Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№ 5 Ғылым таппай мақтанба өлеңі.docx
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: Абайды оқы, таңырқа |
Мектеп: |
|||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
"Ғылым таппай мақтанба" өлеңі. |
|||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. 6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту. |
|||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну. Көпшілігі: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау. Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну. |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну |
|||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық) |
|||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
А. Құнанбайұлының "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің тілі |
|||||||||
Жоспар |
||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады. Жағымды психологиялық ахуал. Сыныптағы оқушылар «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы «Білім мен ғылымның пайдасы» тақырыбында өз пікірлерін білдіреді. Шеңбердегі оқушылар кезекпен өз пікірін анық, дәлелді жеткізеді. І. Қызығушылығын ояту. Абай ақынның айтпақ ойынан не түюге болады? «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық. Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы; надандық, білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осы еріншектіктен шығады. Ал залымдық – адам баласының жауы. Бұлардың емі – халқына деген махаббат, күллі ғаламға деген шафқат, әділетті іс және ғылым-білім» Абай «Дүние де өзі, мал да өзі Ғылымға көңіл бөлсеңіз...» Абай (оқушылардың жауабы тыңдалады)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. |
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады. Жағымды ахуал қалыптастырады. Оқушылар Абай ақынның айтқан даналық сөздерімен танысып, мазмұнын ашады, ой түйіндейді. Сабақтың тақырыбын анықтайды. |
Қалыптастырушы бағалау ҚБ
|
6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы https://bilim-all.kz/article/2230 |
||||||
Сабақтың ортасы |
ІІ. Мағынаны тану. Мұғалім сөзі: Абай қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім, ғылым, өнерді халықтың қажетіне жаратуға мән берген. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі 1886 жылы жазылған. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, осындай асыл қасиеттерді уағыздау – Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық желісінің бірі. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілік пен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететіне үлкен сенім білдіреді. Абайдың өлеңінен ғылымды үйренетін жастардың өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын аңғарамыз.
(Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады). https://www.youtube.com/watch?v=0gFZ-PNClNE 1-тапсырма. Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды. 1-тапсырма. 1-топқа: 1. Ғылымсыз неге мақтана алмаймыз? 2. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма? 3.Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз? 2-топқа: 1. Адам болу дегенді қалай түсінесіздер? 2. Автордың түйінді ойы қандай? 3. Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады? 3-топқа: 1. Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз? 2. Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде? 3. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, деген өлең жолдарында не айтылған? Дескриптор:
ҚБ 2-тапсырма. «Талдап білу» әдісі. Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
Дескриптор:
ҚБ Бекіту. Бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды. 1.Неліктен Абайға осындай өсиет айту қажеттілігі туды? 2. Неге ғылымсыз адамның күні жоқ? 3. Абай айтқан бес жаман мінез неліктен дұшпандарың болып саналады? 4. Адам баласына керек қасиеттерді неге «асыл іс» деп атаған? 5. Неліктен «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген? 6. Неге мал мен дүние ғылымға көңіл бөлгенде ғана келеді? 7. Абай неге: Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі – тұл, – дейді? Дескриптор:
ҚБ |
Оқушылар шығарманың шығу тарихына байланысты мәлімет алады. Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады. Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды.
Ақынның шығармашылығына талдау жасайды; тақырып бойынша мазмұнды пікірлер айтады; өлеңнің ерекшелігіне талдау жасайды. Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді. Бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды. |
ҚБ
ҚБ
ҚБ
ҚБ
ҚБ
|
6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы А. Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі https://www.youtube.com/watch?v=0gFZ-PNClNE |
||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс. Қанағат, рақым, құмарлану, ғибратлі сөздерінің синонимдерін табыңдар. |
|
||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен
байланыс |
||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) қолданамын. |
Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. |
Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс. Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б. Интерактивті тақта қолданылады. |
||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
Оқушылар ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабына сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітабының мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді де игерді. Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде сюжеттік-композициялық талдау жасау тиімді болды. |
||||||||||
Жалпы баға Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: сюжеттік-композициялық талдау жасауы. 2: Көтерілген ұлттық мәселелерді анықтауға байланысты талқылауы.. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Абай туралы фильмдерден үзінді көрсету.. 2: Қазақстан тарихынан өткен ұқсас тақырыптарды еске түсірту. Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым? Оқушыларға осындай романдарды бөліп оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасау |