№ 1 БЖБ 5-сынып қазақ әдебиеті 4-тоқсан Жауабымен

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№ 1 БЖБ 5-сынып қазақ әдебиеті 4-тоқсан Жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 1 БЖБ 5-сынып қазақ әдебиеті 4-тоқсан Жауабымен 1-тапсырма. Берілген суреттердегі әңгімеге сай келетін шығарма атын, шығарма тақырыбын және шығарма үзіндісін сәйкестендіріңіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып қазақ әдебиеті пәні БЖБ

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма: Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі, Н Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі,

Оқу мақсаты:

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Бағалау критерийі

        • Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;

        • шығармалардағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды;

        • Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды;

        • жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.

Ойлау дағдыларының түсіну, талдау

деңгейі:

Орындау уақыты: 15-20 минут

1-тапсырма. Берілген суреттердегі әңгімеге сай келетін шығарма атын, шығарма тақырыбын және шығарма үзіндісін сәйкестендіріңіз.


Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»


Әже қасиеті

Өзі – мейірімді де, ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрыса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрысады. Өзінің үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен қарағым, айналайын» деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария


Сағыныш

Мамамды тауып алсақ… әр жағында папамды, іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғо Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп…

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»

2-тапсырма. Мәтіннен кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз.

Шығарма аты

Кейіпкер

Кейіпкердің ең маңызды 2 әрекеті

Кейіпкер образына қатысты көзқарасым

«Анасын сағынған бала» әңгімесі


1.

2.


«Нағыз әже қайда?» әңгімесі


1.

2.




3-тапсырма.

А) берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл күйі білінеді? (қобалжу мен қуану, баланың сағынышы, ішкі сырын ақтаруы, бар ықыласымен қызмет етуі және жақсы көруі).

Ә) үзінді қай шығармадан алынған? Кестені толтыр.

Әңгімеден үзінді.

Кейіпкер көңіл күйі

Шығарманың аты

1.Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің...



2.Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұсынады.



3.Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. "Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр", - деп шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...



4.... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.







Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор Білім алушы

Балл

Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды

1

Берілген суреттердегі әңгімеге сай келетін шығарма атын сәйкестендіреді.


1

шығарма тақырыбы мен шығарма үзіндісін сәйкестендіреді.

1

1

Шығармалардағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды;


Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.

2

3


1-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;

1

2-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;

1

Әр шығармадағы кейіпкердің ең маңызды әрекетін анықтайды:

1-әрекет;

2-әрекет;



1

1

берілген үзінділердегі кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;

1

1

үзінді қай шығармадан алынғанын анықтайды.

1

1



Барлығы

11





Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. Берілген суреттердегі әңгімеге сай келетін шығарма атын, шығарма тақырыбын және шығарма үзіндісін сәйкестендіріңіз.

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1


Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»


Әже қасиеті

Өзі – мейірімді де, ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрыса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрысады. Өзінің үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен қарағым, айналайын» деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария


Сағыныш

Shape6

Мамамды тауып алсақ… әр жағында папамды, іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғо Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп…

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»


2-тапсырма. Мәтіннен кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз.

Шығарма аты

Кейіпкер

Кейіпкердің ең маңызды 2 әрекеті

Кейіпкер образына қатысты көзқарасым

«Анасын сағынған бала» әңгімесі

Сержан


1. ән салады

2. анасын барғысы келеді.

Сержан төрт жастағы бала, өз бетімен ойнағанды жақсы көреді.

Шығармада анасын

аңсаған кішкентай Сержанның сағынышы суреттелген. Сержан анасын бір көру үшін өмір

сүретіндей. Осылайша жазушы қоғамда орын алған

ата-ана жауапкершілігін сөз етеді.

«Нағыз әже қайда?» әңгімесі

1.Ая мен Райхан, 2. Қонақ әже

1. Нағыз әже бейнесін көргісі келді

2. Қыр адамына тән қазақи мінез танытпайды, заманауи киінген, ертегі білмейді.

Шығарма «Әже» атауының мәніне терең үңіліп,

әженің қасиетті жан екенін сезіндіруге, ардақтауға

бағыттайды, бірақ шығармадағы Ая мен Райханға кезіккен әже әкесі сипаттаған әже сияқты көрінбейді.



3-тапсырма.

А) берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл күйі білінеді? (қобалжу мен қуану, баланың сағынышы, ішкі сырын ақтаруы, бар ықыласымен қызмет етуі және жақсы көруі).

Ә) үзінді қай шығармадан алынған? Кестені толтыр.

Әңгімеден үзінді.

Кейіпкер көңіл күйі

Шығарманың аты

1.Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің...

Қуанышты

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»

2.Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұсынады.

Қуанышты

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»

3.Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. "Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр", - деп шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...

Көңіл күйі жақсы, жауапкершілікті сезінеді.

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»

4.... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.

Сағыныш, өткенді еске алу

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2024
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі