400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 14 «Абай жолы» романының қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі рөлі.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау; 11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар







Бөлім: Ғасырлық туынды

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

«Абай жолы» романының қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі рөлі.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;

11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы ғаламдық тақырыптарды анықтау, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті шығармаларымен салыстыру;

Көпшілігі: көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыру, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағымды анықтау;

Кейбір оқушылар: шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау, көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.


Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға «ғаламдық мәселелер» және «тарихи және көркемдік құндылық» сөздерінің ережесі жазылған таратпа қағаздары беріледі. Олар сыныптың екі бұрышында ілініп тұрған тірек сөздердің қолындығы ережеге сай, дұрысын тауып, тірек сөздің тұсына барып тұруы тиіс. Сөздердің мағынасын ашады. Осылай бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады.

Қызығушылықты ояту. «Құнды ой» стратегиясы бойынша

романнан ғаламдық мәселелерді анықтайды.

Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушыларға «ғаламдық мәселелер» және «тарихи және көркемдік құндылық» сөздерінің ережесі жазылған таратпа қағаздары беріледі. Олар сыныптың екі бұрышында ілініп тұрған тірек сөздердің қолындығы ережеге сай, дұрысын тауып, тірек сөздің тұсына барып тұруы тиіс. Сөздердің мағынасын ашады. Осылай бүгінгі сабақтың мақсаты анықталады.






Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!





11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Сабақтың ортасы




















































































































Мағынаны тану. Қазақ романының ауыз әдебиеті мен оның шебер қолданылуын француз жазушысы Арман Гати былай жеткізеді: «Әуезов шығармалары сияқты кітапты оқып отырғанда, шын мәніндегі нағыз романистің шеберлігі өзіңе жат елдің әдет-ғұрып, салт-санасынан аттап өтіп, оның терминологиясына терең бойлап, бірнеше жүзжылдықты артқа салып, өзіңді нағызкөшпенді қазақ сияқты сезініп, кейіпкерлермен бірге дарқан далада көсіле шауып, бірде өмірден түңілсең, бірде үміт сәулесі жарқ еткендей сезімде боласың».

Абайды тани отырып, Әуезов халық жүрегіне бойлап,халықтың тума талантын, адамгершілігі мен әдемілікке ғашық жанының нәзік иірімдерін , ән-жырының сырын ұғынады.

Жазушы-ғалымның шығармаларының жетпістен астам тілдерде жарық көріп, әлемдік арнадан орын алуы Әуезов әлемінің көркемдігін еселей түседі. Дүниежүзілік әдебиеттен ойып орын алатын Толстой, Шекспир, Тагор, Назым Хикмет тәрізді дарынды тұлғалармен қатар қазақтың біртуары М.Әуезовтің де рухани мұраларын әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтар аясынан, көреміз. Бұл – біздің қазақ халқы үшін қазыналы қуаныш әрі үлкен мәртебе. М.Әуезов әлем әдебиетінің бір кірпіші болып қаланған мұралары арқылы дүниежүзілік әдебиетті молықтыра түсті.

Әуезовті жалпыадамзаттық арнада, әлем әдебиетімен сабақтастырар болсақ, ғұлама ғалымның Шығыс пен батыстың мәдениетін, әдебиетін жетік білгендігін көреміз. Оның үстіне, шет ел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, мағыналы мазмұнын жеткізе білді.

Әуезовті алғаш шет ел әдебиетімен табыстырған Абай болды. Жастайынан Абай үлгісімен сусындаған ол,деңгейдегі Шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Низами және т.б. шайырлардың туындыларын танып-біліп, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өмірі туралы деректерге қанығып, араб әдебиетінің асыл мұралары «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты көркем шығармалармен нәрленген. Абай дүниетанымы мен болмысын зерделеуде оның өлеңдеріндегі Шығыстың, соның ішінде араб әдеби үлгілерін көп кездестіріп, соған талдаужасаған.

1-тапсырма. «Абай жолы» романы мен қазақ әдебиетіндегі ортақ тақырыпта жазылған шығарманы мысалға алып, ортақ бағыт пен жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтаңыз.

Дескриптор:

  • шығармалардың сюжеттерін салыстырады;

  • шығармалардың идеясын салыстырады;

  • құндылықтардың ортақтығын көрсетіп, баға береді.

ҚБ

2-тапсырма. 1-топ. Оқушылар шығармадағы отбасы құндылығын анықтайды. Үш тірек сөзді бір-бірімен байланыстырып, Абай бейнесін ашады.

Дескриптор:

  • отбасы құндылығын әже тәрбиесімен байланыстырады;

  • отбасы құндылығын әке тәрбиесімен байланыстырады;

  • отбасы құндылығын ана тәрбиесімен байланыстырады;

  • Ойларын дәлелдейді.

ҚБ

2-топ. Шығармадағы «Атастыру» дәстүрін талдайды.

Дескриптор:

  • Шығармадағы «Атастыру» дәстүрін талдайды;

  • Ойларын дәлелдейді.

ҚБ

3-топ. Шығармадағы «Ас беру» дәстүрін талдайды.

Дескриптор:

  • Шығармадағы «Ас беру» дәстүрін талдайды;

  • Ойларын дәлелдейді.

ҚБ

Бекіту.

Оқушылар «Абай жолы» романының жалпыадамзаттық құндылығы туралы мәлімет алады.

























«Абай жолы» романы мен қазақ әдебиетіндегі ортақ тақырыпта жазылған шығарманы мысалға алып, ортақ бағыт пен жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтаңыз.









Оқушылар шығармадағы отбасы құндылығын анықтайды. Үш тірек сөзді бір-бірімен байланыстырып, Абай бейнесін ашады.







Шығармадағы «Атастыру» дәстүрін талдайды.











Шығармадағы «Ас беру» дәстүрін талдайды.









Тақырып бойынша ойын қорытындылайды.








Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!



























Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!















Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!





Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!







Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!




11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы












































Сабақтың соңы


Кері байланыс: «Ең...ең...ең...»

  1. Ең қызықты тапсырма –

  2. Ең жеңіл тапсырма –

  3. Ең күрделі тапсырма –











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі