400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 22 Ұ. Есдәулетов «Біз -түркілерміз» өлеңі және ұлттық мүдде..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

Көптеген оқушылар: Ұлттық құндылық көрінісіне шығармадан дәлел келтіреді;

Кейбір оқушылар: Әлемдік тақырыппен үндестігіне талдау жасайды.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал.

ІІ. Қызығушылықты ояту. «Мендік пікір» арқылы Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінен алған әсерін жеткізу

  • Мені қинағаны…

  • Мені түңілдіргені…

  • Мені жұбатқаны…

  • Мені өкіндіргені…

  • Мені үрейлендіргені…

  • Мені сүйсіндіргені…

  • Мені қуантқаны…

  • Мені қайраттандырғаны…

  • Менің тілегім…

  • Мені қызықтырғаны…

  • Біздің түйгеніміз:

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Оқушылар «Мендік пікір» арқылы Ұ.Есдәулетовтың «Біз түркілерміз» өлеңінен алған әсерін жеткізеді.










10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы






Сабақтың

ортасы




























































ІІІ. Мағынаны тану. Әр топқа өлең үзіндісі беріледі. Өлең жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды.

1-тапсырма.

Өлең мазмұнын талдау үшін топтарға бірігіп, рөлдерін бөліп алады:

1-оқушы: таныстырушы- өлеңнің идеясы мен тақырыбын таныстырады.

2-оқушы: байланыстырушы – өлең идеясын өмірмен байланыстырады.

3-оқушы:салыстырушы: өлеңді басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады.

4-оқушы: суретші – өлең мазмұны бойынша сурет салады.

Бір рөл алған әр топтың мүшесі жаңа топ құрап, ой тізбегін құрастырады. Мазмұндық құрылым сақталуы тиіс.

Дескриптор:

  • өлеңнің идеясы мен тақырыбын анықтайды;

  • өлең идеясын өмірмен байланыстырады;

  • өлеңді басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады;

  • өлең мазмұны бойынша сурет салады.

ҚБ

2-тапсырма.

Көтерілген мәселе

Ұлттық құндылық

Дәлел

(өлең жолы)




Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс.

1-топ.

Біз - түркілерміз

Біз - түркілерміз...

Біз - түркілерміз!

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

2-топ.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

3-топ.

Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,

Айға қарап ұлыған көк бөрімін.

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

4-топ.

Атқа мінсем кетемін айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!

5-топ.

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

6-топ.

Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,

Көк аспандай әлі де күркірерміз.

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

Біз - түркілерміз!

Біз - түркілерміз!!

Біз - түркілерміз!!!

Дескриптор:

  • Өлеңдегі көтерілген мәселені анықтайды

  • Өлеңдегі ұлттық құндылықты анықтайды;

  • Шығармадан дәлел келтіреді.

ҚБ

Әр топқа өлең үзіндісі беріледі. Өлең жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды.




















Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс.











Өлеңдегі көтерілген мәселені анықтайды

Өлеңдегі ұлттық құндылықты анықтайды;

Шығармадан дәлел келтіреді.














































ҚБ


http://infoportal.kz/ru/content/biz-turkilermiz







А4 форматты қағаздар.























Өлең жолдары жазылған қағаздар.




Сабақтың

соңы



Кері

  • 1.Бүгін мен өзіме қандай 3 жаңалық аштым?

  • 2.Менің үйренген 2 нәрсем...

  • 3.Жүзеге асыратын 1 - қадамым












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі