400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

№ 19 «Абай жолы» роман- эпопеясындағы көркемдегіш құралдар.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
11.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Ғасырлық туынды Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Абай жолы» роман- эпопеясындағы автор стилі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: әдеби шығарма тіліне талдау жасау;

Көпшілігі: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Кейбір оқушылар: шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Бағалау критерийі

  • шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды;

  • шығарма тіліне талдау арқылы автор стилін анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал. Миға шабуыл

2.Қызығушылығын ояту. «Хронология» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады.

«Зерттеушілер» тобы М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы автордың өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады. (Қабілеті жоғары оқушыны зерттеуші, қабілеті орта оқушы оқырман болуға бағыттаңыз).Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. «Зерттеушілер» тобы М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы автордың өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды.











ҚБ


11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы

3. Мағынаны тану. 1-тапсырма

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

  1. Мұхтар Әуезов шығармаларына тән стильдік ерекшелік қандай?

  2. Мұхтар – қазақ елін әлемге таныта білген жазушы.

Жоба құрылымы:

  • Кіріспе

  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

  • Зерттеу жұмысының әдістері

  • Зерттеу жұмысының болжамы

  • Зерттеу жұмысының құрылымы

  • Зерттеу бөлімі

  • Қорытынды

Оқушылар керек мәліметтерді https://adebiportal.kz/kz/news/view/22302 сайтынан ала алады.

Shape1

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.













Дескриптор:

  • Мұхтар Әуезов шығармаларына тән стильдік ерекшелікті анықтайды;

  • Шағын зерттеу жұмысының тезисін жазады;

ҚБ

2-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі

Жоба тезисін қорғайды.

Топ спикері:

  • өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды, ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады:

1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен тілдік ерекшелігіне өзіндік пікірін білдіреді.

2. Дәлел: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал: Өз ойын шығармадағы автор қолданған көркемдегіш құралдармен, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды: Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

Дескриптор:

  • Зерттеу жұмысының өзектілігі мен тілдік ерекшелігіне өзіндік пікірін білдіреді;

  • Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді;

  • Өз ойын шығармадағы автор қолданған көркемдегіш құралдармен, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

  • Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

ҚБ

3.Ой толғаныс. 3-тапсырма

«Ой тұжырым» стратегиясы

Автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігі туралы сіздің пікіріңіз қандай?


Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал

Пікір

психологиялық параллелизм



теңеу



метафора



ирония



Дескриптор:

  • Көркемдегіш құралдарға шығармадан мысалдар келтіріп, дәлелдейді;

  • Автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігі туралы пікірін білдіреді.

ҚБ

Оқушылар «Шығармашылық ізденіс» әдісімен

М. Әуезов шығармаларына тән стильдік ерекшелікті анықтайды; Шағын зерттеу жұмысының тезисін жазады.


Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.


















Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды, ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады.






















Оқушылар сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.





























ҚБ






































ҚБ













ҚБ


11-сынып Әдебиет хрестоматиясы











https://adebiportal.kz/kz/news/view/22302



М. Әуезов «Абай жолы» романы 1,2-кітап

Сабақтың соңы


Кері байланыс: Оқушылар «Пайдалы үш нәрсе» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалап, тексереді.

  1. Бүгінгі сабақта сен қандай пайдалы үш нәрсе жасадың?

  2. Сен келесі сабақты қалай өзгертер едің?

  3. Оны қалай өзгертесің?

стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі