жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
“ Абай сөзі-ұлт темірқазығы”
№17 Ә.Науаи атындағы жалпы білім беру мектебі
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған
әдеби кеш
“ Абай сөзі-ұлт темірқазығы”
Орындағандар: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: А.Шинтемирова, Г.Тореханова
Кентау -2020
Мақсаты:
Білімділік: тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;
Дамытушылық: тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тәрбиеленушілерді адамгершілікке, адалдыққа,талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көркемдігі: слайдтар, Абай туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер.
1-жүргізуші
Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!
Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, -демекші бүгінгі өткізгелі отырған
«Абай сөзі-ұлт темірқазығы» атты әдеби кешімізге Қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, Абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.
-Абай атаға арнау ( Жасмина)
1-жүргізуші
Абай дана,
Ғұламасы ғасырдың
Жырларында жабырқау жоқ,жасым мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп
Өлең деген асылдың
Жырларында тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жаңға құяр жылылық.
Абай деген-жұмбақ әлем, биік шың,
Болғаным жоқ әлі өзіңді ұғынып.
2-жүргізуші
Ақынның ата-қоныс жері қандай?
Ата-баба,әулиеті, тегі қандай?
Ақынды тебіренткен, күңіренткен
Ұшқан ұя,ортасы, елі қандай?-дей келе, Сіздердің Абай жайлы қаншалықты білетіндеріңізді анықтайық.
Сұрақ-жауап
1 . Абай қай жерде дүниеге келген?
(Шығыс Қазақстан облысы,Шыңғыс тауының бөктерінде)
2. Абай қай күні, қай жылы туылған?
(1845 жылы 10 тамызда)
3. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?
(Тобықты)
4. Абайдың шын аты? (Ибраһим)
5.Абайдың мысалдарын ата. Бақа мен өгіз
6.Әжесінің аты кім? (Зере)
7. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)
8.Абай неше жасқа дейін оқыған? 13
9. Абай кім? (Ақын,сазгер, аудармашы)
10.Абайдың табиғатқа арнап жазған өлеңдерін ата? Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұрым
11. Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай)
Өте жақсы керемет!!!
1-жүргізуші:
Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты
Үлгі тұтып бәйтеректей алыпты,
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың,
Өлеңдер оқып өзіңді бір танытшы-дей отырып, Абай өлеңдеріне береміз.
1.Шұғыла – «Заман ақыр жастары»
2. Жания – «Сенбе жұртқа , тұрса да қанша мақтап»
3.Дилназа –« Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
4. Севара – «Ғылым таппай мақтанба»
5.Жасмина –«Әсемпаз болма әрнеге»
БИ « «
Көрініс «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»
1-жүргізуші
Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналады. Сөзі аз, мағынасы терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған Абай Құнанбайұлы талай қүйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше Абай өлеңдерін өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз. Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік.
1. Сұлтанбек- «Сегіз аяқ»
2. Нұршат – «Өлсем орным қара жер сыз болмайма»
3. Гүлжайна – «Жүректе қайрат болмаса»
4. Севара – «Сабырсыз , арсыз еріншек»
Өте жақсы керемет!!!
1-жүргізуші
Ақын өз өлеңдеріне ән де шығарып таратқан. Ол әндерінің ерекшелігі ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған. Бүгінгі кешімізде ұлы ақынымыздың сыршыл әндерінен тыңдасақ
Ән
«Көзімнің қарасы»
Орындайтын - Жанель
2- жүргізуші
Парасатты
болып туған,
Шыңғыстаудың
Абайы.
Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен
сана құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен
дана болған,
Бүкіл
әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев
жырлағандай, кезекті Абай өлеңдеріне
берейік.
1. Дәулет- «Алла деген сөз жеңіл»
2. Анеля- «Әбдірахман өліміне»
3. Жібек- « Өлсе өлер табиғат адам өлмес»
2-жүргізуші:
Қуат
алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын
Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам
бір кісіге,
Абай болып түңілем бір
кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі
болса ақпан айының тоғызында 8 9 жасқа
толар еді.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Ендеше, Мұқағали атамыздың өлеңдеріне кезек берсек,
1.Санжана –«Ғашықпын»
2. Әсел – «Әке»
3. Аружан – «Ей өмір»
4. Мадина – «Бүгін менің туған күнім»
2-жүргізуші:
Абай
бар жоғы 4 жыл мұсылманша 3 ай орысша
оқыған екен. Соған қарамастан өзінің
талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің
арқасында ана тілінен басқа араб, парсы,
түрік тілдерін игерген. Соның ішінде
Абайдың орыс тіліне ықыласы ерекше
болған.
Абай орыс классиктері
Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын
оқып білумен қатар, олардың шығармаларын
қазақ тілінде аударған. Сол арқылы
қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің
есігін ашқан.
.
Ендеше аудармаларын тыңдап көрейік.
1.Шахзат пен Шадияр – «Шегіртке мен құмырсқа»
2. Санжана – «Көңілдің күйі тағы да»
3. Ақерке –«Әншілер»
4.Гүлжанат – «Жалау»
1- жүргізуші:
Өзің едің өлең-жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,
Қолдасын деп Абай ата аруағы.
Зухра - « Күз»
Ержан- Гүлжайна-Әділет «Қыс»
Парвина «Жазғытұры»
2-жүргізуші:
Абайдың поэмалары
Абай ақынның «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмалары бар.
«Ескендір» поэмасын орындайтындар:
Нұршат – «Ескендір» поэмасы»
1-жүргізуші
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлағандай,
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармаларының бірі «қарасөз» депаталады. Жалпы саны қырық бес. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгіниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
Нұршат – Бірінші қарасөз
Әсел - Он алтыншы қарасөз
Гүлжанат – Он тоғызыншы қарасөз
Аружан – Жиырма төртінші қарасөз
Санжана – Отыз бірінші қарасөз
2-жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең,
Абай оқы ,ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров жырлағандай, «Абай айтқан асылдар» деп, Абайдың нақыл сөздердің жалғасын табады.
Сенде бір кірпіш дүниеге «Кетігін тап та , бар қалан)
Білімдіден шыққан сөз (Талаптыға болсын кез)
Атаның баласы болма, (Адамның баласы бол)
Талап ,еңбек, терең ой (Қанағат рахым,ойлап қой)
Досы жоқпен сырлас (Досы көппен сыйлас)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті(ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
Өткірдің жүзі,кестенің бізі (Өрнегін сендей сала алмас)
Толғауы тоқсан қызыл тіл (Сөйлеймін десең өзің біл)
Еңбек қылсаң ерінбей (Тояды қарның тіленбей)
Әсемпаз болма әрнеге (Өнерпез болсаң арқалан)
2-жүргізуші
Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы,күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар- деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге береміз.
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
Орындайтын: Жанель
Қорытындылау:
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяттың, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан, Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал, біз, Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуден, ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Сайысымызды қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дей келе, біз де Елбасымыздың атқан сөзіне қосыла отырып,
“ Абай сөзі-ұлт темірқазығы”
атты әдеби кешімізді аяқтаймыз!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген