Материалдар / " Адалдық адамдықтың белгісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Адалдық адамдықтың белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
771
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ Д.М.КАРБЫШЕВ АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ









СЫНЫП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі»  










Дайындаған:6 «А» сынып жетекшісі

Анарбаева Г.Т.









2019-2020 оқу жыл



Күні:23.12.20ж

Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі»  

Мақсаты мен міндеттері:

  1.  Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау и білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу;

  2. Оқушылардың діни сауатын ашу; Отанын, халқын сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;



Әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Формасы: Топтық жұмыс

Күтілетін нәтиже:

  1. сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық  мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру;

  2. саяси өмірден  хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой  - пікірлерімен санасуға жағдай жасау,

  3. Отанына  адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке  тәрбиелеу.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу

Оқушы назарын сабаққа аудару Көрнекілігі:  Тақырыптық слайд, бейнебаян.

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын мақсатын түсіндіру


Тапсырма:

Оқушылар өздері қалаған орынға отырады Тақырыбын табу  Қызығушылықты ояту. Мағынаны  тану1.     Жеке   жұмыс. «Сыбайлас жемқорлық» -деген не? Оқушыларға  слайдтан   мәтін көрсетіледі.

. «Ерекше сөйлем» әдісімен сыбайлас жемқорлыққа  анықтама беру.



Видео ролик Бейнебаян көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=xsBshj8bDsE


 

 

1.     Сыбайлас жемқорлық  - бұл...

«Сыбайлас жемқорлық» - деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін  негізге алып , құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде  «сыбайлас жемқорлық» - пара беріп сатып алу,  лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

       Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады.  

     ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті  немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

      Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

·        Заңды қатайтып және оның орындалуын  қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.

·        Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін  көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.

·        Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

      Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

 

2.     Жұптық   жұмыс. Мәтінді  пайдаланып, мына кестені  толтырып, пікірлеріңді  қорғаңдар.

 

Сұрақ
Жауап
Себебі
Сыбайлас жемқорлыққа кімдер барады?
 
 
Сыбайлас жемқорлықтың  қоғамға қандай қаупі бар?
 
 Жемқорлықты  болдырмау үшін не  істеуге болады?
  

3.     Топтық  жұмыс. Топтар өз жағдаяттарын  қорғайды, дамытып айтады.

Жемқорлыққа мыналар жата ма?
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма? Неге? Басқаша қалай болуы мүмкін?

2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)

   

Қорытынды: Топтық жұмыс.« Жемқорлық  індет – жою міндет»   тақырыбында  жарнама  жасау.

Қорытындылау. Мұғалімнің сөзі.  https://www.youtube.com/watch?v=U00-OsYsg20











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!