« Абай оқулары» байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Абай оқулары» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер,слайдтар 1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді» Ғ.Мүсірепов 2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көргендікпен ұға білуінде жатыр» К.Семенов
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Абай оқулары» байқауы

Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер,слайдтар
1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғ.Мүсірепов
2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі
көргендікпен ұға білуінде жатыр»
К.Семенов

Байқау барысы:
1-жүргізуші:Құрметті оқытушылар, білім алушылар! Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны -білген адамға айқын шындық. Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма, -

деп өсер ұрпақ,келер дәурен, туар тарих қауымына сөзін осылай арнаған қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы бізбен мәңгі бірге,

1 жүргізуші: - Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап тұруы үшін кітапханалардағы кітаптар бетіне үңілуіміз керек. Бүгінгі біздің байқауымыздың кітапханада ұйымдастырылуы тегін емес, ендігі сөз кезегін колледждің кітапхана меңгерушісі Гүлзира сөз береміз.
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер «Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш кезеңімен таныстырып өтейік.


Байқау төмендегідей 3 кезең  бойынша өткізіледі:
1-кезең. Мәнерлеп оқу
«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» атты сайыста  ақынның бір немесе бірнеше  өлеңін жатқа мәнерлеп оқу (3-4 минут)

2-кезең.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

Ақының қара сөздерін мәнерлеп оқу (3-4 минут)

3-кезең. «Сұрақ - жауап» сайысы

Білім алушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қаншалықты білетіні тексеріледі (Сұраққа толық жауап беруі керек)
2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздардың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Колледж оқу жұмысы жөніндегі орынбасары- Рамазанов С.Ж.
2. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-Топаев О.С.
3. Колледж әдіскері – Абдибекова А.Ж. 4. ПЦК меңгерушісі - Маукулова Н.М. 5. Өндірістік оқыту шебері - Ускенбаев С.Е.
1- жүргізуші: Әділқазылардың міндеттері:
- қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бес ұпайлық жүйемен
бағалайды

-орыс тобының білім алушылары бөлек бағаланады, қазақ тобы бөлек бағаланады. Бағалау мәтіннің көлеміне байланысты болады.
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орынға бөледі;
- қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және
қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

1 жүргізуші:«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.»
Ұлы ақын Абай өз шығармаларын болашақ ұрпақ тәрбиесіне арнады. Осы ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын білім алушыларды қоршаметпен ортаға шақырамыз.
Ортаға: (қатысатын білім алушылардыдың аты мен тектері аталады).
1 қатысушымыз 11 топ білім алушысы Әбілханов Саят

2 қатысушымыз 206 топ білім алушысы Мырзаханова Гулжан

3 қатысушымыз 12 топ білім алушысы Ясулов Исмаил

4 қатысушымыз 13 топ білім алушысы Рақышев Жасулан

5 қатысушымыз 106 топ білім алушысы Шарамиева Алина

6 қатысушымыз 14 топ білім алушысы Ойшынов Жансултан

7 қатысушымыз 15 топ білім алушысы Лапин Нұрым

8 қатысушымыз 15 топ білім алушысы Қалмұхамбет Заңғар

1- жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе
Байқауымыздың 1 кезеңін «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» атты сайысымызды бастаймыз.

1- жүргізуші: Әділқазылар алқасы баға бергенше, 106 топ білім алушысы Нұржанов Алидың орындауында Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін назарларыңызға ұсынамыз

2-жүргізушісі: Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.Соның жалғасы ретінде сайысымыздың «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты 2 кезеңімізді бастаймыз. Қатысушыларымыз ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқиды.

Абай атасының жолын қуып өз шығармашылығын қалалық байқауларда паш етіп жүрген 303 топ білім алушысы Мамырбай Айдананы ортаға шақырамыз

1-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

Байқауымыздың соңғы «Сұрақ-жауап» сайысымызды бастаймыз.Қазір қатысушыларымыз ортаға шығып Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған сұрақтар жасырылған түрлі-түсті қиықшаларды алады.


2- жүргізуші: Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.

2- жүргізуші: Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.


Әділқазы алқасы қорытынды шешімін шығарғанша облыстық Абай оқулары байқауының қатысушы 206 топ білім алушысы Хусаинова Дамираның орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тамашалайық.


1 жүргізуші:Абай өлеңдерімен сусындаған талантты да, талапты жас ұрпақ арасындағы сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын кез де келіп жетті. Сонымен сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

2-жүргізуші:Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз. Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алған қатысушыларға тиісті дәрежедегі мадақтамалары ертеңгі болатын «Тілдер мерекесі» апталығының жабылу салтанатында тапсырылады.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі