400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

№ 13 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы автор бейнесі.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау; 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдықтақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Ғасырлық туынды

Мектеп: Мұғалім:

Сынып: 11

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы автор бейнесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау;

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдықтақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу;

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: «Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да» өлеңінің идеясын анықтау;

Көпшілігі: Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланыстыру.

Кейбір оқушылар: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал. «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл-күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабақ басталады.

Қызығушылықты ояту.

https://www.kazakhfilmstudios.kz/ сайтынан «Құнанбай» фильмінен үзінді көріп, ой түйіндеңдер.

«Миға шабуыл» әдісі

1.Не себепті шығарма эпопея деп аталады?

2. Неліктен эпопея әлемдік шығарма болып саналады? Шетел жазушыларының романға жоғары баға беруінің себебі неде?

3. М.Әуезов осындай күрделі шығарманы қалай жазып шықты?

4. «Абай жолы» романы неге әр шаңырақта болуы керек деп ойлайсың?

5. Не себепті Құнанбай Абайды қиын мәселелерге араластырған? Жазушы жас Абай кездескен, сөйлескен, әке аманатын жеткізген кейіпкерлер арқылы нені көрсеткісі келген?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл-күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабақ басталады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Қалыптастырушы бағалаулар



Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі





11-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы




Сабақтың ортасы

Мағынаны тану. М.Әуезов алғашқылардың бірі болып өз шығармаларына , қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеген ақын мен халықты арқау етті. Халық ақынының жарқын бейнесі арқылы Әуезов тұтас бір халықтың көркем ойын, өзіндік ерекшелігін көрсете білді.

Абайтанудың негізін салушы М.Әуезов қазақ ақыны мен ұлы ойшылының өлмес, толыққанды образын көркем әдебиетте сомдай білді. Жазушы санасында Абай шыңға біткен жалғыз бәйтеректей дараланып, оның даналыққа толы шығармалары қазақ халқының «рухани мәдениетінің синтезіне» айналды. Алайда әр жазушының өзінің жанына жақын тақырыбы болатын болса, М.Әуезов үшін мәңгілік-мәнді тақырып - Абай тақырыбы. Хакім Абай жазушы шығармашылығының өмірлік мән-мағынасына айналды.

1-тапсырма. Шығармадағы автор бейнесін анықтау. «Балық қаңқасы» тәсілі арқылы берілген тақырыпың қалағанын таңдап, шығарма мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.

Автор – оптимист.

Автор – реалист.

Автор – патриот (елжанды).

Дескриптор:

  • Тақырыпты ашатын дәлелдемелер келтіреді;

  • Себебін анықтайды;

  • Қорытынды шығарады.

ҚБ

2-тапсырма.

Тапсырма. Берілген кестені толтырып, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасаңдар.

Кейіпкер мінезі, жеке қасиеттері

Автордың көзқарасы

М.Әуезов: «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім», – депті. Не себепті деп ойлайсың?

Автор қандай адам? Шығарманы жазудағы автор бейнесі





Дәлел

Дәлел

Дәлел

Дәлел





Дескриптор:

  • Кейіпкердің мінезін, жеке қасиеттерін талдайды;

  • Автор көзқарасын анықтайды;

  • Берілген сұраққа дәлелді жауап береді;

  • Шығарманы жазудағы автор бейнесіне баға береді.

ҚБ

3-тапсырма. Кестені толтырыңдар. Тақырып бойынша ойларыңды қорытындылаңдар.

Дескриптор:

  • Роман-эпопея арқылы Абайдың әлемге танылғанына 3 дәлел келтіреді;

  • 3 дәлелге 3 факті келтіреді;

  • Абай бейнесіне баға береді;

  • Шығарманы жазудағы автор бейнесіне баға береді.

ҚБ

.«Балық қаңқасы» тәсілі арқылы берілген тақырыпың қалағанын таңдап, шығарма мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.























Берілген кестені толтырып, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

Роман-эпопея арқылы Абайдың әлемге танылғанына 3 дәлел келтіреді;

3 дәлелге 3 факті келтіреді;

Абай бейнесіне баға береді;

Шығарманы жазудағы автор бейнесіне баға береді.













Бағалау. «Дауыс беру» әдісі.



















ҚБ







Бағалау. «Дауыс беру» әдісі.



11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы












М. Әуезов

«Абай жолы» роман-эпопеясы










Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасыл түспен бояңыз. Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз. Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызыл түспен бояңыз.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі