Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

№ 13 Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі автор бейнесі..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
5.3.4.1.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі автор бейнесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.4.1.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарма мазмұнын талдау арқылы әсерін жазба жұмысы арқылы білдіру;

Көпшілігі: Шығармадан алған әсерімен бөлісу, көзқарасын білдіру, түйінді идеяларды жазу. Шығармада көтерілген мәселені анықтау;

Кейбір оқушылар: Шығармадағы негізгі идеялардан туындаған әсерін талдау, сыни хабарлама жазу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Жеке жұмыс. «Еркін микрофон» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.


Қызығушылықты ояту.


Ы стық орындық » әдісі. Жеке жұмыс.

Сұрақ-жауап.

О қушыларға тірек сөздер беремін:

қызғаншақ, өзімшіл,өркөкірек, ақылды,

салақ, озат, әдепті, өтірікші, ұқыпты, ойы терең,

жағымпаз, сабырлы, сараң, адал, ұры, жалқау, тәртіпті.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы басты кейіпкердің бойындағы қасиеттерді сұрыптайды.

Дескриптор:

  • Берілген тірек сөздер негізінде негізгі кейіпкердің бойындағы қасиеттерді сұрыптай алады;

  • Оқушы өз сөзімен жеткізіп айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқушылар «Ыстық орындық» әдісі арқылы басты кейіпкердің бойындағы қасиеттерді сұрыптайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Қалыптастырушы бағалау












«Жұлдызша»




5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы



Сабақтың ортасы






















Мағынаны тану. «Еркін жазу» әдісі. Жеке жұмыс.

Тапсырма. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа»

хикаятының басты кейіпкері сотқарлау, бірақ жаны таза Қожа бейнесі саған қалай әсер етті... өз ойыңды төмендегі қажетті сөздерді қолдана отырып сыни хабарлама жаз.

Қажетті сөздер:әңгіме авторы, ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала, шынайы адам, шыншыл жазушы, Бердібек Соқпақпаев, ..әкесіз өскен, кемшілігін түсіну, қорытынды шығару,есеп беру, дұрыс емес, есер емес, есті тентек, өтіріктің арты – бір тұтам, Қожа мен оның ар-ұятының айтысы.

Қожаның қанатты сөздері:

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Оқулығы сай бала – көңілі жай бала.

Сыни хабарлама жазу - бұл ой қозғай отырып, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасап, шешім қабылдау.

Дәйектеме.Кіріспе бөлімде автор шығармасынан алған әсерін дұрыс жеткізеді,негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден нақты дәлелдер келтіреді,қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, өз әсерін кейіпкер әрекетімен байланыстырып, сыни хабарлама жазады.

Дескриптор:

  • Кіріспе бөлімде басты кейіпкер Қожа бейнесіне тоқталады(20-25 сөз)

  • Негізгі бөлімде Қожа әрекеті неге ойландыруға жетелейді?(60-70 сөз) Талдау жасайды, әсерін кейіпкер әрекетімен байланыстырады, дәлелдейді.

  • Қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды(20-25 сөз).

ҚБ. Бағалау. «Жұлдызша»


Тапсырма. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі

Ақ қалпақ «Қожа жақсы,өте жақсы бала»

Қара қалпақ «Қожа –жаман бала»

Сары қалпақ «Қожа -болашағынан үміт күттіретін бала»

Қызыл қалпақ «Қожа- өте сезімтал бала»

Жасыл қалпақ «Қожа -тапқыр бала»

Көк қалпақ «Қожа –өз-өзін тәрбиелей алатын бала»

Дескриптор:

  • -түсіндіре отырып жауап береді

  • -тапсырманы дәлел келтіре отырып орындайды.

  • бір- бірін бағалайды,салыстырады.

ҚБ

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа»

хикаятының басты кейіпкері сотқарлау, бірақ жаны таза Қожа бейнесі саған қалай әсер етті... өз ойыңды төмендегі қажетті сөздерді қолдана отырып сыни хабарлама жаз.






Автор шығармасынан алған әсерін дұрыс жеткізеді, сыни хабарлама жазады.













«Ақылдың алты қалпағы»әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.




















«Жұлдызша»



Смайликтер

















ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап

5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы


Оқулықпен жұмыс



А3 парағы,оқулық, маркер



стикер

Сабақтың соңы



Кері байланыс

Оқушылар «Аяқталмаған сөйлемдер» тәсілі арқылы сабаққа рефлексия жасайды.



Үй жұмысы

«Бақытты балалық щақ»тақырыбына эссе жазып келу.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12