Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Көңілді тапқырлар сайысы »

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ барлық мұғалімдерге көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:18.02.2017ж Тақырыбы: « Көңілді тапқырлар сайысы »
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді шығаруға дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін кеңейту
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Армысыздар қадірлі ұстаздар, білім мен ғылымға құштар шәкірттер!
Бүгінгі сабағымыз «Көңілді тапқырлар » тақырыбында жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатымыз белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу. Бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.
Асыл тастан
Өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда қонымды.

Оқу білім сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.

Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
І. Таныстыру (аты, ұраны)
IІ. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» (топ сайысы) ІІІ.
«Мен айтамын ,сен жалғастыр  
ІV. «Ой қозғау» Сұрақ жауап V бөлім «Жоғалған санды тап»: 
VI. Қорытынды

Ойынымыздың шартымен таныс болыңыздар.
Дұрыс жауап үшін 5 ұпай
Дұрыс бірақ толық емес жауап үшін 3 ұпай
Жауап бере алмаған топқа ұпай берілмейді.

Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн.
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,
Талай ғылым сеннен алды бастауын
Сол ғылымның жолын қуған қызықты
Тұр тапқырлар күтіп ойын бастауын!
І. Таныстыру (аты, ұраны).
Әр топ өз топтарын таныстырады.

1 - топ: "Алғырлар"
Дайын біздің команда, шығыңдар кәне жарысқа.
Кімдер епті, кім алғыр, озып шығар сайыста.
2 - топ: "Тапқырлар"
Шетімізден тапқырмыз, біз команда құраймыз.
Не үйрендік, не білдік, сайыста жеңіп шығамыз.
IІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысы.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
1 - топ
1 . Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар, барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
 (3 кг)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
 (5 бұрыш)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала) 5
. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
2 - топ
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 7 тауықтың бір - бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?
 (7) 4. кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
5. Кітап 20 тг тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 тг жетпейді Сәуленің неше теңгесі бар? (16тг )
ІІІ. «Мен айтамын ,сен жалғастыр»
1 - топ
1. Сөз анасы – құлақ, (су анасы – бұлақ)
2. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
3. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
4. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
5. Еңбек қылсаң ерінбей, (Тояды қарның тіленбей) 6.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті)
2 - топ
1. Жаңбырменен жер көгерер (еңбекпенен ел көгерер)
2. Бірлік болмай, (тірлік болмас)
3. Ғылым таппай, (Мақтанба)
4. Шебердің қолы ортақ (Шешеннің сөзі ортақ) 6.Дұшпан күлдіріп айтады (дос жылатып айтады)
ІV «Ой қозғау» Сұрақ жауап 


  1. Аптада неше күн бар? (7)


  2. Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым да құтылдым Бұл не? ( бауырсақ)


  3. Балалар білім алатын орын
    ( мектеп)


  4. Аптаның 5 ші күні ( жұма)


  5. 100 жыл басқаша қалай аталады? (ғасыр)


  6. 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура (ұшбұрыш)


  7. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? ( жасыл)


  8. 5 пен 7 нің арасында қандай сан бар? (6 саны)


  9. Алфавиттегі 6-ші әріп ( ғ әрпі)

  10. «Кел балалар оқылық!» өлеңін кім жазды?

ІІтоп

1.Білімге жетелейтін адамды кім дейміз? ( Мұғалім)

2
. Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)

3
. Жеті күнді бір сөзбен қалай атаймыз?(Апта)

4
. Қай айда 28 күн бар (Ақпан)

5
. Омартада тұратын жәндік (Ара)

6
. Елді басқаратын адамды кім дейміз?(Елбасы)

7
. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жанған кім?(Ахмет Байтұрсынов)

8
. 1 сағатта неше минут (60 минут)

9
. Сегіз ондық(Сексен)

10
. Қосуға кері амал (Азайту)
V бөлім «Жоғалған санды тап»: Балалар суретте қандай сандарды табуға болады.

Және мына сурет арқылы заттармен сөйлем құрастырыңдар
Сергіту сәті:Суретпен жұмыс

VI. Қорытынды
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз, Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!













































































Күні:21.01.2017

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДе отбасының РӨЛІ»

      Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

      Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

      Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.               Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

   Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

     Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.  Білім алуына көмектесуге міндетті;

3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

 

Ата – ананың жауапкершілігі:

1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

 

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.







21





















Күні:14.01.2017

Сабақтың тақырыбы: «Ата-анаңды құрметте»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

  Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.

Мұғалім:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

  Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

 Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.

Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.

Адамның ақылы қайда балалар, кім айтады екен?

 Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.

Адамға ақыл беретін кім балалар?

 Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.

Енді балалар өмірде не жетім? – деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Өмірде жеті жетім бар.

Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.

Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.

Суы жоқ – құдық жетім.

Досы жоқ – жігіт жетім.

Шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Қызы жетесіз болса, ана жетім.

Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!

Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

 Бала тәрбиесі – бесіктен, - дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

 - Ата-ананы ренжітпе,

Түнде суға барма,

Таңдайыңды қақпа,

Кісіге қарап есінеме,

Дастарқанға қарап жөтелме,

Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,

Нанды баспа,

Табаныңды тартпа,

Қолыңды төбеңе қойма.

Сонымен, балалар біз сенің ата-ана қандай деген сызбанұсқаны толтырып жіберйік.

Мақал-мәтелді жалғастыр:

1. Сіз деген әдеп... Біз деген көмек

2.Ана алдында – құрмет... Әке алдында қызмет

3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без…Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

4. Әдептілік белгісі …Иіліп сәлем бергені

5.Ана сүтін ақтамағанды… Ешкім жақтамайды

6.Қыз-қонақ

7.Әке көрген оқ жонар...Ана көрген тон пішер

8. Анасына қарап...Қызын ал

Қорытынды:

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.



























































Күні:

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей

 мақсаты:«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы  түсініктерін кеңейту.

 міндеттері:

- еңбектің  адам  өміріндегі маңыздылығын  түсіндіру;

-еңбекті қадірлеу ,бағалау ,еңбектің қуаншын сезіну,іскерліктерін дамыту;

-еңбексүйгіштікке  ,табандылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер

Оқушылар мұғаліммен бірге  шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Үнтаспадан

естілген әнге қосылып айтады.

.»Келші,келші,балашым»

Айым болып тудың ба?        Айдарыңнан айналдым,

Күнім болыптудың ба?       Маңдайыңнан айналдым.

Ата жолын  қудың ба?        Торсық шеке,тоқ шеке,

Әке жолын қудың ба?         Бақ болар деп  ойладым.

Бұл дүниеге келген соң,      Ашық жанар көңілің,

Сұрауы бар судың да.        Ақ болар деп ойладым.

Әңгімелесу

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

деген сауал бойынша әңгімелесу.

Мәтінмен жұмыс

Еңбекпен  тапқан  тиын

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен .Сөйтсе де әкесі оны бағып -қағып,киіндіріп жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

-Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін.Ұлыма ештеңе

Қалдырмаймын.Ол –жалқау.

Ұлын аяп,анасы он сомдық алтын береді:

-Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына.-Қараңғы түскен соң үйге кел.Содан соң « Мынаны еңбегіме алған едім »,-деп,әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды .Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де ,түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан да ақшаны жұмыс

істеп тап ,-деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып ,бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

-Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады

да:

-





































Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым.Сіз

оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан екенсің,балам.Көзім жетті,-

депті.

/Мәтін бойынша сұрақтар қою/

Жаттығу-ойлану

1 –тапсырма:/Еңбек  туралы мақалдарыеске түсіріп,мағыналарын түсіндіріп беру./

****

Адал еңбек елге жеткізер,

Арам қылық елден кеткізер.                                                                             

Еріншектің ісі-екі.

Жұмыстың жаманы жоқ.

Жас кезімде  бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер.

2-тапсырма:Н.Жанаевтың»Еңбек сүйсең»өлеңінің бір шумағын/1 топқа 1-ші

Шумағы,2-ші топқа-2-ші шумағы/оқып,мағынасын түсіндіру.

                                   Еңбек сүйсең          

                                                                                 Н.Жанаев.

Салақ болсаң жасыңнан,          Жалқау болсаң жасыңнан,

Шыбын қетпес қасыңнан.        Ұйқы қалмас қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,             Еңбек сүйсең,табылар,

Сабын қалмас қасыңнан.         Бар жақсылық басыңнан.

Сергіту сәті

Қырға шықсақ, өрлеп,(Қолдарын кезек кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-Еңбек.( Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең ,зерлеп,(Оң қолыңмен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді)

Мұның аты –Еңбек.(Екі қолын жаяды.)

Сабағыңды жөндеп( Жанындағы  көршісіне қарап сол қолын жаяды)

Әзірлесең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек.(Екі қолын жаяды.)

Шығармашылық деңгей

«Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей

»тақырыбына әңгіме құрастыруға беру.

Қорытындылау

-Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге,өзіне деген сенімділікке  жетелейді,бақытқа,байлыққа жеткізеді.Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы,беделді болады.Әрқашан өз ісімізге адал болып,еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік.Адал еңбекті бағалап ,қадірлейік









Күні:12.11.2016

Ұлттық рәміздер – тарихын үйрениік мақсаты:

Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

Дамытушылығы : Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

Сынып сағатының көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.

Бүгінгі Білім күніне арналған алғашы сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдік: : «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.1-оқушы: Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

2-оқушы: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.

3-оқушы:Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
 
 4-оқушы: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

5-оқушы:Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның

6-оқушы:Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков — ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938

 

7-оқушы: Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

8-оқушы:Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
 9-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы — ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

10-оқушы: : Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан -ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

11-оқушы: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

12-оқушы: Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.

1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.

1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.

1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.

2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.

2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

2002 жыл. Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы

2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.

2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.

2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.

2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.

2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.

2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.

2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.

2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.

2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

2012 жыл. Лондон олимпиадасында 13 медальға ол жеткізді.

Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер айту

Отанды сүю — отбасынан басталады.

Туған жер – тұғырың.

Отан — оттан да ыстық

Татулық табылмас бақыт.

Ырыс алды –ынтымақ.

Бірлігі жоқ – ел тозады,

Бірлігі күшті- ел озады. т.б.

Тәрбие сағатын қорытындылау.

18-оқушы: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.





Күні:

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, өнерлерін шыңдау.

жүргізуші:Уа, халайық жараңдар

, Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Оқушы

Уа, халайық құрметті,

Көмейім

Оқушы

жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт,шаттық мол бүгін.Оқушы

Барлық жандар бір тілікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық

, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Жүргізуші: Біз сіздерді Жаңа 2016 мешін жылымен шын жүректен құттықтаймыз.

Жүргізуші: Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,еңбекте табыс тілейміз.

Жүргізуші: 2 «Ә», «Г» сыныптарының«Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық концертін ашық деп жариялаймыз.

(әдемі әуенмен сынып сахнаға шығады)

Тауда туып,тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Бүгінгі мерекенің сәнін келтіріп тұрған әсем шыршаға арнау. «Шырша жыры» Орындайтын Айзере , Сымбат,Айгерім

Жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған жылқы жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? - Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.

Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Жүргізуші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

  • Біздің сыныпта өнерлі қыздар көп.

4 Жүргізуші:

  • Ия,дұрыс айтасын.

Жүргізуші:

  • Олар бүгінгі мерекеге арнап би дайындап келіпті.

Жүргізуші:

  • Олай болса, «Аққу» тобын «Бәрі жақсы болады» биімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым

Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.-дей келе «Анашым қартаймашы жалынамын» әнімен Сымбат пен Айдананы ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

  • Сен білесің бе,біздің сыныптың ұлдары да өнерден құр алақан емес екен.

Жүргізуші:

  • Рас айтасың ба? Оны қайдан білесің?

Жүргізуші:

  • Мен олардың дайындығын көргенмін.

Жүргізуші:

  • Кәне ,онда тамашалайық.

Жүргізуші:

  • Ортада «Ұлдар» би тобы «Шляпа» биімен. Қарсы алыңыздар!

Жжүргізуші:

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Жүргізуші:

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Ән. Шырша жыры» орындайтын – 2 «Ә», «Г» сынып оқушылары

жүргізуші:

  • Келесі биді білесің бе?

-жүргізуші:

  • Жооқ,білмеймін.

жүргізуші:

  • Онда тауып көрші: Жаңбыр жауғанда не ұстаймыз?

жүргізуші:

  • Ааа,таптым!Әрине қолшатыр ұстаймыз!

жүргізуші:

  • Дұрыс айтасың.Келесі би «Қолшатыр» деп аталады .Тамашалайық!

-Жүргізуші:

- Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер. Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!

(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

Жүргізуші:

Келді жылым бақытым,

Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен МЕШІН жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз ТАУЫҚ жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін. Жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет, төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын.

Тауық жылы:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

мешін жылы кеп қалды ортаңызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

(Ортадан ескі жыл шығады)

МЕШІН: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Хош сау болың жамағат!

-хош сау бол қой жылы (Ескі қой жылы кетеді)

Жүргізуші:Ал балалар ,тұрмайық.«Шырша жырын» жырлайық! (хор)

Жүргізуші:Аяз ата алыс жолдан шаршап келдиңіз ғой, отырып демалыңыз,біздің өнерімізді тамашалаңыз.

  • Келесі кезекті биге береміз.Ортаға «Үнді» биімен бишілерімізді шақырамыз. Жүргізуші:Бұл кезең- сергіту сәті деп аталады.Ортаға ата-анадарды ойынға шақырамыз. Жүргізуші:Ата - әже жаңа жыл құтты болсын

Жанұяға тек қана шаттық толсын.

Немерелер өнерін тамашалап

Күлімдеп көтеріңкі көңіл толсын,-дей келе «Ата-әжемді жақсы көрем» әнімен Қарақат пен Айзерені ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:- «Арива» билейтін бишілер тобын қарсы алыңыздар. Аяз ата: Ал қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Бәрі бірге: Қош , сау болыңыз Аяз ата , Ақшақар!

Жүргізуші:Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:

  • Жаңа жылдық тілегін білдіруге ата-аналар атынан __________ апайды ортаға шақырамыз.

Мұғалімнің қорытындылауы.











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении
аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп:
18 января и 25 января.Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас:
https://infourok.ru/kursy






үні: Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз-елдің ұланымыз. Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Нақыл сөз, жалаулар, суреттер, рәміздер, слайдтар. Сабақтың барысы: Мұғалім:

Гимнім жанұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам гимні. Гимн орындалады.

-Құрметті қонақтар, ұстаздар мен шәкірттер. Еліміздің ұлттық мерекесі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі таяп қалды. Осынау 25 жылда Отанымызда ғасырға бергісіз орасан зор тірліктер атқарылып, қыруар шаруа жүзеге асырылды. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен, сол жолда талай боздақтарымыздың қаны төгілген қасиетті тәуелсіздігіміз нығайтылып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Олай болса, еңсесі биік еліміздің азаматтарын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз. Бүгін сіздердің алдарыңызда 3 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз-елдің ұланымыз» атты тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз. Оқушы:1991 жылғы 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.

Оқушы:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр атам.

Оқушы:Биіктей бер Нұр ата,

Қыран қанат талмасын, Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.



Оқушы:Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.

Оқушы: Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді міне, азаттығым, теңдігім

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шерлі болған шерлі үнім.

Оқушы:Тәуелсіздік – ұраным,

Құсқа ұқсатам – қыраным,

Біз бақытты баламыз,

Тұғырлы етсек тұрағың.

Оқушы:Жүректен бейбіт жыр төгіп,

Бір болсын халқы бар елдің.

Жарқырай берсін нұр төгіп,

Сөнбесін күні әлемнің.

Оқушы:Егеменді ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.

«Егемендік» деген сөзбен естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Мұғалім:Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындаған Тәуелсіз мемлекетпіз. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Қандай да бір мемлекет болмасын,оның алғашқы қадамы, өз Туы, Елтаңбасы Гимнен басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігімен, егемендігінің белгісі болып табылады.

Оқушы:Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына назар аударайық. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран-тынынштықтың,берекелі өмірдің белгсі, ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Оқушы:Жарасқан байрақтың мәні бар.

Көк аспан күн-қыран сәні бар,

Көк байрақ, ашық күн кеңесілі,

Алтын күн белгісі жеңістің.

Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындашаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей таралып, уықтар шаншылған. Оны аңыз пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазу бар. Авторы Жандарбек Мәлібекұлы. Оқушы: Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Оқушы:1992 жылы 4 маусым Президент Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз, мәңгі сөнбесін» -деді.

Оқушы:Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның ен таңбасы болмайды.

Түлігіне дейін салса ен таңба.

Мұғалім:Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан атамыз тебірене былай деді:

«Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар елтаңбамыз құтты болсын» - деді. Бұған бүкіл еліміз қуанды.

1941-1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып әкетті. Ержүрек ұлдар мен қыздар отан қорғауға бір адамдай аттанды. Соғыста 100-ге тарта қазақ қаһармандарына айбарлы атақ берілді. Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов. Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.

Оқушы:Сол күндерді есіме мен көп алам,

Желтоқсанның он жетісі, Топ, Алаң,

Тоғышардың түсіне де кірмеген.

Басталды бір сұмдық, у-шу зобалаң.

Оқушы:Аяз қысып көкті қыста қаһарын,

Сиретпеді жастар бірақ қатарын

Қайдан білсін милиция-қорғаны,

Ұрып-соғып суық сумен – атарын.

Оқушы: Көк байрақтың астында,көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев нені болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін - деді

Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі кең болмас,

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас

Мұғалім: Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.

Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, ал соңғы 75 жылда кеңес мемлекетінің құрамында болып дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама. 1937-1938 жылдардағы жазалау кезінде көптеген азаматтар жазықсыз, халық жауы атанып ату жазасына бұйырылды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан; Міржақып; Жүсіпбек, Бейібет, Ілияс.

Оқушы:Айтса нанар сенгіш халық едік қой.

Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,

О ғаламат, халық жауы дедік қой.

Оқушы:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Оқушы: Соғыс жалмап, аға-іні бауырда,

Зар жылатып, тыныш жатқан ауылды,

Жалғызынан айырыпты ананы,Әкесінен айырыпты баланы.

2-оқушы:Тәуелсіздігіміз баянды болғай

3-оқуыш:Ұзағынан сүйіндірсін

4-оқушы:Аршындай бер, адымдай бер Тәуелсіз Қазақстаным

5-оқушы:Елбасымыз былай деген. Бізге азат пен, арпалыспен келген. Тәуелсізідік тәуекелге түскен.

6-оқушы: сондықтан да біз ұлы ұғымдардың қадірінде, қасиетінде білеміз, бағалаймыз.

7-оқушы: Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болғай, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.

Қорытынды-Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің ынтымақ пен татулық бейбіт өмір мен тыныштық баянды болғай. Әр отбасында құт береке, қуанышты да бақытты өмір, дендеріңізге саулық тілейміз. Елдігіміздің айнасы – тәуелсіздігіміз жасай берсін!

























бастарын,

Шашатан сүйреп, әскер қорлап қыздарды.

Қойдай қамап, айдалаға тастарын.



«Желтоқсан желі» хор



Мұғалім:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдегі,

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Атамдардың ұмытылмас ерлігі.



Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы

Кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.





Оқушы:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік жаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззать пенен Сәбира.

Құрбан болған жаланың



Оқушы:Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рұсқұлбеков 22- жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Оқушы: Сол желтоқсан оқиғасы ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.







Мұғалім:Қатігездік жұдырығы түйіліп.

Қамшы үйірді жасқан жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

Тәуелсіздік алған 22 жыл ішінде қандай өзгерістер болды.



Оқушы:Осы жылы халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.



Оқушы:Ғарышкерлер мекені.

Қазақ жері Байқоңыр

Қай жер саған жетеді

Ғажап жерім Байқоңыр.



Оқушы:1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң деп - өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып іске асырулы айтады. Біз мектепке тегін білім алу құқұғын пайдаланамыз.



Оқушы:Қазақстан Республикасының жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.



Оқушы: ал Президентіміздің жарлығы 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.



Оқушы:Шырқап көкке асқақ ән

Болашаққа бас қадам

Қазақ рухын биіктет

Ей,бас қала - Астанам

Жас Астанам-жас қалам

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол ойшылдың

Ей, бас қалам – Астанам.



Оқушы:Жаса, жаса Астанам

Өркен. Жая бастаған

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.



Мұғалім:Астана қаласында әсем ғимараттар;

Президенттік мәдени орталық, конгресс-хол, Гумилев атындағы Еуразиялық университет, пирамида, ертегі гүліне ұқсайтын Бәйтерек мұнарасы бой көтерді. Ол планетамыздағы ең әсем қалалардың бірі, сол себепті ЮНЕСКО «әлем қаласы» деген атақ берді.



Оқушы:Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі. 1997 жылы 11 шілде де Парламент «Тіл туралы» заң қабылдады.



Оқушы.Туған тілім - бабам тілі өз тілім,

Туған тілім - анам тілі өз тілім.

Туған тілім - далам тілі - өз тілім

Туған тілім - адам тілі өз тілім.





Оқушы:1997 жылы – Қазақстан 2030 стратегиясын паш етті.



Оқушы.2002 – Денсаулық жылы.



Оқушы: 2003-2005 ауыл жылы



Оқушы:2004 жылы Қазақстан Ресей жылы



Оқушы:2005 жыл – Дүние жүзі қазақтары үшін құрылтай болды.



Оқушы.2005 жыл 15 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.



Оқушы:2007 жыл-қазақ тілі қолдау жылы



Оқушы:2008 жыл- Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.



Оқушы:2010 жылы Астанда Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Н.Назарбаев саммитке қатысушы 73 ресми делегецияны қарсы алды. Астана декларациясы қабылданды.

2011 жылдың басты додасы - Астана мен Алматы қалаларында VІІ қысқы Азия ойындарының Қазақстандық спортшылардың үлкен жеңісі мен аяқталғаны мәлім. Қазақстан спортшылары 32 алтын медаль, 21 күміс медаль, 17 қола медаль иеленді. Азияда жарысына қатысқан спортшылар үшін сәтті аяқталды.

Оқушы:Достық пен ынтымақ мекені

Гүлденер халқымның ертеңі

Жасай бер, жері бай

Егемен еліме-ай

Жасай бер, жері бай

Тәуелсіз елім-ай

Оқушы:Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты, ертеңі

О, Халайық құтты болсын қуаныш

1- оқушы:Той тойға ұлассын!

2-оқушы:Тәуелсіздігіміз баянды болғай

3-оқуыш:Ұзағынан сүйіндірсін

4-оқушы:Аршындай бер, адымдай бер Тәуелсіз Қазақстаным

5-оқушы:Елбасымыз былай деген. Бізге азат пен, арпалыспен келген. Тәуелсізідік тәуекелге түскен.

6-оқушы: сондықтан да біз ұлы ұғымдардың қадірінде, қасиетінде білеміз, бағалаймыз.

7-оқушы: Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болғай, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.

Қорытынды-Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің ынтымақ пен татулық бейбіт өмір мен тыныштық баянды болғай. Әр отбасында құт береке, қуанышты да бақытты өмір, дендеріңізге саулық тілейміз. Елдігіміздің айнасы – тәуелсіздігіміз жасай берсін!

















Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жазбаша қосу және азайту

Мақсаты

1. Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды меңгерту; екі амалмен шығарылатын есепті салыстыруды, талдау, шешу тәсілдері туралы қорытынды жасауға машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру білімін бекіту. 
2. Сауатты, көркем, ұқыпты жазуға баулу. Берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 
3. Логикалық ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру, өз беттерінше есептеу дағдысын қалыптастыру. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс, ойын

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Карточкамен жұмыс.
Әр балаға жеке - жеке Қосу және азайту.
78+22=(70+20)+(8+2)=100
78+22=(78+2)+20=100
78+22=(78+20)+2=100
100 - 22=(100 - 20)- 2=78
100 - 22=(100 - 2)- 20=78
100 - 22=(90 - 20)+(10 - 8)=78

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

1-топ №1,2

2-топ№3,4

3-топ№5


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Тез ойлан.
2 таңбалы сандарды өсу ретімен сана.
2 таңбалы сандарды кему ретімен сана.
Толық ондықтармен сана.
Кему ретімен сана. көршілерін тап.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өсімдікке су керек

Мақсаты

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру;құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер туралы әңгімелеу;
ә)Қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақтар орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту ,сөздік қорларын молайту;Өздіктерінен жұмыс істеп,қорытынды шыңаруңа үйрету;
б)Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту,оларды қорғай білуге,оларды аялауға,сүюге ; Отанының құрметті сәттерін естерінен шығармауға,патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:зерттеушілік сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,ойын,тест.
Сабақтың көрнекілігі: инербелсенді тақта,суреттер,тест,сөзжұмбақ

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өсімдік
жарық жылу су ауа топырақ
-Бүгін, біз өсімдіктің өсуі мен дамуында судың алатын орны туралы әңгіме жүргіземіз.Мына сұраққа жауап беріңдер.Слайд.
-Егер кез-келген бір өсімдікке 2-3 күн су құймаса немесе өсімдікті 2-3 күн суғармаса,онда не болады?
Б)Топтық жұмыс.
Іқатар:Өсімдіктің барлық мүшелеріне су және онда еріген заттар қалай түседі?
ІІ қатар:Ылғал сүйгіш өсімдіктер қандай жерлерде өседі?Олардың тамыры қандай болады?
ІІІ қатар:Құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер ше?
В)Өзіндік білім алу.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып,танысу.Бөлікке бөліп оқу.
-Мұғалімнің түсіндірмесі.
Дидактикалық материалмен жұмыс.
-Егер өсімдікті сусыз қалдырсаң не болады?
-Өсімдіктерді суғарудың түрлерін айтыңдар
-Қандай өсімдіктер туралы оқып,білдік?
(Слайдтан қосымша мәліметтер беру)
Г)Белсенді тақтаға кесте құрастыру.
-Сонымен,балалар,өсімдіктер екіге бөлінеді екен.Қандай?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Өсімдіктер
Ылғалсүйгіш өсімдіктер Құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер
Д)Бақылау күнделігімен жұмыс.Ауа райын бақылау.Өз бетімен жұмыс.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Егер жер бетінде су жойылып кетсе,не болар еді?»
«Су-тіршілік көзі»тақырыбында өлеңді құрастырып жазу.
Су деген-тіршіліктің наны емес пе?
Су деген-табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Қатемен жұмыс.
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
5136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі