«Біз спортты
сүйеміз» отбасылық сайысы
Тақырыбы : «Біз спортты
сүйеміз» отбасылық сайысы.
Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды
орындата отырып , спортқа деген
қызығушылық-
тарын арттыру. Салауаттану –
адам жанының да ,
тәнінің
де тазаруы, денсаулығының нығайуы
,
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: доптар, кеглилер,
шығыршық, доп,
шелек,
арқан, секіртпе, кубиктер,
қаптар.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай
ма,
Арман болған талайға
Болмасаң
да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті әріптестер,
ата-аналар және балалар бүгінгі «Біз спортты
сүйеміз»
отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер. Көңілді жарысымызға
бала-бақшамыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы
командаларды
шақырамыз)
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
1_________________________________________________отбасын шақырамыз.
2_________________________________________________отбасын шақырамыз.
3_________________________________________________отбасын шақырамыз.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен
бастаймыз (әнұранды орындау)
Құрметті сайысқа қатысушылар қанеки бойымызды
қыздырып , жаттықтырып алайық
.
/спорттық әуенге / жаттығу
жасау.
Жүргізуші: «Т о л а ғ а й » отбасылық сайысы
-еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын –
сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.
Ал,
құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық
1.
Балабақша әдіскері:
2. Балабақша
меңгерушісі:
Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
1 Кезең: үй
тапсырмасы шарты:
(әр отбасы тобын, ұранын
айтып таныстырады)
2 Кезең: «Такси»
Ойын
шарты:Әкесі шеңберді ұстап жүгіріп келіп анасын содан соң баласын
ұстап жүгіру. Келесі
ойын осы бағытта жалғасын табады. Қайтқанда анасы
шеңбермен отбасын тасыйды. Бірінші
аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Қалыспа, дайындал,
алға!
3 Кезең: «Тез жеткіз»
Ойын шарты: Бастапқы орыннан
бірінші әкесі баласын арқасына
отырғызып апарады,қайтпрда жүгіріп қайтады.Анасы жүгіріп барып
баласын қолынан ұстап секіріп қайтады.
Қалыспа, дайындал,
алға!
4
Кезең:
«Көңілді
поровоз»әкелер мен аналарға арналған
ойын
Ойын
шарты: Әкесі мен
анасы жолақшамен мәреге барып,қайта
қайтады..
Қалыспа, дайындал,
алға!
5 Кезең:
«Аналар
сайысы»
Ойын
шарты:аналар қарама-қарсы тұрып белгі бергенде
жердегі сандарды жылдам алулары
қажет.
Қалыспа, дайындал,
алға!
6 Кезең: «Әкешім менің
мақтанышым»
Ойын
шарты:
Әр команда
әкелері шеңбер құрып тұрады да,мәре сызығына дейін шарды жерге
түсірмеә барып,қайта
келеді.
Қалыспа, дайындал,
алға!
7 Кезең: «Біз бақытты
отбасымыз» отбасылық
ойын
Әуен қосылғанда отбасылар шашырап
жүгіреді,белгі бергенде отбасылар бірге жиналып тұру
қажет.
Қалыспа, дайындал,
алға!
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін
береміз.
(Әділқазыларды тыңдау)
Біз
қазақпыз,
Ел үшін атқа
мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа
кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан
қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе
бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып,
отбасылық сайысқа
қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға,
алғысымыз
шексіз! Жақсылықта, амандықта
жүздескенше сау саламатта
болыңыздар!
|