Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

" Ал қанекей, қыздар!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған материалдар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік « Ал қанекей, қыздар!»

Мақсаты:Балалардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге , оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиеші: Армысыздар , құрметті қонақтар, аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспін.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, мектепалды даярлық тобындағы қыздар арасындағы «Ал канеки кыздар» атты қыз сыны сайысын тамашалауға қош келдініздер.
Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық – деп аналарымызға ән жолдаймыз.

Ән: Хор «Қутықтаймын мама, туған күніңмен!»

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі.

Тәрбиеші: Арулар бар өнерін салар анық,

Өнегелі тәлімі алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:

1. Өзін- өзі таныстыру

2. Өз өнерін көрсету
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/

4. «Ас » сайысы

Тәрбиеші:

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Айнұр Кабидолдиновна

2. Ата-ана

3.Ата-ана


Тәрбиеші:

Ал, енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты:

1 сайыс. Өзін таныстыру

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.-

Сайысқа түсетін арулар өздерін өлең шумақтарымен және ән арқылы таныстыруға болады. Арулардың өзін ұстауы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы барлығы бағаланады.

Тәрбиеші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.- дей келе, құрметті аналар
ұлдардын сіздерге арналған өлең шумақтарын қабыл алыныздар.

1.Алдияр

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

2.Жарас

Анам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашылған.

Күн секілді күледі,

Сипап ылғи басымнан.

3. Бексұлтан

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

4. Рахимжан

Бақытты гой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!

5.Алмас

Анам мені: «Айым» - дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Анам мені: «Күнім» - дейді,

Мен қуансам, күлімдейді.

6. Ерден

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз


2 сайыс . Өз өнерін көрсету

Тәрбиеші: Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Би: Ұлдардың орындауында

3 сайыс. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету

Тәрбиеші:

Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)
Тәрбиеші:

Аялы ғой сипаған.

Алақаның әжетайым.

Арналады сіздерге.

Бүгінгі біздің өленіміз.

1.Ернат

Әже деген көп шығар,

Әже дейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай әсем күлкісі.

2. Ернұр

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

3. Нұрдәулет

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

4. Әлішер

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.



5. Әділет

Қайырымды, қасиетті

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем.

6. Ахмет

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.

7. Алимжан

Айналайын, анашым,

Көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

4 сайыс. Ас

Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп туады.
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады-деп келесі кезекте қыздарымыздың аналарымен бірге дайындаған салат түрлерін тамашалайық.
Тәрбиеші:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.

Ән: « Ақ мамам»

Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
Ата – аналардың құттықтау сөздері

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Келесі сөз кезегі әділқазы алқаларына беріледі.Әділқазы алқасы өз бағасын беріп, сайыскерлерге әртүрлі номинациялар беріп, марапаттайды.

Тәрбиеші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!




























































«№ 45 бейімделген орта мектеп» КММ













Ертеңгілік

«Ал, қанеки қыздар!»
















Тәрбиеші: Раисова А.Ж.

Өскемен қаласы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12