№ 6 Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны.docx

Тақырып бойынша 12 материал табылды

№ 6 Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
9. 1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: № 1

Мектеп:

Мұғалім:

Бөлім:

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9. 1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» шығармасын түсініп оқиды, өлеңнің мазмұндық желілерін анықтайды;

Көптеген оқушылар:

«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» өлеңінің шығу тарихын біледі, ақын шығармасына құрылымдық талдау жасайды, өз пікірін білдіреді.

Кейбір оқушылар:

өзіндік ізденіс жүргізу арқылы, әдеби шығармаға құрылымдық талдау жасайды, дәлелді пікір, тұжырымды ой айтады, баға береді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы


















Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Жағымды психологиялық ахуал. Топ оқушылары бүгінгі сабақта бір-біріне деген тілегін ым-ишара арқылы топ болып бірігіп білдіреді.

Махамбет! Махамбет!

Білмеймін, жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме

Әділетсіз дүниенің қабырғасын,

Махамбетше сөгер жан кездесер ме…- деп толғанады

Ф. Оңғарсынова.

Иә, он алты жасында Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ кім деп таниды? Ой бөлісіп көрейік.

Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасы. Оқушыларға үй тапсырмасына Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына іздену жұмысын жүргізіп келуге берілген, соған байланысты балалардың ақынның өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты хабардар екенін білу үшін оларды тірек сөздер арқылы топтастыру. Берілген тірек сөздерге байланысты оқушылар өз тобын анықтап, тірек сөздің мағынасын ашады.

Оқушылар сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтайды.

Топ оқушылары бүгінгі сабақта бір-біріне деген тілегін ым-ишара арқылы топ болып бірігіп білдіреді.















Оқушылар сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтайды.

Махамбеттің күйі ойналып тұрады.


ҚБ


д



слайдтар


Сабақтың ортасы





























































































Мағынаны тану. Жаңа сабақ М. Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» өлеңі

Өлеңнің шығу тарихына байланысты видео көрсетіледі.

«3 айналым» әдісі.

Оқушылар жаңа сабақты «3 айналым» әдісі арқылы меңгереді.

3 топтың үстеліне өлең үзінділері қойылады. Мұғалім уақыт белгілеп тұрады. Бірінші айналымға берілген уақыт ішінде

1-үзіндіні әр топ өз тапсырмасына қарай топпен талдайды,

2-айналымға берілген уақытта 2-үзіндіні талдайды. Осылайша,

3 айналым жасап шығады. Барлық айналым біткеннен кейін әр үзіндіге байланысты дайын жауаптарын сынып алдында айтады. (Топтағы оқушылар үзінділерді бөліп айтуына болады, сол кезде топ ішіндегі оқушылардың барлығы сөйлейді. Топтағы оқушы санына қарай мұғалім үзінді санын өзгертуіне болады)

Баяндаушылар тобы: Тарих. Оқиға. Тұлға.
үзіндіде қандай сәт баяндалғанын айтады. Баймағамбет сұлтан мен Махамбет ақынның бейнесін салыстырады.


Белгілеушілер тобы: Тіл. Көркемдік. Құндылық. автор қолданған көркемдегіш құралдарды табады.


Сарапшылар тобы: Көтерілген мәселе. Айтылған ой. Түйін.


1-айналым. Топтар сағат тілімен айналып, шығарманың алғашқы бөлігімен жұмыс жүргізеді. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша өлең үзіндісіне құрылымдық талдау жасайды.

2-айналым. Топтар шығарманың екінші бөлігімен жұмыс жүргізеді. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша өлең үзіндісіне құрылымдық талдау жасайды.

3-айналым. Жұптық, топтық жұмыстар. Оқушылар өлеңнің мазмұнымен толықтай танысқаннан «Қазына іздеу» әдісі бойынша шығарманың идеясын, автордың айтпақ ойын анықтауға тырысады, топтың қорытынды ойын айтады.

«Қазына іздеу» Қазына ретінде «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан» өлеңі алынады. Оқушылар алдымен жұпта өлең мазмұнынан шығарманың идеясын ашатын қорытынды түйін сөз анықтауы тиіс,қазынаны тапқаннан кейін, ойларын ортаға салады. Сосын әр топ шығарма идеясына байланысты бір түйін сөзді таңдап, ортаға жазады. Әр топтан анықталған 3 түйін сөздердің ең маңыздысын анықтап, қорытынды шығарады.

ҚShape2 алыптастырушы бағалау



Дескриптор

Білім алушы

Айналымдар

1-айналым

*шығарма бөліктерімен жұмыс жасайды;

*шығарма мазмұны бойынша басты мәселелерді анықтайды;

*үзінділерді талдай отырып, өз көзқарасын білдіреді.

2-айналым

*Тірек сөзге байланысты ақпарат береді;


3-айналым

*Дәлелді мысал келтіреді.


Қорытынды.

Махамбет ақынның ерлігін, қайсарлығын, елі үшін «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» күрескен ерен ерлігін өз шығармасына арқау еткен қаламгерлер кемде-кем. Сондай біртуар ақынның бірі М. Шаханов өзінің «Нарынқұм зауалы» поэмасында батырдың тағдырын сөз етеді. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап берген жанға 1000 сом беремін деп жар салады. Халық хан баласьна адал ұлын сатпаған. Дүние боқтығына қызықпаған, еріне опасыздық жасауға елі бармаған. Тек опасыз, сатылған, екі жүзді жандар ғана асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ол ақынның алыс туысы әрі "досы" боп жүрген Ықылас деген опасыз, қанішер. Ғазиз ақын, айбарлы, каһарлы батыр, елінің ары, қорғаны ардагер акынын ол түлкіленіп, жылмаңдап келіп, зұлымдыкпен өлтірген. Ашық айқаста емес, адал дастарқаны үстінде дәм-тұзын таусып отырған шақта, жалған досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Дүние құлы болған жендеттер шауып алған ақын басын Баймағамбетке тартуға әкетеді. Өксіп жылап, қан жұтып батырдың асыл жары, аяулы перзенттері қалады. "Қорлықта жүрген халқына бостандық алып берем" деп, дұшпанымен кескілесе жауласқан абзал ер азамат осылайша жау колынан қапыда қаза табады. Сөйтіп ардагер акын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауылынындағы Қарой деген жерде.
Қазір ол жер "Махамбет ойы делінеді. Махамбет зираты сол Қаройда. Сол жердегі колхоз Махамбет атымен аталады.
М. Шаханов «Әке үкімі»

Бостандықтың жаңа жолында қандай қиыншылық көрсе де Тәуелсіздік – Махамбеттің орындалған арманы.

М. Шахановтың сөзімен айтсақ:

Нағыз ақын әр кезеңде өзiн қағып үлестен,
Ұлттық рухы мүдде шыңы – шындық үшiн күрескен.
Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,
Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.
“Ақындар аз сын сағатта сөзден iсi зорайған”,
Десектағы “Абай қашан жол iздептi оңайдан?”
Ел, ұлт жайлы сырларымен,
Жыры биiк тұрғанымен,
Iсi үшiн мен Махамбеттi биiк қоям Абайдан!
Бұл адамдық ұстанымым қалыптасқан талайдан.

Кiм таныса Махамбеттi шындығынан танысын.
Халқын мұңға қалдырғанмен,
Сатқынға бас алдырғанмен,
Еңкейтпестен сақтай бiлдi ол ұлтының өр намысын.
Жұрт сондықтан пiр тұтады Махамбеттей арысын!..
...................................................................................
Күрес әлi жүрiп жатыр шындық үшiн, ар үшiн...

Оқушылар жаңа сабақты «3 айналым» әдісі арқылы меңгереді.





Топтағы оқушылар үзінділерді бөліп айтуына болады, сол кезде топ ішіндегі оқушылардың барлығы сөйлейді. Топтағы оқушы санына қарай мұғалім үзінді санын өзгертуіне болады



















ҚБ


д
















ҚБ


д


















http://bilim-lend.kz/olen/1592-Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны



http://bilim-all.kz/olen/1608








Сабақтың соңы

5 минут







Рефлексия

Кері байланыс 2 мин.

Саған не ерекше қиын болды?


Саған ең пайдалысы не болды?




Үй тапсырмасы: өлеңнен үзінді жаттау


Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс







Критериалды бағалау





Әдебиет, этнография

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында видеоролик көрсетілді.






Рефлексия

 Кері байланыс 1 мин.

Саған не ерекше қиын болды?


Саған ең пайдалысы не болды?






Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма ?

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды ?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе ?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен ?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )?


1:



2:



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )



1:



2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары: А. С. Керімбекова



Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер

бірлестігінің жетекшісі: Л.О. Дүйсенова









ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

47 ОРТА МЕКТЕБІ КММ









Ашық сабақ

Тақырыбы:

М. Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі

Picture 5

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Байырова Ж. Р.
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі