Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Бастаулардың бастауы" өзін-өзі тану сабағының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасындағы бауырмалдық пен адалдық мағынасын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Есіл қалалық №3 орта мектебі Мерзiмі: 18.06.2020ж 12

Тақырыбы: Бастаулардың бастауы....

Құндылық:СүйіспеншілікҚасиеттер:Бауырмалдық, адалдық, жауыпкершілік.

Мұғалiм: Иманбаева А.Т. Сынып: 3 Оқушылар саны: 20


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы бауырмалдық пен адалдық мағынасын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құрдылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік:бауырмалдық пен шыдамдылық туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:  бауырмалдыққа ,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (интербелсенді тақта,слайд.мақал-мәтел кітабы,суреттер,маркерлер)

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi. (2 мин) Топқа бөліну.

5 «Т» ережесі

    1. Тәртіп

    2. Тазалық

    3. Талап

    4. Тыныштық

    5. Татулық

Тыныштық сәтi. «Дамыту жаттығулары» (2 мин)

Денемізді тік ұстап,аяғымызды қатар қойып денемізді еркін ұстап отырамыз.Көзімізді жұмып отырып әсем табиғат көрінісін елестету арқылы ойымызды реттейік.Тамаша табиғат.биік ағаштар мен қызыл-жасыл гүлдер.Таудың басынан ағып жатқан мөлдір бұлақ.Жоғары, төмен құстар ұшып жүр.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

Қасым Қайсеновтың «Үйді сағындым» әңгімесі.

Қасым Қайсенов-аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы,«Халық қаһарманы».

Талқыланатын сұрақтар:

  • Адам туған үйін үнемі сағынып тұруының себебі неде?

  • Туған үйдің жылылығын қалай сезінесің?

  • Туған үйге сүйіспеншілігіңді қалайша білдіресің?

  • Өзің туған үйіңді не үшін жақсы көресің?


Сабақ барысын талқылау:










Музыка ақырын ойнап тұрады







Оқулықта 56-57 беттерде



Дәйек сөз. Отбасы – жылылық ұясы. Нақыл сөз (2 мин)


  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Нақыл сөзді топтар кезек, кезек және барлығы хормен дауыстап айтады.

Дәптерге жазып алу.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). (7 мин) Мұғалім сыйы.

«Өз үйім – өлең төсегім» Аңыз желісі бойынша.

Жиренше шешен хан сарайында тұрған күндері ханнан «үйіме барып келейін» деп сұрана беріпті. Үйіне барып қайтуға рұқсат бергеннен соң, хан «менің сарайымнан артық көретін бұның үйі қандай екен?» деп ойлап, соңынан келіп қараса, «өлең» деп аталатын майда шөпті төсеп, үш таяқтың басын қосып байлап жасаған күркеде аяғы сыртқа шығып, рахаттанып ұйықтап жатыр екен. «Өз үйім – өлең төсегім» деген сөз содан қалған екен. Ауыспалы мағынасы әркімнің өзі туып-өскен үйі елге қораша көрінсе де, өзіне жайлы, көзіне ыстық көрінеді дегенді білдіреді.


1 сұрақ: Жиренше шешен қайда тұрған екен?

2 сұрақ: Ол неге өзінің үйіне барғысы келді?

3 сұрақ: Әркімнің өзі туып – өскен үйі неліктен ыстық болады деп ойлайсыңдар?

4 сұрақ: Алысқа кеткенде өз үйіңді неге сағынасың?

«Саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің сазасы..»

6 сәуір,2011ж. 15960

Ана тілі газеті.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (15 мин)

4 тапсырма (1 топ)

Сурет бойынша әңгіме құрастырып айту (жазу)

5 тапсырма (2 топ)

Отбасы ережесін құрастырып жазу.

6 тапсырма (3 топ)

Өз отбсыңдағы жақындарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді атап айтыңдар.

4 топ- Отбасы туралы мақал-мәтелдер жазу.






Оқулықта 58-59 беттер.












  1. Үй тапсырмасы. (1 мин)


Ермек Өтетілеуұлы

«Біздер сәлем береміз» өлеңін түсініп оқып келу,

сәлемдесу түрлерін жазып алу.





Оқулықта 60 бетте.

  1. Топпен ән айту. (5 мин)

Қошақаным қайда екен?

Өлеңін жазған Сабырхан Асанов

Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен?!

Шекер мекен бал ма екен?!

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?!


Атам болса жем берді,

Әжем оған су берді.

Қошақаным тойып ап,

Тастан-тасқа секірді.

Қайырмасы:

Қозыларым жүр ме екн?

Ерке сұлу сол ма екен?!

Мені қашан келер деп,

Сағынып ол жүр ме екен?!

Қайырмасы:





https://youtu.be/pitqRPDChqM

  1. Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)


Мұғалімнің сөзі:

  • Оқушылар, сабағымыз аяқталуға таяп қалды, барлығымыз тыныштықта отырып, бүгінгі сабақта не туралы айтқанымызды еске түсірейік! Сабақтың өздеріңе ұнаған жерлерін естеріңде сақтаңдар.Жүрек жылыуымен бойымызға сіңірейік..

  • Ал енді көзімізді ашайық. Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды тілек ағашына жазайық. Сау болыңыздар.





Музыка ақырын ойнап тұрады













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12