70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
9сынып оқушыларына арналған сынып тәрбие сағаты жоспары
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
МБМЖО «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің»
_________Г.К.Альчораева «№23 орта мектеп»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
директорының у.м.а
«__» _________ 2018жылы ______________И.Ч.Самандаров
«_____» _____________2018жылы
№ 23 орта мектебінің 9 «ә» сыныбында
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» іске асырудағы
2018-2019 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары
Сынып жетекшісі:Айдарбекова А.Б
2018-2019 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Сынып жетекшісі» жұмысының әдістемесі басшылыққа алынды.
Сынып жетекшісінің циклограммасы
Күнделікті атқаратын қызметі:
1. Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс жүргізу және оқушылардың сабаққа келмеу себебін анықтау;
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
3. Оқушылармен жеке жұмыс.
Апта сайын:
1. Оқушылардың күнделіктерін тексеру;
2. Жоспар бойынша сыныппен іс-шаралар өткізу;
3. Ата-аналармен жұмыс;
4. Пән мұғалімдерімен жұмыс;
5. Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы бойынша мектеп дәрігерімен кездесу;
6. Экологиялық патруль жұмысын ұйымдастыру.
Ай сайын:
1. Оқушылардың қозғалысы бойынша есеп беру;
2. Сабақ үлгерімінің қорытындысы бойынша есеп беру;
3. Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу;
4. Ата-аналар жиналысын өткізу;
5. Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру;
6. Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау;
7. Тоқсан бойынша сынып журналын толтыру;
8. Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатысу.
Тоқсан сайын:
1. Өз сыныбында сабақтарға қатысу;
2. Мектеп психологымен кездесу;
3. Ата-аналар комитетімен кездесу;
4. Жұмысты жоспарлауға байланысты мәжіліске қатысу;
5. Сыныптың пән бойынша үлгерімінің диагностикалық картасын толтыру.
Жартыжылдық сайын:
1. Атқарылған жұмыс бойынша есеп беру.
Сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Мектептерде сынып ұжымының жұмысы үшін аптаның бір күнінде және түрлі формада сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағатын ұйымдастыру әдістемесі оның мазмұнын анықтауды болжайды, ол балалардың мақсаттары мен міндеттеріне, жас ерекшеліктеріне, олардың тәжірибесіне байланысты. Сынып жетекшісі білім алушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік түсініктерін, көзқарастарын, қызығушылықтарын, тілектерін, пайымдауларын (сауалнама, әңгіменің көмегімен) зерделегеннен кейін, ұжымдағы тәрбие және қарым-қатынас проблемасын айқындаған соң ғана сынып сағаттарының тақырыптары мен мазмұнын анықтайды.
Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде түрлі тәсілдер қолданылады:
-
әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
-
шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
-
сауалнама және оның нәтижесін талдау;
-
дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
-
өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде);
-
танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау;
– «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс.
Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістердің элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр.
Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата-аналар өнер көрсеткен сынып сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешініңпедагогикалық ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.
Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары
Сынып жетекшісі – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын тікелей және негізгі ұйымдастырушы, сыныптағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін директор тағайындаған ресми тұлға.
Қазіргі кезде сынып жетекшісі институты айтарлықтай өзгерді; сынып жетекшісінің бірнеше түрі бар:
-
пән мұғалімі – бір мезгілде сынып жетекшісі қызметін атқарады;
-
босатылған сынып жетекшісі – тек тәрбие жұмысын атқарады;
-
сынып кураторы (қамқоршы) – қандай да бір жұмысты бақылау тапсырылады;
-
тьютор (қорғаншы, сүйеуші, қамқоршы) – педагогтың бірқатар ұйымдастырушы қызметін оқушылар өз міндетіне алған жағдайда бақылау ұйымдастырады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметтері: тәрбиелеу (баланы әлеуметтік қорғау); ұйымдастыру (сынып және мектептің тіршілік әрекетінің барлық педагогикалық аспектілері бойынша жұмыс, тұлғаны және ұжымды қалыптастыру, оқушыларды зерделеу); үйлестіру (тәрбие процесіне қатысушылар – педагогтер, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында дұрыс қарым-қатынас орнату); басқару (оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау).
