Материалдар / : «Әлем таныған - Әуезов» 8 сынып Сыныптан тыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: «Әлем таныған - Әуезов» 8 сынып Сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тұғыры биік – Тәуелсіздік»


Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік істері, қол жеткен жетістіктерімен таныстыру. Құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей білуге, оған құрметпен қарауға баулу. Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: тақырыбы, үнқағаздар, нақыл сөздер

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

Бүгін біз, еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

ҚР мемлекеттік Гимні орындалады.


Жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.


Құттықтау сөз мектеп директоры - Сыздықова Фарида Аманқызына беріледі


Келесі құттықтау сөз: Жамбыл ауылдық округ әкімі – Жұманалин Тайғазы Санақұлына беріледі


Жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Келмеске мәңгі кеткен бұл жалғаннан.

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің,
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан.
Жалтақтап кете барған боздақтарым.

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды аға, әпкелерімізді естен шығару мүмкін бе?


Оқушылардың сөзі (суреттерін алып шығады)

Гүлбану: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Балауса: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сіздің де ләззат үнің талып естіледі. Сіз тірі болсаңыз, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едіңіз-ау. 
Айдын: Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Ақбаян:1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.


«Елге сәлем» әні. Орындайтын 7 сынып оқушысы –

Қамбар Бекзат


«Айгөлек» би тобының орындауында «Шашу» биі


Жүргізуші:
Қайта оралып тіліміз бен дініміз,

Бар әлемге естіліп тұр үніміз.

Қыршын кеткен бауырлар мен ұл-қыздар,

Тек сіздерге арналады жырымыз!


«Алға, Қазақстаным!» әні. Орындайтын 8б сынып оқушысы –

Қырғызәлі Әліби


Келесі кезекті оқушылардың әдеби монтажына береміз.



Жүргізуші:
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі!


Көрініс: «Азаттықтың ақ таңы»

Сахнада алаңда тұрған бір топ жастар, қолдарында плакаттар (Д.Қонаев суреттері) және ұрандар (Әр ұлтқа өз көсемі) шулап, қол сермеп тұр.

Дауыстар:

-Қашанғы өз елімізде өз көсемімізді сайлай алмаймыз?

-Тіліміз жойылып, мәңгүрт болуға айналдық!

-Алматыда қазақтарға пәтер бермейтін болды!

-Бізді қашанғы басына береді?

Солдаттар келеді, қолдарында резина таяқ, сапер күрегі.

Командирі (Мадина) : -Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

Жастар(шулап): -Тарамаймыз, бізге жауап берсін!

Солдаттар тап беріп, ұрып-соғып, қуып таратады.

Сахна қайта ашылып, мұңды мелодия ойналады.

КГБ тергеушісі алдында Қайрат Рысқұлбеков отыр. Басы таңылған, азапталған.

Тергеуші(Бекарыс): Слушай, сен ақымақ қазақ, сені алаңға кім шығарған? Жастарды үгіттеп жүрген кімдер? Кәне сөйле!

Қайрат(Нариман): Азамат тергеуші, мені алаңға шығарған өз жүрегімнің қалауы, қорланған тілімді, дінімді көріп оянған намысым!

Тергеуші(Бекарыс): Қалай түсінбейсіңдер, жарты әлемге әмірін жүргізіп отырған Мәскеу билігіне қарсы шығатын сендер кімсіңдер? Сорлылар тұқымдарыңмен тоз-тоз боласыңдар!

Қайрат(Нариман): 

Қайрат деген атым бар!

Қазақ деген затым бар!

Еркек тоқты құрбандық!

Атам десең атыңдар!

Тергеуші(Бекарыс): Мә, саған еркіндік, мә саған тәуелсіздік (ұрып, тебе бастайды) Конвой, мынаны карцерге тастаңдар, құрт-құмырсқа жесін!

Ес-түссіз Қайратты сүйретіп алып кетеді. Тағы да мұңды мелодия ойналып, кадрлар көрсетіле бастайды. (Желтоқсан желі, Қара бауыр қасқалдақ ойналады)

Жүргізуші:

1986 жылдың 17-19 желтоқсан күндерінде Алматыда болған көтеріліске қатысушы қазақ жастары қуғын-сүргінге ұшырады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қайсар ұл-қыздары құрбан болды.


Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай немересі. Немерелерін қызықтап, айналып толғанып отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі «Сүйіншілеп» айқайлап кіреді.

Немересі (Әли): Сүйінші ата! Сүйінші әже!

Атасы (Бекарыс): Не болды қарағым?

Әжесі (Аяжан): Я, АЛЛА қолдай көр өзің, тыныштық болар!

Немересі (Әли): Сүйінші ата! Сүйінші әже! Тәуелсіздік! Біздің ел өз тәуелсіздігін, жариялады! Енді біз егемен ел болдық!

Әжесі (Аяжан): Не дейді қарағым? (Қолын жайып жоғары қарап) көз жасымызды Алла көрген екен ғой!

Атасы (Бекарыс): Әй, бәйбіше ақ түйенің қарны жарылды, көшеге шығайық жүр. Шашуыңды ал, шашуыңды!

Әжесі шашу шашады

Сахнаға қолдарына жалау ұстаған барлық қатысушылар шыға бастайды.. Шулаған дауыстар:

- Тәуелсіздік жасасын!

- Қазақ елі мәңгілік ел болсын!

- Тәелсіздік құтты болсын!


Ән: «Елім менің, Аңсаған!» Орындайтын 7-сынып оқушысы

Қамбар Бекзат


Күй: «Қосалқы» Орындайтындар – Көшкімбай Әліби

Алпысбай Ерік

Сылқымбек Бейбарыс


Жүргізуші:

Тәуелсіздік алып, ел болып есімізді жинаған күннен бастап, қазақтың қамын ойлайтын перзенті, елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің жоғын жоқтап, асылын ардақтап келеді. Бүкіл әлем қызыға қарайтын еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық – Елбасымыздың сындарлы саясаткерлігінің жемісі. 1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздігін әлемге паш етіп, мойындатты. Еліміздің жүрегі, жастардың үміт тірегіне айналған, әлемге Қазақстан Республикасының мәртебесін асқақтатып отырған – Астанамыз, бүгінде әр қазақтың мақтанышы!

Ән: «Астанам» орындайтын 10а сынып оқушысы – Ақберді Алтынай


Жүргізуші:

1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік таңы арайлап атты!

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..



Ән: «Мен қазақпын», орындайтын 8а сынып оқушысы - Жақаш Әли


Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. 
Мерейің құтты болсын Қазақстан,
Ғасырлар тойы болшы келе берер! 

Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіреп, қазақ елі мәңгілік ел болсын деген тілекпен бүгінгі «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» атты әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз. Тәуелсіздік мерекесі тағы да құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


















































Абай орта мектебі











Тақырыбы:




Тұғыры биік – Тәуелсіздік!


(әдеби-сазды кеш)


















Сыныбы: 8а,б

Мұғалімдер: Эшанкулова Г.

Досимова Р.





2018-2019 оқу жылы






Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңкеге күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Сыртымыздан қашанғы билейді бұл?



Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.



Естідіңдер ме?
Бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды?
Қашанғы шыдаймыз?
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.















































Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.




Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәттібоп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.






19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сіздің де ләззат үнің талып естіледі. Сіз тірі болсаңыз, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едіңіз-ау. 
Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Қазақ  жері – қонақжай  төрлер  жері

Қазақ  елі – қас  сақтай  ерлер  елі

Елі  кедей  болмаған , жері  байтақ

Едігедей , Бабырдай  шерлер  елі

 

Қазақ  жері  көп  шеккен  қасіретті ,

Қазақ  жері  өнерлі , өсиетті .

Египетті  билеген  Бейбарыстай ,

Елі  текті , киелі  қасиетті .


Ел  болдың  ерік  алдың  Астаналы .

Енді  кімнен  қазағым  жасқанады  ?

Тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі .

Нұрсұлтанның  атымен  басталады .





Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!



Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!