Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

№ 11 Б. Майлин Шұғаның белгісі хикаятындағы кейіпкерлер әлемі.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 9

Бөлім. Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаятындағы кейіпкерлер әлемі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлығы орындай алады:

"Шұғаның белгісі" хикаятындағы кейіпкерлерді анықтау;

Көпшілігі орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін салыстыру.

Кейбір оқушылар орындай алады:

"Шұғаның белгісі" хикаятының идеясына сай кейіпкерлер жүйесін бүгінгі өмірмен байланыстыра талқылау.

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкер портретін жан-жақты аша алады;

  • Тарихи шындықты жеткізудегі автор шеберлігін цитаталар келтіру арқылы жан-жақты аша алады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

  • Қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: атастыру,жазғытұрғы, ертоқым, нәшәндік, тілмаш, песір, болыс, автор стилі, кейіпкерлер жүйесі.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Сөз байласу, Қара құмды жайлау, Қамыстыкөл. оқыған жігіт, көңіл қосу, қалың ойға шомылу, хат жазысу, төсек тарту.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Майлин шығармаларының өмір шындығын суреттеудегі ерекшелегі қандай?

- Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,музыка.

Алдыңғы білім

Б. Майлин шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабаққа зейінін аударту

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Шығармадағы кейіпкерлер қандай деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «Шұға-ақ құба, » деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «Шұға-талдырмаш» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы ойын арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.

«Кейіпкерлер есімдері» арқылы стикермен топқа бөлемін

1-топ: Шұға

2-топ: Әбдірахман

3-топ: Есімбек

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.







Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды.


Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?



Сабақтың ортасы



20 минут




















Мағынаны тану.

Тапсырма. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп,шығарма идеясын талқылайды:

  • Шығарманың идеясы не?

  • Майлин шығармаларының өмір шындығын суреттеудегі ерекшелегі қандай?

  • Әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрып шығармада қалай көрініс тапқан?

  • Адам бақыты – жаны қалаған адаммен өмір сүру деген пікірді қалай түсінесіздер?

  • Қазақ қызының тағдыры, бойжеткен трагедиясы шығармада қалай көрінді?

  • Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?

Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап береді

2.Шығарманың идеясын ашады

3. Өз пікірлерін ортаға салады

4.Дәлелдер келтіреді.

ҚБ

2-тапсырма: Концептуалдық кестені толтыр:

Кестені толтырып, кейіпкерлердің шығарманың идеясын ашудағы орнын белгілеңдер.

Кейіпкер

Автор берген портреттік мінездеме

Кейіпкердің іс-әрекеті

Идеяны ашудағы Кейіпкерге өзіндік баға

Шұға




Әбдірахман




Есімбек




Жолаушы




Дескриптор:

  • Автор берген порттеттік мінездемені жазады;

  • Кейіпкерлер іс-әрекетін ажырата алады;

  • Кейіпкерге өзіндік баға береді

  • Маңыздылығын айқындайды.


Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты»

3-тапсырма: «Салыстырма кестесі» әдісі:

Кейіпкер

Мінездеме



Бойларында

сен ұнатқан

қасиеттер

Бұл қасиеттербүгінгі жастарда бар ма?



Жолаушы


Шұға


Әбдірахман






Дескриптор:

  • Шұғаға тән мінездемені іріктеп жазады;

  • Әбдірахманға тән мінездемені іріктеп жазады;

  • Нақты мысалдар арқылы дәлелдейді;

  • Бүгінгі жастардың әрекетімен салыстыра көрсетеді.

Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Ой толғау. «Кейіпкермен сырласу» әдісі арқылы өздеріңізге ұнаған кейіпкерге өз көқарастарыңызды білдіріп, бүгінгі өмірмен байланыстыра хаттың түрлерін пайдаланып, хат жазыңыздар.

Дескриптор:

1. Ойын нақты әрі қысқа жеткізеді

2. Өз көқарасын білдіреді

3. Бүгінгі өмірмен байланыстырады.

ҚБ


Оқушылар «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.











Кестені толтырып, кейіпкерлердің шығарманың идеясын ашудағы орнын белгілейді.


















Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме жасайды.
















«Кейіпкермен сырласу» әдісі арқылы өздеріңізге ұнаған кейіпкерге өз көқарастарыңызды білдіріп, бүгінгі өмірмен байланыстыра хаттың түрлерін пайдаланып, хат жазыңыздар.







Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?











Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізу:

*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?

*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?









Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.







Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



https://www.youtube.com/watch?v=XxVgLpqfCTE








Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс.

Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...





Үйге тапсырма:

Поэманы тілдік ерекшелігіне қарай талдау.



Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12