Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Экологиялық тарбие берудегі жаңашыл идеялар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, қастерлеуге жойылып бара жатқан өлкеміздегі жануарлармен құстарға қамқар болып, олады суретке түсіріп фотобасылымдар шығаруға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«А. Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Жаратылыстану - матаматикалық бағыты




Баяндама



« Экологиялық тәрбие берудегі жаңашыл идеялар»






Биология пәнінің мұғалімі: Мухымбаева Асель Асылбековна

Нұрлыбаев а/ә, Қарақыр ауылы

Тел: 8747 828 36 07

аtuyakbaevzhom@mail.ru

2018-2019 оқу жылы.




Аннотация



Баяндама экологиялық тәрбие берудегі жаңашыл идеялар деген тақырыбында жазылған.

Баяндама ұстаздың ізденімпаздық шығармашылдығынан туындаған идеялардан құралған еңбек.

Еңбекке экологиялық тәрбие беруде ,өте тиімді іс- шара және өмірмен тығыз байланыстырылған түрлері көрсетілген.




В этом докладе на основе экологического воспитания в духе новшества.

Даклад основан на педогогические творчество иследовательские идеи учителя.

В этом труде очень выгодное мероприятия и трудовом экологическом воспитании тесно связаны с жизнью.

























Тезис


  • Экологиялық мәдениет экологияны танып-білу, мінез-құлық,

жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау


  • Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттін ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады


  • Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, мұғалімменен оқушы ізденістерін талап етеді.



































Shape1

МАҚСАТЫ






  • Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол

бермеу;

  • Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын

қалыптастыру;

  • Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы

табиғатты қорғау, күту және жақсарту;

  • Экологиялық білімді насихаттау.


Shape2

МІНДЕТТЕРІ










    • өмірде және нақты іс-әрекетте экологиялық білімді қолдана білу;

    • табиғатты қорғау мақсатында оқушыларды пайдалы еңбекке баулу;

    • мектепте білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру;

    • оқушыны өзі тұрған аймақтың табиғатын қорғауға үйрету;

    • оқушыларды табиғатты зерттеу жұмыстарына тарту.









« Қазақтардың байқағыштары көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылап отырған олардың халықтық даналығы көптеген қызықты көптеген қызықты толықтырулар мен тұжырымдамаларды жинақтаған »

А.Н. Формозов


Бүгінгі таңда экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері қазақстандық ғалымдардың назарынан тыс қалмай Н.С. Сарыбеков, А.С. Бейсенова, М.Н. Сарыбеков, М.А. Лигай, Г.К. Длимбетова, Ұ. Есназарова, Ж.Ж. Жатқанбаев, А.Г. Сармурзина, В.В. Егоров және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Мәдениет – тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан құндылықтар, осы құндылықтармен адамдардың өзара байланысы, олардың оны игеруі мәдениеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет–адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық - әлуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым – қатынастар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады.


Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттін ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым–қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр – сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі [1, с. 39].


Демек, экологиялық мәдениет экологияны танып-білу, мінез-құлық, жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, сақтай білу дегенді түсіндіреді деуге болады. Экологиялық мәселелердің қатарына өсімдіктерді, жан-жануарларды күте білу және табиғат аясында өзін-өзі алып жүру ережелерін сақтау да қосылады. Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А. Сухомлинскийдiң пiкiрiнше экологиялық мәдениет дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен таби-ғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу.


Енді осыны қалай және қандай жолмен жүзеге асыруға болады деген сауалға тоқталсақ. Экологиялық мәдениеттің қалыптастыру экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттеріне сәйкес келеді. Экологиялық тәрбие берудің көптеген сыныптан тыс, сабақ үстінде, пәнаралық байланыстар арқылы, арнайы курстар арқылы беруге болатыны теориядан белгілі.


Соның бірі сыныптан тыс жұмыстарға тоқталсақ. Сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие беру мақсаты: оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиесін біржақты етпей, бағдарламада қаралған білімдерді тереңдету, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын және оны қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс жүргізу үрдісінде қарапайым заңдылықтар анықталады, табиғаттың жекелеген түрлері мен құбылыстардың арасындағы байланыстар анықталады, сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсінігін кеңейтеді, дұрыс дүние танымының қалыптасуына жағдай жасайды. Сыныптан тыс жұмыстарда өз өлкесінің экологиялық жағдайы, қоршаған орта, дүние туралы ғылыми біліммен тұжырымдар сипатталады.



Экологиялық білім беруде келесі идеялармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:



1. Ғылыми конференциялар ұйымдастыру


2. «Экобасылымдар» жасау.


«Экологиялық нұсқау» көрме .


2) Экобасылымдар - альбом, газет, кітапшалар т.б. шығару. Мысалы: "өлкеміздегі жойылып бара жатқан құстар " кітапшалары, "Өскен өлкем" альбомы, "Табиғатта жүру ережелері" т.б. шығаруға болады.


3) Экологиялық нұсқаулар – бір кездерде педагогикада кең таралған, біздің оқу жүйемізге енді қайтарыла бастаған жұмыс түрі. Әрбір нұсқау- экологиялық мәдениеттілікті дамытуға бағытталған кішкене бір жұмыс бөлігі, қысқа мерзімділік, жылдам өзгертіп отыруға болады. Ұсынылған нұсқаулар бастауыш сынып оқушыларына тартымды, қызықты болу қажет. Мысалы:


"Көрген жануарлар шеруі". Көрген жануарлардың суретін, фотосын жинап, аттарын жазып, сипаттау. Баланың есте сақтау, іздену, сөздік қорын, байқағыштығын дамытады. Қорытынды ретінде көрме ұйымдастырылып, жануарлармен болған қызықты кездесулер жайлы айтып беруге болады.

«Жасыл өлкем макеті»– бұл тұрған жердің ластану көздерін анықтап, қоқырлар, өзен суы уланған жерлерді көрсете отырып, сол жердің картасын сызу. Тақырыпқа арналған карталар да сызуға болады. Мақсаты: маусымдық өзгерістерді бақылау арқылы, экокарта сызуға үйрену. Шартты белгілерді оқи білу қабілетін дамыту [2, с. 9].

Сонымен, экологиялық мәдениет өзіне – экологиялық білімді және табиғаттың өмірімен әдеміліктің қайнар көзі екенін түсіндіруді, табиғат пен қарым – қатынас туған адамгершілік – эстетикалық сезімге байланысты, оны сақтауға жауапкершіліктің болуы, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтауда әрбір іс - әрекет мөлшерін қадағалауды кіріктіреді. Бұл жастағы бала өзін қоршаған ортадан бөле бастайды олар қоршаған ортаға деген эмоционалды құнды қатынас дамиды, бұл қатынас баланың тікелей табиғатпен қарым – қатынас кезінде, табиғат аясында өзін өзі ұстауы кезінде көрінеді. Бұл жастағы балаларға табиғатпен қарым – қатынас жасаудың нормалары мен заңдарын экологиялық білімді қалыптастыру тиімді келесі негізгі тапсырмаларды шешу; оқушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін анықтау; оқушылардың экология жайлы қабылдауларын түзету.


Осыларды ескеріп, негізге ала отырып, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, мұғалімменен оқушы ізденістерін талап етеді.



ӘДЕБИЕТТЕР


1. Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры, 1980, №2.


2. Мұқамадиева Ш.С “Дүниетану” сабақтарында бiлiм беру және тәрбиелеу. 1-2 сынып - Өскемен: 2000.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12