Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

: Ауа –райы деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Жамбыл облысы , Тұрар Рысқұлов ауданы,

Алғабас шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы

Сынып: 1

Ортақ тақырыбы: Бізді қоршаған әлем


Бөлім:Климат және ауа райы

Сабақтың тақырыбы: Ауа –райы деген не?



Пәні: Дүниетану


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.3.1. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Жыл мезгілдеріне орай табиғатты біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты қалай өткізу керек екен айту.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жыл мезгілдеріне орай табиғатты сипаттау.

Бағалау критерийлері

Жыл мезгілдерін ажыратады.

Жыл мезгілдеріне қатысты бос уақытты өткізу жолдарын атайды.

Тілдік мақсат

Оқушылардың қолынан келеді, кеңістіктегі дүниені қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттау.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

ауа райы – погода – weather;

жыл мезгілдері – времена года – seasons; қыс – зима – winter;

көктем – весна – spring; күз – осень – autumn; жаз – лето – summer.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жыл мезгілдері несімен ерекшеленеді?

  2. Қай мезгілде бос уақытты көбірек өткіземіз?


Не себепті......деп ойлайсыз?

Не себепті жыл мезгілі ауысып отырады?

Не себепті ауа –райы адамдардың көңіл күйіне әсер етеді?

Не себепті демалысты табиғатта өткізу керек деп ойлайсың?

Алдынғы оқу:

Осыған дейінгі бөлімдерде келесі тақырыптар қарастырылды: үй, отбасы, достық және мектеп. Бұл бөлім - әлемді жалпы қарастыратын логикалық жалғасы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы



Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қоршаған орта табиғат,

Жануар,өсімдік,адамзат.

Сүю, қорғау-парасат,

Білейік мұны жамағат.

Мазай ка әдісі бойынша топқа бөлу.


Жұмбақ шешу.

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Көшiп жүрiп желменен,
Сеуiп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт)

Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр)

Аспаннан ақ ұлпан борады,
Қырқаны сейсепке орады.  (Қар)


Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады. (Найзағай)


Жыл мезгілдерінің суреттері,

Ауа-райы белгілері

Ортасы




1 тапсырма. Топпен жұмыс

Суреттегі жыл мезгілдерінің атауын жазыңыз.

Суретке сүйеніп, бос уақытты табиғатта қалай өткізуге болатыны туралы топта ой

бөлісіңіз және әңгімелеңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- жыл мезгілдерінің атауын жазады;

- бос уақытты табиғатта өткізудің мүмкіндіктері туралы

әңгімелейді.


2. тапсырма. Жұптық жұмыс

Суреттерге мұқият қараңыз. Бос уақытты табиғатта өткізуге қолайлы болатын ауа райы бейнеленген суретті белгілеңіз. Мұндай күндерде бос уақытыңызды қалай

өткізер едіңіз? Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- бос уақытты табиғатта өткізуге қолайлы ауа райын

бейнелейтін суретті анықтайды;

- бос уақытын табиғатта өткізу туралы жоспар жасайды.

Сергіту сәті.

Жел көтеріп желкіді.

Қатты дауыл соқты

Ұсақ жаңбыр сіркіреді

Кенет нөсер жауын құйды.

Бұршақ жауды

Тағы нөсер жауды

Ұсақ жаңбыр сіркіреді

Дауыл соқты

Жел соқты

Жел басылып келеді.

3 тапсырма Жеке жұмыс

Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаңыз және

байланыстырып сызыңыз. Адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінеді?


Дескриптор: Білім алушы

- ауа райына сәйкес суреттерді анықтап, сәйкестендіреді;

- адамдардың ауа райына сәйкес киіну себебін әңгімелейді.


















Соңы




Кері байланыс.


Кері байланыс

  • Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бир қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.










Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Суретер бере отырып тапсырмаларды орындатам.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Жеке жұмыс кезінде:

«Өте жаксы» – жұлдызша

«Жақсы» – төртбұрыш

«Қанағаттанарлық» - үшбұрыш


Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Дүниетану, жаратылыстану,

Табиғатты қорғау, аялау.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2019
424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12