Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Желтоқсан жауқазындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

Ертеңгілік тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Өту барысы:

Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың

Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығындай азаттық

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың

Әнұран орындалады

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар .Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

-Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі-Қайрат Рұсқұлбеков .Ол қыршын жасын қиды.Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіне қуанам да,сүйенем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Лаззат Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді,және Сабира Мүхамеджанова, Ербол Спатаев деген жастарымыз желтоқсан оқиғасында ерліктерімен көзге түскендер.

Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік

Бас алаңда ел жосқан

Жастар қаны жуған түн.

16-желтоқсан Тәуелсіздік туған күн!

Міне, балалар,бүгінгі таңда Қазақстан туелсіз мемлекет.Біздің озіміздің туымыз,елтаңбамыз,әнұранымыз бар.Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар.Жақсы оқып,үлгілі,тәртіпті болыңдар.Өз елі мен жеріңді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Ендеше мерекеге арнаған тартуларыңды ортаға сала

қойындар.

Азамат:

Менің Отаным Қазақстан, мен тақпағымды Отаныма арнаймын.

Отаным, жерім, ауылым

Әкешім, ана, бауырым

Отанның сүйем құм тасын

Сүйемін қарын жауынын


Үміт:

Отаным - елім, кең далам

Құстары биік самғаған

Мен сенің Отан бір балаң

Қорғауға өзін арнаған.


Амира:

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың бауырың

Отан үлкен Астанаң.

Оған жақын бауырың


Айару:

Мен Қазақстанымды шексіз сүйемін.

Қазақстан - елім менің

Отаным - жерім менің

Өзіңнен өскен тарап

Ата - бабам тегім менің


Аялы:

Сені Отан қасиетті

Сүйеді бар ұланың

Байрағы желбіреген

Астақтап әнұранның.



Нұрислам:

Ал мен елімді қорғайтын батыр боламын

Мен кішкентай баламын

Тайдай өсіп толамын

Талабым биік асқар шың

Ел сүйген ер боламын


Назерке:

Мен елтаңбамды қадірлеймін, сол жайында айтамын.

Шаңырақтан таралған

Қос пырақтай бар арман

Татулық пен елдігім

Жанерке:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалар мен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық

Алина:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бақдәулет:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Құрметті ата - аналар, қонақтар, еңселі еліміздің егемендік алған ортаңғы топ бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген тілекпен, сіздермен коштасамыз.





 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12