400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Денелерің шынықсын саналарың тынықсын »

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

08.02.2019ж

Тақырыбы: « Денелерің шынықсын саналарың тынықсын »

Мақсаты:Балаларға көңіл күй сыйлау, денелерін шынықтыру, жылдамдыққа, ептілікке баулу, денсаулықтарын нығайту, дене шынықтыру сабағына қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құрал жабдықтар : Музыка, бөрене,беске дейінгі сандар,доп,тор қалта, таяқша ,секіргіш доп, кедергілер, ысқырық , шығыршық , текшелер , аяқ массажына арналған кілемше,гемнастикалық орындық ,аққаланың кағаздан жасалған мүсіні ,гемнастикалық қабырға,сырғанақ,тунель, гемнастикалық шығыршық,көз байлағыш.

1. Барабан соғып ленталарды желбіретіп ,залға кіру

Шеңбер құрып тұру.

Келген қонақтармен амандасу.Ашық сабағымызға қош келдіңіздер.

2.Сабағымызды лентамен жаттығуларынан бастаймыз: шеңбер бойымен тұрып лентаны жоғары ұстап ,оңға ,солға иілу,лентаны оң қолмен сілкілеу,сол қолмен сілкілеу,лентаны керіп жоғары ұстап оң аяқты жанға созу,сол аяқты жанға созу,лентаны алға сілкілеп әртүрлі фигура жасау,лентаны жоғары көтеріп бір орында қос аяқпен секіру.

3.Екі топқа бөлініп тұру.

Қыран тобы .

Болашақ тобы

Біздің ұран

Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,

Жігерліде білімді айбаттымыз.

Тақпақ:

Нұржібек:

Мен қыранмын – еркіндікті құп көрген

Мақтанамын қазақ деген мықты елмен

Мен бар жердің несібесі молайып,

Мен бар жерге әрқашан құт келген !

Сезім:

Бақыты боп бар елдің

Алар талай байрақты

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда



4. 1-кезең : Торға доп салу

Шарты:Беске дейін санап барып торға доп салу.

5. 2-кезең : Ине ағашпен су тасу.

Шарты:Ине ағашты көтеріп, гемнастикалық орындық үстінен жүріп өтіп,ине ағашты бір ,екі, үш деп жоғары көтеріп түсіру.

6. 3-кезең : Аққала жасау

Шарты: Аққағаздан ойылып дайындалған,аққала мүсінін құрап орын орнына қою.

7. 4-кезең : Шығыршықпен допты алып жүру

Шарты: Кедергілер ортасынан ирелеңдеп ,допты шығыршықпен сүйреу арқылы жылжытып алып жүру.

8. 5-кезең : Денелерің шынықсын

Шарты: Шығыршықтан секіріп өтеді,текшеден басып өтеді,аяққа арналған кілемшеден басып өтеді,бөренеден аттап өтеді, гемнастикалық қабырғадан өрмелеп түседі, гемнастикалық шығыршықтан тартылып, сырғанақтан сырғанап,тунельден еңбектеп өтеді.

9. 6-кезең : Жалпы дамыту жаттығуы:

Шарты: Шаршасаңдар , балалар

Қолдарыңды созыңдар,

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер,

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

10. 7-кезең : Көпірден өт

Шарты: Гемнастикалық орындық үстінен екі қолдарын жандарына созып ,тепе – теңдікті сақтап жүріп өтеді.

11. 8-кезең : Екі таяқшамен жүгіру

Шарты: Кедергілер арасымен екі таяқшаның басын біріктіріп жүгіріп өтеді.

12. 9 –кезең : Соқыр теке

Шарты: Бір баланың көзі байланады,қалған балалар шеңбер құрып тұрады.

Бота бұзау ,қозы ,лақ,

Қайда кеткен құлыншақ,

Соқыр теке бақ бақ,

Мені іздеп тап тап – деп соқыр текені түртіп қашады.

Осымен оқу қызыметіміз аяқталды сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі