« Мемлекеттік рәміздер ол не?» атты сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Мемлекеттік рәміздер ол не?» атты сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Мемлекеттік рәміздер ол не?» атты сайыс


Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер,слайд
барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2015 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 23 жыл толып отыр. Олай болса бүгінгі біздің оқушылардың өткізгелі отырған

« Мемлекеттік рәміздер ол не?» атты сайысқа қош келіпсіздер.
І - кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Сайыстың бұл кезеңі бес ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін

ІІ- кезең «Кім жылдам?» кезеңіне кезек берейік.
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың
«Кім жылдам?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
І топтың сұрақтары:
1.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні /4 маусым/
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
/Қыран бүркіт/
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
/Қанатты пырақ/
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды /Ел президенттін ұлықтау рәсімінде/


Жүргізуші: Онда қуат, жалын бар,
Жалыннан от жалындар!
Рәміздерден
Елімнің,
Бет - бейнесі танылар!

Жүргізуші: Сайысымыздың ІІІ-кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал - мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысады.

Жүргізуші: Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Сайысымыздың келесі кезеңі
«Ойлан тап!» деп аталады. 10, 20, 30, 40,50 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

5. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?

( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
6. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Сәлем хаттай ол маған,
Болашаққа жолданған...
Рәміздері елімнің
Ата заңмен қорғалған...

Сайыстың қорытындылау жеңімпаздарды марапаттау.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2018
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі