|
Сабақтың
басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа
аудару.
ІІ. Қызығушылықты
ояту.
Сіз «Астана» концерт залында
отырғаныңызды елестетіңіз. Сахнаға бір жас жігіт шығып, Ұлықбек
Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін оқыды. Концерт залының
атмосферасынан, өлең оқыған жігіттің мәнерінен алған сезіміңізді
жеткізіңіз(оқушылар өз сезімдерін
жеткізеді).
Сабақтың тақырыбы, оқу
мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері
таныстырылады.
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын анықтайды.
|
Оқушылар назары сабаққа
аударылады.
Оқушылар өз сезімдерін
жеткізеді.
|
Қалыптастырушы
бағалау
«Шапалақ»
әдісі

«Бір
шапалақ» - төмен
жауап;
«Екі
шапалақ» - жақсы
жауап;
«Үш
шапалақ» - тамаша
жауап.
|
10-сынып
Қазақ
әдебиеті
|
|
Сабақтың
ортасы
|
ІІІ. Мағынаны тану.
1-тапсырма.
Оқушылар Abai.kz ақпараттық
порталынан Рамазан Құрманбаевтың «Итке итаяғы, бөріге бостандығы
қымбат» тақырыбындағы мақаласынан
үзінді оқиды.
|
Ерте заманнан жеткен
аңызда: «Көрші елдермен болған алапат соғыста жаулары түркілерді
тегіс қырып салады да, жараланған бір баланы қасқырдың
ұрғашысы асырап алып, бала аман қалады». Сөйтіп түз тағысы
ұлттың сақталып, ұрпақтың жалғасуына себепші болған екен. Сондықтан
түркі тектес халықтар өздерін Көк Бөріден тарағанбыз деп, қасқырды
кие тұтып, қасиетті аң
санайды.
Нағыз көкжал қасқыр қауіп
төнгенде ұяластарын құтқару үшін: «Құтылу маған серт, құтқармау
саған серт» деп қуғыншылармен іштей серттесіп, аңшыларға көріне
жортады екен, сабаз. Басқа аңдардың бәрі тамақ берген адамның
дегеніне көніп, құлқынның құлына айналады. Тек қасқырлар ғана қолға
үйренбейді. «Итке итаяғы бөріге бостандығы қымбат» деген содан
қалған. Әртүрлі аңыздар -өрлігіне ерлігі сай келіп, күштіге бас
имейтін, төзім мен ептілігі қатар жүретін, әділетсіздікке
төзбейтін, ешкімге кегін жібермейтін қасқырдың қасиеттері ұрпағына
жұғысты болса екен деп тілеген бабаларымыздың арман-қиялынан
туса керек.
|
Ұлықбек Есдәулеттің «Біз
түркілерміз» өлеңінің алғашқы шумағы туралы түсініктерін айтады,
оқылған мақаламен байланыстырып пікір білдіреді. Қазақтың мінезді,
сертіне берік, ержүрек жігіттері туралы
әңгімелеседі.
Біз -
түркілерміз...
Көк аспандай жарқылдап,
күркірерміз,
Көк аспанның бұлтындай
сілкінерміз,
Көк бөріден туғанымыз рас
болса,
Көк тәңірден қуат ап, бір
түлерміз.
Дескриптор:
ҚБ
2-тапсырма. «Мағынасы
қандай?» әдісі
Оқушылар «Біз түркілерміз»
өлеңін іріктеп оқып, астарлы ойды ашады.
1.Мәтінен оқырманға әсер
ететін сөздерді анықтаңыз.
2. Өзгеше қолданылған сөздерді
анықтаңыз.
3. Тақырыпқа не идеяға қатысты
сөздерді анықтаңыз.
4. Авторды толғандыратын
мәселелер қай шумақта беріледі?
Сіз анықтаған сөздер мен
шумақтардағы ойлардың астарлы мағынасын
ашыңыз.
Дескриптор:
-
Мәтінен оқырманға әсер ететін
сөздерді анықтайды;
-
Өзгеше қолданылған сөздерді
анықтайды;
-
Тақырыпқа не идеяға қатысты
сөздерді анықтайды;
-
Авторды толғандыратын
мәселелерді анықтайды;
-
Анықтаған сөздер мен
шумақтардағы ойлардың астарлы мағынасын
ашады.
ҚБ
Бекіту.
«Көк Тәңiрден көңiлге
нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де
күркiрермiз» деген өлең жолдары бойынша
түйін жаса.
|
Оқушылар Abai.kz ақпараттық
порталынан Рамазан Құрманбаевтың «Итке итаяғы, бөріге бостандығы
қымбат» тақырыбындағы мақаласынан үзінді
оқиды.
Ұлықбек Есдәулеттің «Біз
түркілерміз» өлеңінің алғашқы шумағы туралы түсініктерін айтады,
оқылған мақаламен байланыстырып пікір білдіреді. Қазақтың мінезді,
сертіне берік, ержүрек жігіттері туралы
әңгімелеседі.
Оқушылар «Біз түркілерміз»
өлеңін іріктеп оқып, астарлы ойды ашады.
Оқушылар
өлең
жолдары бойынша түйін жасайды.
|
Қалыптастырушы
бағалау
- төмен жауап;
- жақсы жауап;
- тамаша жауап!
Қалыптастырушы
бағалау
- төмен
жауап;
- жақсы
жауап;
- тамаша
жауап!
|
https://abai.kz/public/post/80361
|