«Келісілді»
Директордың
әдістемелік
ісі
жөніндегі орынбасары
_______
М.С.Бағылбекова
«____»
__________2019 ж
Өткізілетін
күні:
10. 12. 2019 жыл
Өткізілетін
орны:
Үлкен АКТ залы
Өтілетін
уақыт:
14-15
сағ
Өтетін
топ : 1курс
«Сүт өнімдерінің өндірісі»
Тақырыбы:«
Ахмет Байтұрсынов – көсемсөз шебері»
Мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен
шығармашылығын
кеңінен таныту.
2.
Студенттердің әдебиетке деген ынтасын
арттыру,Ахметтің
мол мұрасын таныту
арқылы
ой – өрісін кеңейту
Көрнекілігі:
Ахмет Байтұрсыновтың кітаптары, буклет,
интерактивті
тақта, слайд
1.ЖүргізушіҚайырлы
күн құрметті білімгерлер мен ұстаздар!
Бүгінгі
«Ахмет Байтұрсынов -көсемсөз шебері»
атты Ахмет Байтұрсыновке арналған
кешке қош келдіңіздер!
2.
Жүргізуші Есіл
ердің ардақты ұлдарының бірі ірі ғалым,
әдебиет зерттеушісі, түркітанушы,
дарынды ақын Ахмет Байтұрсыновтың
өмірі , сан алуан еңбектері күні бүгін
сақталып келеді.
1.ЖүргізушіОлай
болса Ахмет
Байтұрсынұлының өмірі туралы слайдқа
назар аударайық
2.
ЖүргізушіАхмет
Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ
тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан
бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ
графикасын жасауға кіріседі. Қазақ тілі
терминдеріне қазақша атау ұсынып, жаңаша
анықтамалар берді.Байтұрсынұлы қазақ
балаларының ана тілінде сауатын ашуына
көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу
құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің
сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа
әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың
еңбектер ұсынды. Байтұрсынұлы қазақ
тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде
қалыптастырып, оның ірге тасын қалады.
Араб графикасына негізделген қазақ
жазуының реформаторы болды.
1.ЖүргізушіАхмет
Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы
қарапайымдылығымен және ішкі мазмұнымен,
жеңілдігі және біркелкілігімен қазақ
әдебиетінде бірінші орын алады.Олай
болса, біз келесі кезекті Ахметтің өз
қыл қаламынан шыққан өлеңдеріне берейік.
Қазағымның
тұғыры биік болсын , деп «Қазақ тілі»әнімен
Ернарды ортаға шақырайық
2.
ЖүргізушіМұхтар
Әуезов былай депті:Ахаң ашқан қазақ
мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң
салған әдебиеттегі елшілдік ұраны -
«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ » газетінің
қан жылаған қазақ баласына істеген
еңбегі, өнер білім, саясат жолындағы
қажымас қайраты, біз ұмытсақ та, тарих
ұмытпайтын істері болатын. Ендігі
кезекті «Ахметтің аманаты» атты
көрініске бұрсақ деп отырмыз
1.ЖүргізушіАхмет
Байтұрсыновтың көптеген кітаптары
Алматы
мұражайында сақталып келеді , қазір біз
бір сәт назарларымызды
экранға бұрсақ деймін.
2.Жүргізуші
1909 жылы
патша үкіметінің саясатына наразылық
білдіргені үшін, Семей түрмесіне жабылып
жатқандағы Ахметтің туған жері мен
елін, анасын және туыстарын сағынып
отырып жазған хатынан үзіндіні көрелік.
1.ЖүргізушіОйшыл
дана өнердің кемеңгері,
Кім
бар жақын қазаққа сеннен гөрі!
Жан
болмаса жұртыңда дәл өзіңдей,
Әлемнің
алыптары білер ме еді ?
2.Жүргізуші
А.Байтұрсынұлы
әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ
төрешісі
ХІХ
ғ заңғар биігі , оны уақыттың өзі дәлелдеп
отыр.Ал, жазушылыққа қоса ұстаздық –
оның ұлылығы.Өйткені «Ұстаздық –ұлы
нәрсе!»
1.Жүргізуші
Сөз
соңында айтарым,мұндай ақыл – ойдың
асқар алыбын, мұндай ұлы халық қана
туғыза алады. Ендеше,біздің қазақ да –
ұлы халық.Ахмет мұраларын сақтау, келешек
ұрпаққа тарату ұлтымыздың ұлы азаматының
аруағы алдындағы бәріміздің де
перзенттік,азаматтық борышымыз.
Олай
болса келесі кезекті Ернардың «Рухтастардың
әні» өлеңіне берейік
2.Жүргізуші
Ендігі
міндет ақыл – ой алыбы Ахметтің асыл
сөз,асыл ойларын санамызға сіңіру,өсиеттеріне
сай еңбек етіп, іс қылу, тәрбиелік құралға
айналдыру.
1.Жүргізуші
Құрметті
ұстаздар мен білімгерлер осымен бүгінгі
«Ахмет
Байтұрсынов -көсемсөз шебері» атты
әдеби кешімізді зейін қойып тыңдағандарыңызға
рахмет, сау болыңыздар.