу, айту;

Ұсынылған ресурстар: интерактивті тақта, АktivInspire бағдарламасы, постер, түрлі қаламдар, А4 қағазы, ноутбук.



Кіріспе бөлім

Қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру үшін “Өрмекшінің торы” әдісі бойынша коучингке қатысушы мұғалімдер өздерін таныстырады.

Өрмекшінің торы” әдісінің мақсаты:өрмекшінің торы іспетті ұстаздардың өзара жақсы қарым- қатынаста болуын меңзейді.

Ұстаздарды топқа бөлу. Түрлі-түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу. Ұстаздар топқа бөлініп, орындарына жайғасады.

Ұйымдастыру кезеңінің мақсаты: Коучинг тақырыбымен таныстыру.

І. Ой қозғау.

1. Ой қозғау тапсырмасы.

Әр топқа ой қозғау мақсатында бірнеше сөздер беріледі. Сөздердің синонимін тұрақты тіркес түрінде тауып жазады, суретін салады, топ алдында қорғайды.

  1. Аты шықты (Айды аспанға бір шығарды)

  2. Жек көру (Ала көзімен атты)

  3. Қысымға алу (екі аяғын ір етікке тығу)

  4. Жиі келіп тұру (Ат ізін суытпау)

  5. Жағы қарысты (Аузына құм құйылды)

  6. Өкінді (Бармағын тістеді)

  7. Жетік білу (Бес саусақтау білу)

  8. Арық (биті торғайдай, мойны ырғайдай)

  9. Батыр (жүрегінің түгі бар)

  10. Түк қалдырмау (жылан жалағандай)

  11. Сабау, ұру (көк ала қойдай ету)

  12. Жақтырмау (кірпідей жиырылу)

  13. Дегенін істету (қадалған жерінен қан алу)

  14. Құлап түсу (Қалпақтай ұшу)

  15. Тез (қас пен көздің арасында)

  16. Жомарт (қолы ашық)

2. Тапсырма.

Әр топқа мәтін беріледі, топ мүшелері мәтінді оқиды, берілген сөйлемдерді перифразға айналдырып, АktivInspire арқылы тақтаға жазып қорғайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды.

Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге  жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.

  1. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше көңіл бөліп келді.

Тәуелсіздіктің ______[1]

  1. Әртүрлі конструкциялы ғарыш аппараттары Айға, Шолпанға және Марсқа қондырылды.

Айға ________[1]

  1. Аспанды игеруді аңсаған, ғарыштың ғаламатына құмар адамзат талай жылдан бері осы саладағы ізденістерін тоқтатқан емес.

Талай ________[1]

  1. Қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.

Тұңғыш _____[1]

  1. Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр.

Ғарыш _______[1]

  1. «Космонавтика»- біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы.

Біз үшін _____[1]

  1. Сондай ақ бірнеше аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етуде.

Әлемдік _______[1]

  1. Т. Әубәкіров әуе кеңістігінде өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

Әуе _______[1]

  1. Бұл еліміз үшін үлкен мақтаныш.

Еліміз _______[1]

  1. Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров көкке самғады.

Тұңғыш ______[1]

  1. Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр.

Ғылымның ______[1]

  1. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

Ғарыш ______[1]

3. Тапсырма. (4 бейнеролик үзіндісін көру)

Дыбыссыз бейнероликті көру арқылы, көрген бейнероликті дыбыстайды, диалогтік қарым-қатынасқа түседі.


4. Презентациямен жұмыс.

Коучинг жүргізуші мұғалім «9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағыдаларының қалыптасу жолдары» атты тақырыбы бойынша мақсатымен, спецификасыясымен таныстырып өтеді.

Қорытынды кезең. Рефлексия(5 минут).

Коучинг соңындағы кері — байланыс.

«Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: шабадан,  еттартқыш.

  • Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

 Қоштасу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