Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Кішіпейіл бола біл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал адалдыққа , адамдыққа шақырады. Оқушыларға және ұстаздар қауымына керек тәрбие сағатын өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүрек жылуы»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал - мәтел, суреттер.
Мұғалім:
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

- Кәне, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілейік!
- Әдепті бол!
- Мейірімді бол!
- Кішіпейіл бол!
- Қамқоршы бол! т. с. с.
Бәрі: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жирені
Үлгі аламыз жақсыдан.

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді.

Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау - жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Мені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйлау керек.

Мұғалім:
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата - анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.

1-оқушы: Атаң болса анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.

2-оқушы: Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.

Не қасиетсіз?
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.
Көк шықпаса – жер қасиетсіз,
Ойсыз болса - ер қасиетсіз,
Жылу болмаса – түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса – жігіт қасиетсіз.

3-оқушы
Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар,
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар,
Бүгіннен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін,
Сынайын достым досыңды - ай,
Мін түзейік, осылай.


Мұғалім:
Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

4- оқушы:Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.
Мақал – мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.

Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. бұл адамгершілік борыш.
Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.
Қорытынды: Жаман әдеттен аулақ болып, әрқашан мейірімді, адал, тату бола білейік оқушылар. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет көрсетіп үнемі кішіпейіл болуға тырысайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
1055
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12