Материалдар / № 2 Зияткерлік миграция.docx ҚГБ.11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№ 2 Зияткерлік миграция.docx ҚГБ.11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
173
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция

МЕКТЕП:

КҮНІ:

Мұғалім:

СЫНЫП: 11

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Зияткерлік миграция

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен

сөйлеу;

11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу, таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану.

Көпшілігі: коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, мәтін құрылымын сақтай отырып, таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану;

Кейбір оқушылар: коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу, мәтін құрылымын сақтай отырып, таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану.

Бағалау критерийі

  • көпшілік алдында дұрыс сөйлей біледі;

  • тыңдаушыларға ықпал ете отырып, шешен сөйлейді,

  • таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы таниды.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
















Сабақтың ортасы






















Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту.

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. «Зияткерлік миграция» туралы қандай ассоциацияларың бар?

АShape1

Зияткерлік миграция

ссоциация құру. Оқулықтағы оқылым мәтінін оқып, ассоциация жасаңдар.








Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Өзіңізді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушы ретінде елестетіңіз. Мәтіннің мазмұндық желісін негізгі ала отырып, дүниежүзіндегі қандас бауырларымызды атамекенге оралуға шақыру мақсатында «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» тақырыбында «Еркін микрофонда» сөз сөйлеңіз.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 31 желтоқсанында қазақ радиосынан сөйлеген сөзі: Қымбатты отандастар! Қандас бауырлар! Ағайындар! Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, еліміздің ішкі, сыртқы саясатына ұлы өзгерістер алып келген, барлығымыз үшін үлкен сын болған 1991 жыл – қой жылы тарихта қалып, үміт пен күдігі мол жаңа 1992 жыл келді. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен отандастар, қандас бауырлар, Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңыздың отбасыларыңызға мол бақыт, қуаныш тілеймін! Аспанымыз әрқашан ашық болсын! Сіздермен атамекенде табысатын, емін-еркін қауышатын күнге тезірек жетейік! 1991 жыл қазақ елі үшін тарихта алтын әріппен жазылып қалатын жыл болды. Қазақстандықтар бүкіл ел болып, өздерінің тұңғыш Президентін сайлады. Ғарышқа тұңғыш рет алаш азаматы самғады. Елдігіміз бен ерлігімізді дәріптеген тарихи тұлғаларымыз Абылайға, Қабанбайға, Бөгенбайға, Төле биге, Исатайға, Махамбетке, Сыпатайға ас беріліп, бүкілхалықтық құрмет көрсетілді. Бауыржан Момышұлы өзіне тиісті Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып келеді. Жыл сайын Наурыз мейрамы аталып өтеді, жастарымыз имандылық жолына түсіп, ата дәстүріне адалдықтарын байқатуда. Қазақ елі – ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тәуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ өзіміз шешетін боламыз. Қазір көптеген елдер, оның ішінде Америка Құрама Штаттары, Түркия, Қытай секілді іргелі елдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін танып отыр. Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!

Қымбатты бауырлар! Сіздерді тағы да Жаңа жылдарыңызбен құттықтап, баршаңызға туған жердің ыстық сәлемін жолдаймын! Бақытты, үбірлі-шүбірлі болыңыздар! Биылғы жыл ақжарылқап жыл болсын!

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;

  • көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтайды;

  • оқырманға ықпал ететіндей шешендік сөз оралымдарын қолданады;

  • ойын жүйелі жеткізеді.

ҚБ

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. Оқулықтағы 1-оқылым мәтінін оқыңдар. Мақаланы оқып, ғылыми стильде жазылғанын дәлелдеңдер.

Дескриптор:

  • мәтіннің мақсатын анықтайды;

  • стильдік сипатын дәлелдейді;

  • тілдік амал-тәсілдерді талдап көрсетеді.

ҚБ

4-тапсырма. Миграцияға қатысты терминдер мен ұғымдарды қатыстырып, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» тақырыбында сұхбаттасыңдар. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлеп, тыңдаушыларға ықпал ете білуге талпыныңдар.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.








Оқулықтағы оқылым мәтінін оқып, ассоциация жасайды.






Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Өзіңізді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушы ретінде елестетіңіз. Мәтіннің мазмұндық желісін негізгі ала отырып, дүниежүзіндегі қандас бауырларымызды атамекенге оралуға шақыру мақсатында «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» тақырыбында «Еркін микрофонда» сөз сөйлеңіз.

















Тақырыпты ашады;

көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтайды;

оқырманға ықпал ететіндей шешендік сөз оралымдарын қолданады;

ойын жүйелі жеткізеді.















Оқулықтағы 1-оқылым мәтінін оқыңдар. Мақаланы оқып, ғылыми стильде жазылғанын дәлелдеңдер.

Миграцияға қатысты терминдер мен ұғымдарды қатыстырып, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» тақырыбында сұхбаттасыңдар. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлеп, тыңдаушыларға ықпал ете білуге талпыныңдар.





Қалыптастырушы бағалаулар


ҚБ



























































ҚБ








ҚБ



ҚБ

ОӘК материалдары

Топқа бөліну қағаздары


Ойтүрткі сұрақтар жазылған кеспе қағаздар.





Ләззат Спанқұлованың

«Әлемде төрт миллионнан астам медицина

маманы жетіспейді» мақаласынан






ОӘК материалдары










«Егемен Қазақстан» газеті, 1992 жыл 1 қаңтар







Рефлексия


Кері байланыс: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтырады

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?




















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!