№ 10 Абайдың Бірінші қарасөзі.docx

Тақырып бойынша 24 материал табылды

№ 10 Абайдың Бірінші қарасөзі.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру. 6.2.2.1. эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абайдың «Бірінші қарасөзі».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.2.2.1. эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: " Тіршілікте құрыштай бол төзімді " өлеңінің жанрын, шығарма мазмұнын түсіну;

Көпшілігі: шығармадағы көтерілген мәселені анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені, әділдік пен шыншылдықты ертегі идеясы арқылы түсіндіру, өз көзқараcын таныту.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қасиеттер аллеясы» әдісі. Мақсаты: топқа бөлу Қорапшадан адамның қасиеттері жазылған қағаздардың біреуін алыңыз; Алған қасиетті көршіңізге тілек айтып, сыйға тартыңыз.

1-топ: Қайрат 2-топ: Жігер 3-топ: Төзім

І. Қызығушылықты ояту.

«Бір минут..»әдісі арқылы сұраймын. Бір оқушы А.Құнанбайұлы туралы, оның шығармашылығы туралы айтады. Бір сөзді қайталағанына, кідіріске немесе жіберген қателігіне байланысты тоқтатып, тізгінді келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. Бұл 1 минут ішінде болады.

(оқушылар жауабы тыңдалады).


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушылар А.Құнанбайұлы туралы, оның шығармашылығы туралы айтады. Бір сөзді қайталағанына, кідіріске немесе жіберген қателігіне байланысты тоқтатып, тізгінді келесі оқушы әрі қарай жалғастырады.








ҚБ

6-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы





Сабақтың ортасы












































ІІ. Мағынаны тану. Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.


Оқушылар Абай Құнанбайұлының «Бірінші қарасөзімен» танысады. https://www.youtube.com/watch?v=8O0rq3UZbVI

Оқушыларға Абайдың «Бірінші сөзін» тыңдату арқылы идеялық мазмұнын жеткізу.

1-тапсырма. Мұғалім «Бірінші сөзден» мәтін бөліктерін таратады. Оқушылар оқып, қарасөз жазудағы ақын мақсатымен танысады, сыныптық талқылау жүргізеді:

а) Қандай мәселе көтерілген?

ә) Абайдың «алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық» деуінің мәні неде?

б) Абай жер ортасы жасқа келіп, қажып, жалығуының, ісінің бекер-баянсыз деуінің себебі?

в) Өзімен-өзі пікірлесе отырып, қандай кәсіптерді өзіне лайықсыз деп табады?

г) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?

Дескриптор:

  • Қарасөзді түсінеді;

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Өз ойын білдіреді.

ҚБ

2-тапсырма. «Сөз сиқыры» әдісі. «Бірінші сөзде» Абай не туралы айтады? Төменде көрсетілген ұғымдарға түсінік беріңдер.

Бірінші қарасөздегі автордың қарасөз жазудағы мақсатын анықта. Кестені толықтыр.

Мақсаты

Себебі

Менің түсінгенім

Ел бағу



Мал бағу



Ғылым бағу



Софылық қылып, дін бағу



Балаларды бағу



Дескриптор:

  • Абайдың «Бірінші қарасөзіндегі» айтылған ойды анықтайды;

  • Берілген сөздерге түсінік береді;

  • Бірінші қарасөздегі автордың қарасөз жазудағы мақсатын анықтайды;

  • Ойын дәлелдейді.

ҚБ

3-тапсырма. Ақынның осы ойға келу себебеі неліктен? Ойыңды кеңейтіп жаз.

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.



Дескриптор:

  • Қарасөздің жазылу мақсатын анықтайды;

  • Шығарма идеясын анықтайды.

  • Ойын еркін жеткізе алады.

  • Тақырыпты қорытындылайды.

ҚБ

Оқушылар Қарасөз туралы теориялық білім алады.




Оқушылар Абай Құнанбайұлының «Бірінші қарасөзімен» танысады.








Оқушылар оқып, қарасөз жазудағы ақын мақсатымен танысады, сыныптық талқылау жүргізеді.







«Сөз сиқыры» әдісі. «Бірінші сөзде» Абай не туралы айтады? Төменде көрсетілген ұғымдарға түсінік беріңдер.














Ақынның осы ойға келу себебеі неліктен? Ойыңды кеңейтіп жаз.













ҚБ





















ҚБ


















ҚБ













ҚБ


https://www.youtube.com/watch?v=8O0rq3UZbVI






6-сынып қазақ әдебиеті


Сабақтың соңы



Рефлексия.

Оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

Менің түйгенім...

Қиындық туғызған тұсы...

Туындаған сұрақ...














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2024
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі