Тақырып бойынша 28 материал табылды

№ 4 Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. 5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Адамдық диқаншысы» өлеңінің жанрын, сюжеттік дамуын сипаттау, шығарма мазмұнын түсіну;

Көпшілігі: өлеңнің жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау,шығармадағы көтерілген мәселені анықтау;

Кейбір оқушылар: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (адамшылық, мейірімділік, диқаншы, адамдық тұқымы). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.

Кіріспе сұрақтар:

  • Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, «Адамгершілік – асыл қасиет» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы тыңдалады).

  • Ал диқаншы деген кім? (оқушылар жауабы тыңдалады).

  • «Адамдық диқаншысы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Белгілі оқиғаларды тілге тиек ету барысында, өмірден, қоршаған ортадан көптеген мысалдар келтіреміз. Ал әдебиеттегі мысал жанры дегеніміз не?

  • Балалар, қазақ сөз өнерінде мысал жанрын дамытқан қандай әдебиет өкілдерін білесіңдер? ? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар өздері білетін адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді айтады.


ҚБ

5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы





Сабақтың ортасы





















Мағынаны тану.

Тапсырма. «Ақыл-ой картасы» әдісі.

Адамдық диқаншысы

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке-

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Әр топ өлең шумақтарын оқып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын табыңыздар.Сұрақтар төңірегінде ойланыңыздар.

  • Автор бейнесі өлеңнен көріне ме?

  • Автор қандай тақырыпты мәселе етіп көтерген?

  • Өлеңнің идеясы қандай?

Дескриптор:

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

  • Өлеңнің тақырыбын анықтайды;

  • Автордың айтпақ ойын, идеясын анықтайды;

  • Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.

ҚБ

Тапсырма. «9 алмаз» әдісі. ЖЖ

Шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған мәселелерді анықтаңыз. Жұбыңызғ анықталған мәселелердің неліктен маңызды және маңызды емес екенін түсіндіріңіз.Мысалы: адамдық,еңбек,бейнет,зейнет... маңызды. Мал,есек,жасық... онша маңызды емес. (6 маңызды ақпарат анықтайды, 3 маңызды емес ақпарат анықтайды).

Анықталған маңызды аспектілер арқылы шығарманың идеясын ашып түсіндіріңіз.

Дескриптор:

  • -өлеңнен автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды;

  • -3 маңызды емес аспектісін анықтайды;

  • -анықталған маңызды аспектілер негізінде автор бейнесін 2 сөйлеммен сипаттайды.

ҚБ

Тапсырма. Шығармадағы автордың «МЕН»бейнесін көрсететін тармақтарды табыңыз.

Үлгі: Мен қырға шықтым,Мен құрға шықтым,Мен тұқымын шаштым,

Дескриптор:

  • Мен бейнесін ашатын өлең тармақтарын табады;

  • Автор бейнесіне қатысты сын есімдерді кластерге түсіреді;

  • Өзінің өмірлік тұжырымын анықтайды.

ҚБ

















Тапсырманы топпен орындайды.













Топтық жұмыс









Жұптық жұмыс. Оқушылар

6 маңызды ақпарат,

3 маңызды емес ақпарат анықтайды.












ҚБ















ҚБ













ҚБ








ҚБ



https://bilim-all.kz/olen/145


Сабақтың соңы


Рефлексия.

Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?


Үй жұмысы

Өлеңді жаттау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12