400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 2 Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар..docx

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау; 8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Биоалуантүрлілік.

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар.

Белгілі бір оқыту мақсаты;

8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ғылыми стиль ерекшелігін түсіну, публицистикалық стиль ерекшелігін түсіну, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің жасалу ерекшелігін түсіну;

Көпшілігі: тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыру, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;

Кейбір оқушылар: тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
















Сабақтың ортасы





















Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал.

«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндетіміз»

Ыбырай Жақаев

Берілген пікірге байланысты оқушылар ой тұжырымдайды.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. 1-тапсырманы оқу.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер?

  • Мәтінде аты аталған ұйымдар қандай қызмет атқарады?

  • Бас әріппен жазылған сөйлемдер – қандай сөздер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мәтінді оқып, тақырыбы мен стилін, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңдар.

1-мәтін

.2-мәтін

Биологиялық алуантүрлілік.

Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің стилі



Тақырыбы



Түрі



Құрылымы



Екі мәтіннің ұқсастығы


Екі мәтіннің айырмашылығы



Дескриптор:

  • сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірістерді қолданады;

  • мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

  • түрі мен стилін анықтайды;

  • тақырыбы мен құрылымын ажыратады.

ҚБ

3-тапсырма. Суреттерде бейнеленген деректердің маңызды тұстарын анықтап, жинақы мәтін жазыңдар.

Артық болмас білгенің.

  • 16 қыркүйек – Халықаралық жердің озон қабатын қорғау күні.

  • 20 қыркүйек – Орман күні.

  • 27 қыркүйек – Теңіз күні.

  • 4 қазан – Жануарларды қорғау күні.

  • 29 желтоқсан – Биологиялық көптүрлілік күні.

  • 22 наурыз – Дүниежүзілік су күні.

  • 18-22 сәуір – Қорықтар мен ұлттық саябақтар күні.

  • 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күні.

  • 17 маусым – Шөлдену мен құрғақшылыққа қарсы күресу күні.

Суреттерде бейнеленген деректердің маңызды тұстарын анықтап, мақала құрастырып жазу.

Дескриптор:

  • мәтіннің жанрлық ерекшелігін сақтайды;

  • мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтайды;

  • тілдік құралдарды орынды қолданады;

  • мақаланы талапқа сай жазады.

  • мәтіндегі сөйлемдерден бастауышты анықтайды.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.

2-тапсырма. Тақырыпты негізге алып, бастауыш болатын әр сөз табына мысал келтіріңдер.

Дескриптор:

  • Тақырыпты негізге алады;

  • бастауыш болатын әр сөз табына мысал келтіреді;

ҚБ

Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.




Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.



Мәтінді оқып, тақырыбы мен стилін, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтайды.


Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірістерді қолданады;

Мәтіндерді салыстырады;

Ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

Түрі мен стилін анықтайды;

Тақырыбы мен құрылымын ажыратады.
































«Артық болмас білгенің» айдарының мәліметтерімен танысады.








Суреттерде бейнеленген деректердің маңызды тұстарын анықтап, мақала құрастырып жазады.









Грамматикалық тақырыпты меңгереді.











Грамматикалық тапсырма орындайды.













ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап


































ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап







































ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап















ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап






8-сынып «Қазақ тілі» оқулығы














(old.el.kz)



8-сынып «Қазақ тілі» оқулығы


















Кері байланыс Плюс, минус, қызықты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
84
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі