жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№ 26 "Балапан" Балабақшасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қарға арналған күрек
Мақсаты: Балаларға еңбек құралдарының бірі күрекпен таныстыру. Мүсіндеудің
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып сазбалшықты алақанға салып айналдыра
отырып домалақтау және алдыға, артқа есуді үйрету.
Міндеті: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл:түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Көрнекілік: үлгі
|
Іс әрекет |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Баланың іс әрекеті |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
Мотивация
Сергіту сәті Рефлексия |
Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты Алтын сауле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды бақшамыз Қайырлы таң достарым! -Балалар қалай ойлайсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшелігі неде, сендер қайдан білдіңдер қыс мезгілі екенін? -Балалар сендер балабақшаға келе жатырған-дарыңда байқадыңдарма, қарқалың жауған? Тосын сый: Есік қағылып, топқа аула тазалаушы апай келеді. - Балалармен амандасады. Аула тазалаушы: -Балалармен аула тазалаушы апаймын, балабақша ауласын қалың жауған қардан тазартып келемін. -Маған күрек қажет болып тұр. Сендер маған күрек жасап беріңдерші? -Қане, апай сіз төрлетіңіз. -Балалар менің қолымдағы не? -Күрек еңбек құралдарының бірі болып саналады. Ал сендер тағыда қандай еңбек құралдарын білесіңдер? Ойын: «Кімнің құралы» Шарты: Балалар құралдарды қай мамандық пайдаланатынын айтып өтеді.Тауып береді. М:дәргердің құралы. -Жарайсыңдар балалар! -Балалар бұл күректі көптеген ұлттар да пайдаланадыекен. Мысалы орыс халқы күректі лопата деп атайды. Қане бірге айтайық күрек –лопата. -Балалар күрек екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі күректің басы жалпақ болып келеді пластмссадан жасалынған. Ал екінші бөлігі сабы. Сабы –дегеніміз ұстайтын жері яғни бұл жері ағаштан жасалынған ұзын болып келеді. -Балалар қараңдаршы күректің басының түсі қандай? -Ал қандай пішінге ұқсайды? -Жарайсыңдар өте жақсы! -Енді балалар менде мынадай сазбалшықтан жасалынған күректің үлгісі бар екен. Күректің сабы ұзын, басы жалпақ болып келген. Осы үлгіге қарай отырып мүсіндейміз. Алдарыңда екі бөлікке бөлінген сазбалшық тұр. Соның үлкен бөлігінен күректің сабын жасаймыз. Сазбалшықты алақанға салып айналдыра отырып домалақтап сонан соң алдыға артқа,артқа қарай есеміз. Сонда ұзын таяқша секілді болады. Ал екінші сазбалшықты алақанға салып айналдыра отырып домалақ-таймыз. Сосын бас бармақпен басып жалпақ етеміз. Енді осы басы мен сабын біріктіреміз. Енді жан-жағын тегістеп, әдемілейік. -Балалар шаршаған боларсыңдар қане, саусаққа арналған сергіту жаттығуларын жасайық. Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. -Балалар қарай отырып, мұқият зейін қойып тыңдайды. -Қандай керемет күректер жасаған, маған ұнады балалар! -Балалар сендер бұл күректі кімге жасадыңдар? -Аула тазалаушы апай бұл күрекпен не істейді? -Күректі сендер неден мүсіндедіңдер? - Күрек неше бөліктен тұрады? Сендермен апай қоштасады. Балалар рахмет сендерге! Балалар қуанады. |
Балалар шеңберге тұрып,өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. -Қазір жылдың қыс мезгілі. -Қар жауады, күн салқын болады. -Иә.
-Балалар аула тазалаушы апаймен амандасады.
-Балалар тыңдайды.
-иә, жасап береміз.
-Күрек. -Балға, балта, айыр, тырма, арба т.б.
-Балалар қарайды, тыңдайды. -Лопата -Қызыл түсті.
-Төртбұрышқа ұқсайды. -Балалар күректің үлгісіне қарайды. -Балалар тәрбиешіге қарай отырып. Сазбалшықтың бір бөлігін алақан ортасына салып айналдыра отырып домалақтап сонан соң алақан ортасында алдыға, артқаесу арқылы ұзынша етіп сабын жасайды. Ал екінші бөлікті алақанға салып айналдыра отырып домалақтайды. Сонан соң бас бармақпен баса отырып жалпақ етіп күректің басын жасайды. Күректің басы мен сабын біріктіріп,тегістеп, әдемілейді. -Балалар саусақтарымен өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды. -Жарайсыңдар балалар! Сендердің мүсіндеген күректерің аула тазалаушы апайға ұнапты. Енді сендердің жасаған күректеріңді өзімен бірге алып кетеді. -Аула тазалаушыға.
-Балабақшаның ауласын қардан тазартады. -Сазбалшықтан. -Екі бөліктен. Басы, ұстайтынжері боладыБалалар аула тазалаушы апаймен қоштасады. Балалар тыңдайды,қуанады. |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Қар тазалауға қажетті құралдардың бірі- күрек және күректің неден жасалатыны туралы біледі.
Түсінігі: Күрек – еңбек құралдарының бірі болып саналатынын біледі.Күрек арқылы адамдар көптеген еңбек ететіндерін түсінді.
Көрсете білуі: Сазбалшықты алақан арасына салып айналдыра отырып домалақтау, алдыға артқа есу әдіс-тәсілдері арқылы күректі мүсіндеуді көрсете білді
МҚКК Май ауданы әкімдігінің «Балдәурен» балабақшасы
Балапан тобы
Ашық сабақ


Өткізген: Галиева А.Ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген