" Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық «Ми battle» зияткерлік ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық «Ми battle» зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс «Ми battle» зияткерлік ойыны арқылы насихаттау. Міндеті: Білім алушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы білім алушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ















Тақырыбы: " Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық

«Ми battle» зияткерлік ойыны








Ұйымдастырушы: Ш.Т.Абушарипова

















Талдықорған 2025 ж.







Тақырыбы. Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық

«Ми battle» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс «Ми battle» зияткерлік ойыны

арқылы насихаттау.

Міндеті: Білім алушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы білім алушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Көрнекілігі : буклеттер, кітап көрмесі, баннер, портрет, проектор, ноутбук


 1 жүргізуші:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
2 - жүргізуші 

Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай Құнанбайұлы бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді бастайық.


 1 - жүргізуші: 
Құрметті қонақтар, ұстаздар, көрермендер! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған “ «Ми battle» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Абай Құнанбайұлы кім? Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 — 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай атамыз ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.


Презентация «Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы» 4 мин көрсетіледі

https://youtu.be/w6jeu5kfW4A?si=txP72ONe2Cxk1iqZ


1 – жүргізуші: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңарған, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген - дей отырып бүгінгі
«Ми battle» зияткерлік ойынын бастаймыз!

2-жүргізуші:

-Биыл Алтын ұя білім ордамыздың 90 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз.Осы атаулы мерейтой қарсаңында колледжімізде қазақтың бір туар ақыны данышпан Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық іс шара өткізіліп отыр. Колледжіміздің даңқты тарихы бар, сенімді және тамаша даму перспективалары бар. Біз барлық мақсаттарға жететінімізге сенімдіміз. Құттықтау сөз Талдықорған индустриялық колледжінің директоры Джумадилов Асет Казиевичке беріледі.

Колледж тарихы туралы бейнебаян


Әсем ән шырқалады


1 – жүргізуші:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын зияткерлік сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Қуандық Мөлдір Дәулетбекқызы – Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкері
2. Айдарәлі Жанатбек-Жетісу облысы Халық шығармашылық орталығының қызметері
3. Ешенова Галия Самигуловна-Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының қызметкері

Әділқазы алқасы ұпай санымен әділ шешімін зияткерлік ойынның соңында жариялайды.

1 – жүргізуші:  Енді «Ми battle» зияткерлік ойынының  шарттарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайыс - білім, өнер, шығармашылық ізденісте болмақ. «Ми battle» зияткерлік ойыныны 4 кезеңнен тұрады.

Зияткерлік ойынының кезеңдері:

1-кезең: «Кел, танысайық»

2-кезең: «Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез»

3-кезең «Абайды оқы, таңырқа»

4-кезең: «Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?»


2-жүргізуші:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!

-Ал енді,қатысушыларды құрметпен сахна төріне шақырамыз!

Қазақ киімін киген қыз жеребий таратады.1-2-3-4 топқа бөлінеді.


1 – жүргізуші: 

-Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
 Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
 Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
 Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
-Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай Құнанбайұлының шығармаларын қазақ жастары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады дей отырып, 1 кезеңімізді бастаймыз.


1-кезеңнің шартымен таныстырып өтейік. «Ми battle» зияткерлік ойынына қатысушы әр топ 3-5 минутта топтың атын және ұранын ойластырып қорғайсыздар және топ басшысын сайлайсыздар.


2-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құр бақан құм, құла қырда, 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 

-Ал енді,құрметті қатысушылар ,Сіздерді екінші кезеңнің шартымен таныстырып өтейік.«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» кезеңінде әр топқа Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмалары беріледі (5-7 минут)Тест сұрақтарына жауап беру. Кезең 15 сұрақтан тұрады. Тест тапсырмасын Socrative бағдарламасында әр топ QR код арқылы телефонмен жауап береді. Тест нәтижесі экранда пайызбен көрсетіледі.Ең жоғары пайыз көрсеткен команда 20 ұпай, кейінгі командалар 15 ұпай, 10 ұпай, 5 ұпай иеленеді.





1-жүргізуші
Әннің де естісі бар, есері бар. 
Тыңдаушының құлағын кесері бар, 
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі. 
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, - 
деп жырлаған Абай атамыздың тамаша бір әніне кезек берейік.

Әсем ән шырқалады


1-жүргізуші:Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын атандырып келешекке, 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім? 
Өзендей құйған барын көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 

2-жүргізуші:

«Абайды оқы, таңырқа» 3-кезеңінде әр топ ұпай бойынша ұяшық таңдап, Абай Құнанбайұлының қарасөздері мен өлеңдерінен берілген үзінділерді жалғастыру керек. (5-7 минут)


1-жүргізуші:

«Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?» 4-кезеңін жалғастырамыз. Жасанды интеллект арқылы Абай Құнанбайұлының бір поэмасынан үзінді оқылады. Әр топ бұл қай поэмадан алынғанын тауып, негізгі идеясын айтады. (3-5 минут)



2-жүргізуші

Абай Құнанбайұлы– қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.

Ми battle» зияткерлік ойынының  4 кезеңі де аяқталды. Әділқазы алқасы өз шешімін шығарғанша Абай Құнанбаевтың бір әсем әніне кезек берейік.

Әділқазы алқасына сөз беріледі.

1-жүргізуші:-Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.


2-жүргізуші


Ол – Абай, дара ақын, дана ақын.
 Қалдырған дәмді, асыл сөздің парқын.
 Әр сөзі үлгі – өнеге, жанға сая,
 Тілге жеңіл, жүрекке өте жақын.

-деп Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық «Ми battle» зияткерлік ойыны

атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз. Сау болыңыздар!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі