№ 2 БЖБ 9-сынып 3-тоқсан қазақ тілі ІІІ тоқсан жауабымен

Тақырып бойынша 26 материал табылды

№ 2 БЖБ 9-сынып 3-тоқсан қазақ тілі ІІІ тоқсан жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 2 БЖБ 9-сынып 3-тоқсан қазақ тілі ІІІ тоқсан жауабымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-cынып № 2 БЖБ

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыст талдау;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі Білім алушы

          • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,

          • құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады;

          • сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады;

          • түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 20 минут


1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

А мәтіні

Адам денесінде 25-30 мыңға жуық ген болса, олардың әрқайсының атқаратын өзіндік функциясы бар. Соңғы жылдары генетик ғалымдар адам ДНҚ-сын бір жасушадан екінші жасушаға ауыстыру немесе бірнеше түрдің ДНҚ-сын бір-бірімен алмастыру арқылы революциялық өзгерістер жасауда.

Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.

Соңғы жылдары ғалымдар тұқым қуалаушы ауруларды тоқтатудың, ағзадағы ақауды реттеудің ғылыми-қолданбалы жолын ұсынуда. Бұл сөзсіз адам баласы ойлап тапқан ең пайдалы жаңалықтардың бірі.


Ә мәтіні.

Өсімдіктер клеткаларына бөтен генетикалық информацияны енгізу мүмкіндігі тəжірибе жүзінде дəлелденді. Осы əдістерді пайдалану негізінде бағалы қасиеттері бар өсімдіктерді шығару үшін болашақта көп үміт күтерлік жол ашылды.

Өсімдіктерге бөтен гендерді тасымалдау жөніндегі деректер 1981 жылдан бері белгілі. Бактериялар, жануарлар жəне өсімдіктер гендері плазмидалық Т-ДНҚ-ның рестрикциялық бөліктеріне тігіліп, өсімдік геномына нəтижелі тасымалданған. Соның арқасында гендік инженерия əдістерімен құрастырылған алғашқы өсімдіктер алына бастады. Өсімдіктерге бөтен генді Ті-плазмиданың көмегімен енгізу əрекеттері ең алдымен бактерия гендерін тасымалдаумен байланысты болды. Ол үшін көбінесе антибиотиктерге төзімділікті белгілейтін Е.соli гендері қолданылды. Бұл гендердің пайдаланудың себебі олардың өсімдік геномына тіркесуін оңай тексеруге болатындығынан. Бірақ бұл антибиотиктерге төзімділік белгісінің өсімдік үшін ешбір пайдасы жоқ. Турасын айтқанда, бұл бөтен ген нақтылы тасымалданды ма жоқ па, тек қана соның куəсі ретінде жəне де, егер тасымалданса, онда өзіне тəн қызметін атқарып жатқанын көрсету үшін керек. Бұндай селективті маркерлік гендер өсімдіктерге туыстығы жоқ бөтен гендерді тасымалдау кезінде қолданылады.

Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен өзгертіп қайта құру мақсаты екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі, трансгенозға байланысты негізгі теориялық мəселелерді шешу, ал тубінде өсімдіктердің алдын ала көзделген белгілі қасиеттері бар жаңа варианттарын шығару үшін практикалық селекцияда гендік инженерия əдістерін қолдану.

1-тапсырма. Мәтіндердің тақырыбын «Ішіне, сыртына» әдісімен салыстырыңыз.

Ішіне 1-мәтін

Сыртына 2-мәтін




2-тапсырма. «Қазына іздеу» әдісімен мәтіндерден тілдік ерекшеліктеріне байланысты сөздерді анықтаңыз.

1-мәтін


2-мәтін


Терминдер








3-тапсырма. Басыңқы сөйлемін ойдан жазып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді аяқтаңдар, мағыналық түрін анықтаңдар.

Бағыныңқы сөйлем

Басыңқы сөйлем

Сабақтастың түрі

Бұқаралық ақпарат құралдары

қоғамда үлкен рөл атқаратын болғандықтан,



Дәстүрлі БАҚ-ты бәсекеге қабілетті ету үшін,






Балалар бағдарламаларды, фильмдер мен мультфильмдерді қазақ
тілінде көрсін деп,







Электронды ақпарат

құралдары пайда болғалы,








Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

o Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,

o құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады;

o сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады;

o түрлендіріп қолданады.