2018/2019 оқу жылында 9«ә» сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары
І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие |
|||
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Туған жер тұмса тарих |
Алғашқы сабақ |
01.09.2018ж |
2. |
Мектеп ережелерімен таныстыру,сынып белсенділерін тағайындау |
Сынып сағат |
07.09.2018ж |
3 |
Желтоқсан алауы- Тәуелсіздік бастауы |
АТС |
14.12.2018ж |
4 |
15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күн |
Дөңгелек үстел |
15.02.2018ж |
5 |
Сыбайлас жемкқорлық деген не? |
Пікірталас |
05.04.2019ж |
ІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие |
|||
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Жаңаөзен қаласына 50 жыл |
Баяндама |
14.09.2018ж |
2. |
Рухани жаңғыру |
Пікірталас |
07.12.2018ж |
3. |
Адал өмір сүру - абзал қасиет |
Пікірталас |
22.02.2019ж |
4. |
Қоғамдағы өз орныңды табу-міндет |
Дөңгелек үстел |
16.11.2018ж |
ІІІ. Ұлттық тәрбие |
|||
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте |
Баяндама |
21.09.2018ж |
2. |
Имандылық тәрбие негізі |
Баяндама |
09.11.2018ж |
3. |
Кекшіл болма,көпшіл бол |
Сынып сағаты |
19.04.2019ж |
4. |
Наурыз мерекесі |
Сынып сағаты |
15.03.2019ж |
ІV. Отбасы тәрбиесі |
|||
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Жұмақтың кілті ананың аяғының астында |
Сынып сағаты |
01.03.2019ж |
2. |
Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы |
Дөңгелек үстел |
26.10.2018ж |
3. |
Қамқорлық түрлері |
Сынып сағаты |
30.11.2018ж |
V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
|||
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Табиғат қалай сенің жағдайың ? |
Сынып сағаты |
12.04.2019ж |
2. |
Логикалық ойлау қабілетіңді арттыру жолдары |
Дөңгелек үстел |
12.10.2018ж |
3. |
Рухани жаңғыру |
Баяндама |
25.01.2019ж |
VІ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі |
|||
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Мамандылыққа бейімділікті анықтау |
Сынып сағаты |
23.11.2018ж |
2. |
Көшбасшылық дегеніміз не ? |
Сынып сағаты |
08.02.2019ж |
3. |
1 мамыр достық мейрамының құндылығы |
АТС |
03.05.2019ж |
4. |
Оқушыларлың жылдық қортындысы,ата-аналарды марапаттау |
Сынып сағат |
24.05.2018ж |
5. |
Мамандық тандау үшін- мамандык иелер- мамандык иелерімен кездестіру. |
Кездесу |
19.01.2019 |
VІІ. Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие |
|||
Мақсаты: Тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, еңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Әдептілік-әдемілік |
Сынып сағаты |
28.09.2018ж |
2. |
Ақын болу міндет емес,адам болу міндет |
Сынып сағаты |
18.01.2019ж |
3. |
Сабыр түбі сары алтын |
Сынып сағаты |
17.05.2019ж |
VІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
|||
Мақсаты:Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Фасфуд өнімдерінің зияны |
Пікірталас Слайд |
07.09.2018ж |
2. |
Өмірге керек 1001 кеңес |
Сынып сағаты |
24.05.2019ж |
3. |
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі |
Тәрбие сағаты |
26.04.2019ж |
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысы жоспары
І. Денсаулық |
|||
Мақсаты: Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау ж/е дамыту ж/е түзету. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі |
Тәрбие сағаты |
26.04.2019ж |
ІІ. Қарым-қатынас |
|||
Мақсаты: Бала тұлғасын дамыту, адамдармен, ортамен қарым-қатынаста этикалық тәрбие беру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы. |
Дөңгелек үстел |
21.12.2018ж |
2. |
Ұстаз - мектептің жүрегі |
Реферат |
05.10.2018ж |
ІІІ. Адамгершілік |
|||
Мақсаты: Оқушыны өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерін дамытуға тәрбиелеу. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Адамгершілік – асыл қасиет |
Сынып сағаты |
11.01.2019ж |
ІV. Оқу |
|||
Мақсаты: Оқушының оқу мүмкіндігін, танымдық қызығушылығын қабілеттерін дамыту. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Менің болашақ мамандығым |
пікірталас |
10.05.2019ж |
V. Бос уақыт |
|||
Мақсаты: Оқушының демалысын сапалы ұйымдастыру, өзгенің жетістіктерін бағалауға үйрету. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Жұлдызым менің жоғары |
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру |
28.12.2018ж |
VІ. Отбасы |
|||
Мақсаты: Отбасылардың материалдық және мәдени деңгейлеріне сәйкес ынтымақтастық жұмысын ұйымдастыру. |
|||
Р/с |
Іс-шаралар |
әдісі |
уақыты |
1. |
Отбасы – тәрбие бастауы |
Өз-өзін тану |
01.02.2019ж |

