400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Көңілді түстер"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқу-іс-әрекеті" ортаңғы топ балаларының түстер туралы түсінігін кеңейтуге, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңілді түстер»

Жас тобы: ортаңғы топ

Білім беру салалары: Таным, Шығармашылық, Қатынас

Кіріспе бөлім

Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

Қонақтарымызбен, достарымызбен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері: «Ән салем-салем»

Тәрбиеші:

Балалар, айналамызға қараңдаршы, нелерді көріп тұрсыңдар?

Түрлі-түсті доптар бар екен.

Бүгін біз түрлі түстермен танысамыз және оларды зерттейміз.

Негізгі бөлім

Түстер ханшайымы кіреді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Түстер әлеміне қош келдіңдер!

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біз 3 орталықта жұмыс жасаймыз:

1. Аспаз орталығы

2. Таным орталығы

3. Көркем әдебиет орталығы

Тапсырмаларды орындағыларың келе ме?

(Балалар орталықтарға бөлінеді)

1. Аспаз орталығы

Мақсаты: түстерді ажырату, дәмін сезу

Тәрбиеші:

Балалар, алдымен қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:

1. Алжапқыш пен орамал тағамыз

2. Пышақты абайлап ұстаймыз

Алдымызда қандай жемістер бар?

Балалар: алма, банан, мандарин, жүзім

Ендеше, олардың түстерін атайық.

(Сары, жасыл, қызғылт сары)

Балалар жемістерді турап, салат дайындайды, шырынның дәмін ажыратады.

2. Таным орталығы

Мақсаты: түстерді тану, тәжірибе жасау

1-ойын: «Сиқырлы шарлар»

Шардың ішіндегі суреттерді фонарикпен қарап, заттың атын және түсін айтады.

Көрген затты құмға салады.


2-тәжірибе: «Биші түстер»

(Сүт + түрлі түсті бояу + фери)

Балалар тәжірибені қызыға бақылайды, түстердің қозғалысын көреді.


3-ойын: «Жүзгіш доптар»

Балалар түрлі түсті фломастермен доп салып, суға ағызып үрлейді.


3. Көркем әдебиет орталығы


Мақсаты: тыңдау, қиялдау, ұсақ қол маторикасын дамыту

Ертегі: «Жұлдыз қыз» (қысқартылған нұсқа)

Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп оқиды.

Сұрақтар:

Жұлдыз қандай қыз болды?

Ол не үшін сыйлық алды?

Ай мен жұлдыз неге бірге?

Қорытынды


Тәрбиеші:

Балалар, бүгін біз нелермен таныстық?

Қандай түс ұнады?

Мадақтау, түстер ханшайымының қоштасуы



Shape1 Shape2 Shape3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12