Екі мәтіннің тақырыбын салыстырады:

1

Тілдік ерекшеліктері: термин сөздерді анықтайды:

1

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басыңқы сөйлемін ойдан жазады;

1-сөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем;



1

1

1

1

Мағыналық түрін анықтайды:

1-сөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем;


1

1

1

1

Барлығы – 10 балл

Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

А мәтіні

Адам денесінде 25-30 мыңға жуық ген болса, олардың әрқайсының атқаратын өзіндік функциясы бар. Соңғы жылдары генетик ғалымдар адам ДНҚ-сын бір жасушадан екінші жасушаға ауыстыру немесе бірнеше түрдің ДНҚ-сын бір-бірімен алмастыру арқылы революциялық өзгерістер жасауда.

Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.

Соңғы жылдары ғалымдар тұқым қуалаушы ауруларды тоқтатудың, ағзадағы ақауды реттеудің ғылыми-қолданбалы жолын ұсынуда. Бұл сөзсіз адам баласы ойлап тапқан ең пайдалы жаңалықтардың бірі.


Ә мәтіні.

Өсімдіктер клеткаларына бөтен генетикалық информацияны енгізу мүмкіндігі тəжірибе жүзінде дəлелденді. Осы əдістерді пайдалану негізінде бағалы қасиеттері бар өсімдіктерді шығару үшін болашақта көп үміт күтерлік жол ашылды.

Өсімдіктерге бөтен гендерді тасымалдау жөніндегі деректер 1981 жылдан бері белгілі. Бактериялар, жануарлар жəне өсімдіктер гендері плазмидалық Т-ДНҚ-ның рестрикциялық бөліктеріне тігіліп, өсімдік геномына нəтижелі тасымалданған. Соның арқасында гендік инженерия əдістерімен құрастырылған алғашқы өсімдіктер алына бастады. Өсімдіктерге бөтен генді Ті-плазмиданың көмегімен енгізу əрекеттері ең алдымен бактерия гендерін тасымалдаумен байланысты болды. Ол үшін көбінесе антибиотиктерге төзімділікті белгілейтін Е.соli гендері қолданылды. Бұл гендердің пайдаланудың себебі олардың өсімдік геномына тіркесуін оңай тексеруге болатындығынан. Бірақ бұл антибиотиктерге төзімділік белгісінің өсімдік үшін ешбір пайдасы жоқ. Турасын айтқанда, бұл бөтен ген нақтылы тасымалданды ма жоқ па, тек қана соның куəсі ретінде жəне де, егер тасымалданса, онда өзіне тəн қызметін атқарып жатқанын көрсету үшін керек. Бұндай селективті маркерлік гендер өсімдіктерге туыстығы жоқ бөтен гендерді тасымалдау кезінде қолданылады.

Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен өзгертіп қайта құру мақсаты екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі, трансгенозға байланысты негізгі теориялық мəселелерді шешу, ал тубінде өсімдіктердің алдын ала көзделген белгілі қасиеттері бар жаңа варианттарын шығару үшін практикалық селекцияда гендік инженерия əдістерін қолдану.

1-тапсырма. Мәтіндердің тақырыбын «Ішіне, сыртына» әдісімен салыстырыңыз.

Ішіне 1-мәтін

Сыртына 2-мәтін

ДНҚ алмастыру арқылы революциялық өзгерістер



Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен өзгертіп қайта құру


2-тапсырма. «Қазына іздеу» әдісімен мәтіндерден тілдік ерекшеліктеріне байланысты сөздерді анықтаңыз.

1-мәтін


2-мәтін

ДНҚ, ген, функция, жасуша

Терминдер

Өсімдік клеткасы, генетика, бактериялар, плазмидалық Т-ДНҚ, өсімдік геномы, антибиотик, Е.соli гендері, селективті маркерлік гендер, гендік инженерия əдістері, трансгеноз.


3-тапсырма. Басыңқы сөйлемін ойдан жазып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді аяқтаңдар, мағыналық түрін анықтаңдар.

Бағыныңқы сөйлем

Басыңқы сөйлем

Сабақтастың түрі

Бұқаралық ақпарат құралдары

қоғамда үлкен рөл атқаратын болғандықтан,

халықтың түрлі мәселесін шешіп беруде көмегі зор.

Себеп бағыныңқы сабақтас

Дәстүрлі БАҚ-ты бәсекеге қабілетті ету үшін,

жаңа тың бағдарламалар ашылуы керек.

Мақсат бағыныңқы сабақтас

Балалар бағдарламаларды, фильмдер мен мультфильмдерді қазақ
тілінде көрсін деп,

«Балапан» телеарнасы ашыл ды.

Мақсат бағыныңқы сабақтас

Электронды ақпарат

құралдары пайда болғалы,

БАҚ бүгінгі қоғамды жаңалықтармен түрлендіріп жіберді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2024
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі