Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Желтоқсан желі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Біз,бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-(мың тоғыжүз сексен алтының) желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі»- атты 4 «Ә» сыныбының тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы



Теміртау қаласы әкімділігінің «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп –гимназиясы» КММ

















Тақырыбы: « Желтоқсан желі»

/ тәрбие сағаты /











Бастауыш сынып мұғалімі:

Маханбетова В .Б

















2017 ж


Күні: 15.12.2017

Тақырыбы: « Желтоқсан желі»

Ақниет: Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Біз,бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген

әйгілі 1986-(мың тоғыжүз сексен алтының) желтоқсанына арналған

«Желтоқсан желі»- атты 4 «Ә» сыныбының тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тіліммен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.


Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Мирас

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.


Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.


Ұлы аманат етейін еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін жер кіндікте

Аңсаймын мен сенемін туады ертең,

«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.


Мирас: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Сыныбымыздың шағын көрнісімізді тамашалайық.

Нұрсила : Сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Сұнғат : Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Нұрсила: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.

Сұнғат : Неге? Неліктен?

Нұрсила : Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Сұнғат : Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!

Көрініс. Айсұлу - Қыздар, мен газет әкелдім.

Б.Арайлым - Не жаңалық шығыпты? -

Айсұлу. Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.

Б.Арайлым: Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті?

Айсұлу: - Колбин Ульяновтан келіпті.

Б.Арайлым - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

Назира - Біз демократияны талап етеміз.

- Қане жүріңдер, қыздар, алаңға кетейік! 

Алмаз. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып , түсіндірсін барлық жайды !

Адильбек . Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

  Айтуған . Балдар! Уа, балдар! Мен Республика тергеушісімін. Тарқаңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!

Абылай: Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция “Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!

Мирас : Осы кезде сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді қуғындау басталады

Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”,“ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды.

Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты.

83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

СЛАЙД.

Ақниет. Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу. Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Құрметті жиналған қауым!

Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымызға тусын деген ниетпен бүгінгі мерекелік кешімізді бастайық!

Мирас. Қалиев Абылай Мәнерлеп өлең оқып береді

Желтоқсанның қанды суық ызғары, 
Қалың әскер қазағымды қорлады. 
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың 
Отан үшін табандары тозбады. 

Жүректе намыс оты лапылдаған, 
Күш-жігері жастардың сарқылмаған. 
Отан үшін олар шығып алаңға 
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.


Болмасам да сол кезде мен сеземін 
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін, 
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, 
Мықты болсын елімнің керегесі. 
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, 
Кетпесін туған жердің берекесі. 

Мирас. Сөзі және әні Абдығафур Кенжебековтің «Рахмет саған ,туған ел!» атты әнін Досболат Арайлым орындап береді. Қарсы алыңыздар!


Ақниет. Домбырасыз ән қайда,

Домбырасыз сән қайда.- дей отырып Базарбай Арайлым домбыра тартып ән салып береді.

Мирас : Сөзі және әні Абдығафур Кенжебековтің «Домбырамның күмбірі.» атты әнін Сарыбай Назира және биші қыздарымыз Жұманалиева Айсұлу және Сейдуллаева Нурсила орындап береді қарсы алыңыздар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы --------------------- сөз береміз.

Мирас : Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Ақнет. Бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды келгендеріңізге рахмет. Сау саламат болыңыздар!


Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Ата-аналармен мұғалімдерге және оқушыларға ұнады.








«Теміртау қаласы № 15 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ











Тақырыбы: Әз, науырызым армысың!

(мақта қыз ертегісі желісімен қойылған сценарий)











Ертегіні құрастырып өткізген сынып жетекшісі:

Маханбетова В Б

















Теміртау 2018

Күні : 19 наурыз 2018 жыл

Тақырыбы: Әз, науырызым армысың!

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі

Наурыз тойы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Балалар мен мұғалімдер және ата-аналар арасындағы достық байланысты жандандыру.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мерекенің ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздерін дәріптеу.

3-4 сыныптар арасында біріктірілген ертегі қойылымын сахыналау арқылы шығармашылықты бірлікті насихаттау.



Жүргізуші мұғалім: 1. Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін сіздермен бірлесе өткізіп отырмыз. Бүгінгі наурыз мерекесіне арналған 3-4 сыныптар арасындағы мақта қыз желісімен қойылған ертегімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Қош келдің Наурыз» әнімен ДосболатАрайлымды қарсы алыңыздар!

Әже. Немерем мақта қызым ғой даусыңнан айналайын. Кел қызым келе ғой!

Мақта қыз : әже наурыз мерекесі құтты болсын қандай керемет иіс не істеп жатырсыз?

Әже. Неререм –ау мен наурыз көже пісіріп жатырмын наурыз көжеге 7 түрлі тағам қосу керек маған сүт пен тары жетпей тұрғаны.

Мақта қыз : Әже мен барып сиырдан сүт сұрап, ал тарыны тауықтан сұрап әкелейін мен тез барып келем.

Әже: айналайын бара ғой.

Қыз сиырға келеді сиыр билеп жүреді.

Би :

Мақта қыз сиыр қандай керемет билейсің?

Сиыр : біз наурыз тойын тойлауға дайындалып жатырмыз өзің не істеп жүрсің?

Мақта қыз. Әжем наурыз көжеге қосатын сүт әкел әрі достарыңды ауыл кісілерін наурыз көжеге шақырып кел деген.

Сиыр: Дұрыс айтасың наурыз көжеге ақ қосады . Кез келген айран болсын сүт болсын оны төгіп аяқпен басуға болмайды сондықтан сүтіңді төгіп алма . Наурыз айында малдар төлдеп халқымыз аққа, төліміз көкке тойып бір тойып қалатын кез ғой , ала ғой сиыр сүт береді .

Мақат қыз: рақмет наурыз көже ішуге келіңіз.

Келе жатып ағашты көреді ағаштар би билеп жүреді

Би : «Ағаштар биі»

Мақат қыз: Алып ағаш бұталарыңыз қандай әдемі желмен майысып билеп тұрғандай керемет екен

Ағаш: рақмет қызым әрине желмен майысқан бұталарымызбен ағаштарымыз көп болсын. Наурыз айында халық ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырдырса ғой ! Жерімізді жасыл желекке айналып құлпыра түсіп, ауамыз таза болар еді әрі адамдарға сая болады қыста ық, пана болады.

Мақат қыз: Иә ағаш мен қазір достарымды наурыз көжеге шақырып көп қонақтар келеді мен сол достарыма айтып ағаш отырғызайық деп ұсыныс айтамын. Ағаш отырғызғым келеді бірақ қалай отырғызып күткен дұрыс

Ағаш : Солда сөзба екен? міне былай жерді қазып сол қазған жерге жас шыбық отырғызамыз оған қара шірік араластырып көміп күнде кешке суарып тұру керек жаз айларында ерте тұрып таң ертең және кешке екі реттен су құйған дұрыс ал қыста су құюдың қажеті жоқ. Көктемде жәндіктер оянады тамақ іздейді сондықтан құрт құмырысқа жақындатпау үшін түбін ақ әкпен бояп қояды. Сонда құрт -құмырысқа жоламайды, ал отырғызған шыбығың алып ағаш болып өседі. Жасы жеткен алып талдардан өзің білесің халыққа қажетті заттар жасайды кітап, жиһаз т.б заттарды осы ағаштардан алады. Сондықтан ағашты көп отырғызу керек

Мақат қыз: Рақмет ағаш сіз айтқан сөздерді ұмытпаймын және наурыз көжеден кейін барлық отбасыммен және достарыммен бірге ағаш отырғызамын.

Би: Қамажай

Мақта қыз: Қыздар, достарым сәлем қандай керемет билейсіңдер бұл би қалай аталады?

Қыздар : Қамажай биі. Қазақ халқында билер өте көп біз би үйреніп жатырмыз наурыз мерекесіне арналған тойда билеп халықтың ризашылығын батасын аламыз.Үлкендерден бата алу бұл үлкен парыз. Дана халқымыз мақал –мәтелді бекер айтпаған ғой.

1. Батаменен ел көгереді -жаңбырменен жер көгереді деп

2. Еңбек етсең ерінбей ,тояды қарның тіленбей

Еңбек ер аттандырар

Бір тал кессең мың тал ек

Мақта қыз: Ой қыздар сендермен мақал айтып жарысқан ұнайды бірақ мен әжеме наурыз көжеге қосатын заттарын апарып беруім керек. Қыздар наурыз көжег келіңдер сонда ойнаймыз ақсүйек, алтыбақан ойнаймыз бірақ мен алып ағашқа тал егемін деп уәде бердім

Қыздар: Мақта қыз уайымдама біз бармыз наурыз көжеден кейін ағаш отырғызамыз сосын ойын ойнаймыз сен жолыңнан қалма біз қазір жаттығып болғсын наурыз көже ішуге саған барамыз.

Би. Шөжелерім биі

Мақта қыз: Ой, қандай әдемі балапандар ! керемет билейді өздері. Тауық апай сізден тары табылама әжем тары әкел деген еді. Әжем наурыз көже пісіріп жатыр бізге келіп наурыз көже ішуге келіңіз.

Тауық: әрине тары бізде көп, тары біздің тамағымыз әрине берем

Бірақ саған қояр сұрақтарым бар дұрыс жауап бересің деп ойлаймын.

Мақта қыз: Қолымнан келгенше жауап берейін.

Тауық: Балапандарым мұқият тыңдап алыңдар менің мақтақызға берген сұрақтарым сендергеде білген дұрыс

Қазақ халқының дәстүрлері мен ойындары, тағамдары ,аспаптары туралы атап бере ғой.

Мақта қыз: Қазақтың дәстүрлері шілдехана,бесікке салу,тұсау кесу, қыз ұзату,сыңсыу, беташар

Қазақтың ұлттық тағамдары: бесбармақ,құрт,бауырсақ,наурыз көже

Ұлттық ойындар: Асық,алтыбақан,арқантартыс,күрес

Ұлттық аспаптарымыз: домбыра, қобыз

Бізге наурыз көже ішуге келгенде осы айтылған дәстүрлерімізді көресіздер.

Тауық: керемет мақта қыз. Балапандарым қазақ халқының ұлттық дәстүрін ұмытпай есте сақтап жүріңдер сендер біліп жүрсін деп мақта қыздан сұрап тұрмын рақмет мақта қыз қазақ халқы үшін дәстүрімізді дәріптеп ұмытпағанымыз дұрыс.Тарыны береді.

Мақта қыз. Рақмет сізге наурыз тойын тойлауға келіңіз балапандарды да ертіп келіңіз.

Әже мен тары мен сүт әкелдім. (қолындағыларын береді)

Мен барлығын наурыз көжеге шақырдым

Әже:Жарайсың наурыз көжеге барлығы келгені дұрыс шақырғаның дұрыс болған. Кәне наурыз көжені ішіп дастарханнан дәм татып көңілді отырыңыздар үлкен ұлым ойын ұйымдастырып жатыр ойынға ат салысып ойын ойнаңдар наурыз құтты болсын!

Ит: ау-ау-ау Қыдыр ата келді алақандарыңды жайып батасын алыңдар ырыс құт батамен бірге кіреді. Балаларға сыйлық әкелді қарсы алыңыздар!

Қыдыр ата: Халқым менің биылғы наурыз мерекесі құтты болсын! Үйлеріңе бақ -береке ,шаттық ,қуаныш, өмірлерің ұзақ ,дендерің сау болсын наурыз мерекесі құтты болсын. Ал алақандарыңды жайып батамды қабыл алыңдар.

Бата . Ақ мол болсын,аумин.

Мынау менің балаларға арналған сыйлықтарым алыңдар кәне жыл басы итім мына әкелген сыйлықтарымды әр ауылға таратып бере ғой. ( әр сынып оқушыларына сыйлық береді,шығып кетеді. )

Жүргізуші: Бүгінгі наурыз тойларыңыз құтты болсын бүгінгі мерекеге арналған шағын ертегі қойылымымыз аяқталыды көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Ауылдардан дәм татып наурыз көже ішіп көңіл көтеріңіздер.

Әже, ағаш ролінде 3 «А» сынып

Сиыр ролінде 4 «Ә» сынып

Тауық ролінде 4 «А» сынып

Қыздар ролінде 3 «Б» сынып

Мақта қыз және ит ролінде 3 «Ә» сынып









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12