№ 8 Жол белгілерін білеміз бе.docx

Тақырып бойынша 26 материал табылды

№ 8 Жол белгілерін білеміз бе.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру; 5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Көлік және жол белгілері

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Күні:



Сынып: 5

Қатысқандар


Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:

Жол белгілерін білеміз бе?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтіннің негізгі ойын түсіну, сюжетті суреттерді мәтін құрауда қолдану, сын есімнің мағыналық түрлерін меңгеру;

Көпшілігі: тірек сөздер арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтау, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру, сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану;

Кейбір оқушылар: тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру, сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І Ұйымдастыру:

Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі.

Жағымды психологиялық ахуал.

Сабақ басында шаттық шеңберін құру «Жылы лебіз» тәсілі арқылы оқушылар жол, сапарға байланысты тілектер жолдайды.

Қызығушылықты ояту. «Ойлан, тап!»

  • Бұл қандай белгі?

(оқушылар пікірі тыңдалады)

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.

Жазылым алды тапсырма. Суреттегі жол белгілерінің қалай аталатынын анықта. Оларды төмендегі кестеге бөліп жаз.

Тыйым салу белгісі

Ескерту белгісі



Дескриптор:

  • Суреттегі жол белгілерінің қалай аталатынын анықтайды;

  • Оларды төмендегі кестеге бөліп жазады;

  • Жол белгілерінің маңызын түсінеді.

ҚБ

Балалар жағымды ахуал қалыптастырады.






Оқушылар жаңа тақырыпты анықтау мақсатында өз ойларын білдіреді.














Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау



ҚБ «Бағдаршам»















ҚБ «Бағдаршам»

5-сынып

«Қазақ тілі» оқулығы




















Суреттер











Сабақтың ортасы

Жазылым тапсырмасы. ІІ. Мағынаны тану. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Жол белгілері

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.


«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.


Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.


Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.


Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

Тапсырма. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. Оқушылар «Жолда жүру ережелері» туралы өлеңдерді тыңдап, келесі тапсырмаларды орындайды.

1-топ. Жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді және өз сөздерімен айтып береді.

2-топ. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

3-топ. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты көрсетіңдер.

Дескриптор:

  • Жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;

  • өз сөздерімен айтып береді;

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

ҚБ

Тыңдалымнан кейін. ӘТН. Деңгейлік тапсырмалар.

Дескриптор:

  • Бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазады;

  • Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттеп көрсетеді.

  • Сын есімді қатыстырып, жол белгісін сипаттап, шағын мәтін жазады..

ҚБ

Оқушылар тыңдалым мәтінін тыңдайды.







Оқушылар мәтінмен танысып, ой түйеді.























Жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;

Өз сөздерімен айтып береді;

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.














Оқушылар бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазады;

Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттеп көрсетеді.

Сын есімді қатыстырып, жол белгісін сипаттап, шағын мәтін жазады..

Грамматикалық тапсырмалар орындайды.





















































ҚБ «Бағдаршам»

















ҚБ «Бағдаршам»


(https://prezi.com)









(http://erketai.kz/balalarga/jol-erejeleri/)























Сабақтың соңы









Үйге тапсырма:

Бекіту. «Еркін мирофон» әдісімен бүгінгі сабақты қорытындылайды.

Кері байланыс. Кері байланыс

ПЛЮС

МИНУС

ҚЫЗЫҚТЫ




Құрамында сын есімі бар мақал-мәтелдер жазып келу.

Оқушылар «Еркін мирофон» әдісімен бүгінгі сабақты қорытындылайды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
.
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі