– грек-рим күресінен спорт шебері Алмат Кебіспаев.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

– грек-рим күресінен спорт шебері Алмат Кебіспаев.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі сұхбатымда қонақта – грек-рим күресінен спорт шебері Алмат Кебіспаев. Алмат Кебіспаев – кәсіпқой грек-рим күресшісі. Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, 2009 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлде иегері, 2011 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-При жеңімпазы, Мәскеуде өткен Әлем Чемпионатының қола жүлде және Стамбұлда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлде иегері. Қазақстан Республикасының қызмет көрсеткен спорт шебері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінгі сұхбатымда қонақта – грек-рим күресінен спорт шебері Алмат Кебіспаев. Алмат Кебіспаев – кәсіпқой грек-рим күресшісі. Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, 2009 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлде иегері, 2011 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-При жеңімпазы, Мәскеуде өткен Әлем Чемпионатының қола жүлде және Стамбұлда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлде иегері. Қазақстан Республикасының қызмет көрсеткен спорт шебері.

  • Сәлеметсізбее, бүгінгі біздің сұхбатымызда қонақта Алмат Кебіспаев.

  • Сәлеметсізбе, мені осылай сұхбат алуға шақырғандарыңызға рахмет!

Сұрақтарымызға келетін болсақ:

Ең біріншіден, күреске қалай келдіңіз?

Неше жасыңызда күреспен айналысып бастадыңыз?

Осы күрес түрімен айналысуға кім септігін тигізді?

  • Күреспен алтыншы сыныптан бастап айналыстым. Бала кезімде нағашы ағамның күрескенің көріп еліктедім. Ауыл балаларымен бірігіп, күреске қатысып кеттім. Жалпы, 12 жасымда алғаш рет күрес залына барып бастадым. Кейін күреске қатысып жүріп, Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіров секілді ағаларымды тани бастадым. Сол кісілерге ұқсағым келіп, күреске деген қызығушылығым арта түсті.


  1. 2021 жылдың қараша айында Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болдыңыз. Жалпы, жарыс сіз үшін қалай өтті?

  • Жыл басынан мықты дайындықтардан өттік. Олимпиадаға жолдама ала алмағаннан кейін, туған жеріме барып 1 айдай демалдым. Әлем чемпионатына барынша психологиялық түрде өзімді дайындадым. Жалпы 4 белдесу өткіздім. Бірінші, екінші белдесуімде Европа чемпиондарымен жолықтым. Алғашқы қарсыласым Беларусия өкілінің балуаны болса, екінші қарсыласым жергілікті кілемнің қожайыны Норвегиялық балуан болды. Екі қарсыласымды да жеңіп, жартылай финалдық белдесуімде Ресей балуанына есе жібердім. Үшінші орынға таласта Түркия елінің балуанымен кілемде жолығып, қола медаль жеңіп алдым.


  1. Ширек финалда есе жібергеніңіз үшін, ішінізде бір өкініш болдыма?

  • Ия әрине, іштей бәрібір бір өкініш болады. Ширек финалда тушеге басатын жерден жіберіп алғаныма “әттеген-ай” деген ой болды. Дегенмен де, қолаға қол жеткізгеніме де қуандым.


  1. Соңғы кезде дайындығыңыз қалай болып жүрді?

Пандемия қалай әсер етті? Жаттығуыңыз тоқтап қалмады ма?


  • Дайындағым өте жақсы болды десемде болады. Жаттығуымды ештеңеге қарамастан тоқтатпауға тырыстым. Барынша еңбектендім. Осындай еңбектің арқасында, көрсеткен нәтижеміз оң болды.


  1. Сіз енді спорттық карьеранызды аяқтап, жаттықтырушы болады екенсіз. Спорттық мансаппен қоштасқанда қимастық болдыма?

  • Ия, болды. Не дегенмен, қимастық болады ғой. Қаншама жыл осы ортада болдым. Көптеген таныстарым, достарым бәрі осы салада десемде болады. Не дегенмен, енді өзімнің тәжірибемді жас балуандармен бөлісетін боламын.


  1. Не үшін әрі қарай спорттық карьеранызды жалғастырмадыңыз? Жаттықтырушы болуға не себеп болды?

  • Басшылық тарапынаң маған осындай ұсыныс түсті. Мүмкін, бапкерлік қызметте мені пайдалы деп санаған болар. Жас балуандармен өз тәжірибеммен бөлісіп, әрі қарай жаңа белестірді бағындыруға көмектесетін боламын!

  1. Енді,, келешекте өсіп келе жатырған балуандарымызға қандай кеңестер беретін едіңіз? ( Өзіңіздің тәжірибеңізден айта кетсеңіз болады)

  • Үлкен арман кішкентай мақсаттардан құралады. Уақыттарыңызды бос өткізбеуге тырысыңыздар. Керісінше, әрдайым күн сайын уақытылы жаттығу жасап, үнемі ізденісте болыңыздар. Ешнәрсе, оңайлықпен келмейді. Әрине, қиындықтар болады. Бірақ, ол қиындықтарға берілмеу керек. Еңбектенсең, жемісін көресің.

  • Жақсыы, сұхбатыңызға рахмеет! Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Сау болыңыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2022
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі