400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 13 Шұғаның белгісі хикаятының тақырыбы мен идеясы.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Адам жанының құпиясы

Мектеп: Пән: Қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

"Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

"Шұғаның белгісі" шығармасындағы идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасау.

Бағалау критерийі

  • Шығарма желісі бойынша идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау

Тілдік мақсаттар

әйел теңсіздігі, көңіл бөлу, шоқтығы биік туынды, суреткер, бейтарап қарамау, аяушылық сезімін білдіру, биікке көтеру, төрінен ойып тұрып орын алу, зерлі сөздің зергері, т.б.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Алдыңғы тақырып

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

10 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ой шақыру

Бейімбет туралы айтылған Ілияс Жансүгіровтің сөзін талқылаудан бастайды және «6 Неліктен?» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап береді. Алдыңғы сабақтармен байланыс орнатылады.

  • ««Шұғаның белгісі» – театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді».

І. Жансүгіров

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 
1. Неліктен Бейімбет әйел теңсіздігі мәселесіне көңіл бөлген? 
2. Неліктен «Шұғаның белгісі» хикаятын қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі дейміз?

3. Неліктен Бейімбет Майлинді – "қазақ әңгіме жанрының атасы" дейді?

4. Неліктен суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды?

5. Неліктен автор басты кейіпкерге аяушылық сезімін білдіреді?

6. Неліктен Бейімбет өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді?

6. Неліктен Бейімбетті «тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері» деп бағалайды?


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.


Бейімбет туралы айтылған Ілияс Жансүгіровтің сөзін талқылаудан бастайды және

«6 Неліктен?» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап береді. Алдыңғы сабақтармен байланыс орнатылады.




Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.









ҚБ







https://prezi.com/3ryl_bdh1mqk/presentation/

Бейімбет туралы ойлар












5 минут




















10 минут
















5 минут















5 минут










ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.

Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.

Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім мазмұндарының тұтастығы.

Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистік-стилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.

Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.


1-тапсырма. Оқушылар берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауларын ұсынады.

  • «Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қолжазба журналда («Садақ») жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр».

Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіреді.

Әңгіменің негізгі ойы:

______________ _________________


Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз:

__________ ____________ __________ ___________


Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз:

_______ _________ _________ ________ ___________________

Дескриптор:

  • Әңгіменің негізгі ойын;

  • Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз табады;

  • Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз келтіреді.

ҚБ

2-тапсырма. Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.

  • 1.Қос жолаушы

  • 2.Сұлу қыз – Шұға

  • 3.Кездесу

  • 4.Учитель Әбдірахман

  • 5.Ғашық жүректер

  • 6.Хат.

  • 7.Жабылған жала

  • 8.Қоштасу

  • 9.Айықпас дерт

  • 10.Соңғы хат

  • 11.Белгі

Дескриптор:

  • әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді;

  • берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.

ҚБ

3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша проблемалық 2 сұрақтан құрастырады. Басқа оқушылар жауап береді.

Мысалы:

  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?

Дескриптор:

  • шығарма желісі бойынша дәлел келтіре отырып, талдауларын ұсынады;

  • талдау негізінде әңгімеден дәлел келтіреді.

  • автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды;

  • проблемалық сұрақтар құрастырады.

Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалайды.


4-тапсырма. Оқушылар автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

«Т кестесі» әдісі қолданылады.

Т кестесі

Шығармадағы автор бейнесі


Автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісі










Дескриптор:

  • шығармадағы автор бейнесін табады;

  • автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалайды. Ойтолғаныс кезеңі

Әңгімеге қатысты мақалмен, қанатты сөздермен тұжырымдайды, қорытынды жасайды.

Оқушылар алғаш теориялық тақырыпты меңгереді.







Оқушылар берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауларын ұсынады.


Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіреді.









Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.








Шығарма желісі бойынша проблемалық

2 сұрақтан құрастырады. Басқа оқушылар жауап береді.







Оқушылар автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.









Оқушылар әңгімеге қатысты мақалмен, қанатты сөздермен тұжырымдайды, қорытынды жасайды.




























ҚБ























ҚБ






















Әдебиет теориясы













8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


























5 минут

Кері байланыс. «Плюс, Минус, Қызықты»

  • «Плюс» – оң әсер еткен фактілер мен алған білімдерің жайлы жаз.

  • «Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларыңды жаз.

  • «Қызықты» деген бағанға өзіңе қызықты болған жайтты немесе көбірек білгің келетін нәрсені жаз.


Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі