Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

« Менің отбасым және достарым» Өмірбаян жазамын. Дауыссыз к мен г

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі мамандығында оқитын студенттерге үлгіқмж ретінде керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: қазақ тілі

Мектеп: 3 ЖОББМ КММ



Күні: 13.10.2020

Машықкердің аты-жөні: Советбекқызы Ақерке



Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

« Менің отбасым және достарым»

Өмірбаян жазамын. Дауыссыз к мен г



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: өмірбаян жаза алады, мәтінді түсініп, оған ат қояды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі: сөз соңындағы к дыбысы неліктен г дыбысына өзгергенін түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, мәтін туралы өз ойларын айтады.



Ойлау дағдыларының

деңгейі:

Білу. Түсіну. Қолдану.



Бағалау

Критерийлері:

Өмірбаян жаза алады.

Сөз соңындағы к дыбысының г дыбысына өзгеру себебін түсіндіре алады

Мәтінге ат қояды; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

Мәтінге байланысты қосымша ақпараттар айтады;

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;



Тілдік мақсаттар:

К мен г – жұп дауыссыз дыбыс, мәтін, өмірбаян.



Құндылықтарды

дарыту:


бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу; ынтымақтастық атмосферасы мен көтеріңкі көңіл-күй орнату;

өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру



Пәнаралық

Байланыстар:

Әдебиеттік оқу



АКТ қолдану дағдылары :

Интерактивті тақта, слайд



Алдынғы білім:


Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасымен таныс.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Тақырыпты болжау:

  • Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі күндеріне сәттілік және тамаша көңіл-күй тілеймін!

Иекте бар,

Бетте жоқ.

Сүйекте бар,

Етте жоқ.

Жауабы: К әрпі

  • К әрпі қандай дыбыс?

  • К әрпі дауыссыз дыбыс.

  • К әрпінен басталатын сөздер айтыңдар

  • Кітап, көк, кемпірқосақ, көзілдірік, көкжиек, кілем, т.б.

  • К әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі екен?

  • Басында, ортасында және соңында кездеседі.

  • Оқушылар, сендер өткен сабақта қ дыбысының ғ дыбысына неліктен өзгеретінін білдіңдер. Бүгінгі сабақта к дыбысының г дыбысына неліктен өзгеретінін білетін боламыз.

Слайд

https://cloud.mail.ru/public/5tbz/3Z5dHuuEy



Сабақтың ортасы








3 мин



















2 мин





















3 мин















4 мин





























3 мин















3 мин















2 мин











4 мин





















2 мин







3 мин















3 мин





















3 мин

(МК; Т; ҚБ) Оқылым

36. Кестедегі сөздерді оқы.

жүрек

кірпік

серік

көк

әйнек

жүрегі

кірпігі

серігі

көгі

әйнегі

  • Екі бағандағы сөздерді салыстырып, сөз соңындағы к дыбысы неліктен г дыбысына өзгергенін айтып көр. Өз қорытындыңды төмендегі ақпаратпен салыстыр.

- Бірінші бағандағы сөздер қай дыбысқа аяқталып тұр?

- К дыбысына аяқталып тұр.

- Екінші бағанда сөзбен салыстырайық, қандай өзгерісті байқадыңдар?

-Неліктен к дыбысы г дыбысына өзгерді деп ойлайсыңдар?

- Екінші бағандағы сөздерге і дауысты дыбысы жалғанғандықтан, к дыбысы г дыбысына өзгерді.


Жаңа ақпарат:

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі, серік-серігі, жүрек-жүрегі.


- К дыбысы қай кезде г дыбысына өзгереді?

- К дыбысынан кейін дауысты дыбыс кездессе, ол г дыбысына өзгереді.

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
− Әріпті біз көреміз, жазамыз. Ал, дыбысты естиміз және айтамыз.


Дескриптор

Кестедегі сөздерді оқып, салыстырады;

Сөз соңындағы к дыбысы неліктен г дыбысына өзгергенін айтады;

Өз ойын берілген ақпаратпен салыстырады;

Берілген ақпарат бойынша сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: мұғалімнің бағалауы

(Ж: ҚБ)

Жеке жұмыс. Сөздердің бастапқы түрін жаз.

Көйлегі -көйлек бөбегі -бөбек

Көмегі – көмек көлшігі - көлшік

Бәйтерегі – бәйтерек кірпігі - кірпік

Бесігі – бесік көбелегі – көбелек

Дескриптор

Оқушылар жеке орындайды;

Сөздердің бастапқы түрін жазады.

Қ.Б.: мұғалімнің бағалауы «Бағалау мөрі»


(МК; Т; ҚБ) Тыңдалым және айтылым

37. Мәтінді тыңда.

Менің атым - Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.

Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. «Туу куәлігінің» өзінде солай деп жазылған. Бірақ бертін келе Қожаберген сөзі қысқартылып, Қожасы ғана алды.

Тегім - Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқан соң, мен де «Қадыровқа» қайтып келдім.

Бердібек Соқпақбаев

  • Мәтінде кім жайында айтылған?

  • Қожа туралы айтылған.

  • Қожа туралы тағы не білесің?

  • Қожа – тентек бала болған. Қожаның апасы және анасы бар.

  • Мәтінге ат қой.

  • «Менің атым - Қожа». «Қожаның өмірбаяны»

  • Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған деп ойлайсың?

  • К дыбысы өзгерді. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс кездескендіктен к дыбысы г дыбысына өзгерді.


Бердібек Соқпақбаев


(МК; Ж; ҚБ) Оқушылар бір сұрақтан құрайды. Жұптасып бір-біріне сол сұрақтарға жауап береді.

1оқушы:Қожаның аты «Туу туралы куәлігінде» қалай жазылған?

2 оқушы:Қожаберген деп жазылған.

2 оқушы:Қожаның тегі қандай?

1оқушы: Қожаның тегі - Қадырбаев.

Дескриптор

Мәтінді мұқият тыңдайды;

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянымен танысады.

Мәтін бойынша тағы білетін ақпараттарды айтады;

Мәтін бойынша қасындағы жұптарына бір сұрақ құрайды, және сұраққа жауап береді.

ҚБ: оқушылардың бірін бірі бағалауы «Бас бармақ» әдісі


Назар аудар!

Әркімнің өз өмірбаяны болады. Өмірбаян - адамның өзі туралы нақты мәлімет. Онда дүниеге қашан және қай жерде келгені, қайда оқитыны және отбасы туралы қысқаша баяндалады.


(МК; Ж; ҚБ) жазылым

38. Сөйлемдерді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.


Менің тегім - ... . Атым - ... . Туған жерім - ... . Мен ... сыныпта оқимын.


Мысалы:

Менің тегім – Қажыбаева. Атым - Айым. Туған жерім – Семей қаласы. Мен 3-ші сыныпта оқимын.


  • Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгерген деп ойлайсың?

  • К дыбысы г дыбысына өзгерді. Тек-тегім.


Дескриптор

Көп нүктенің орнына тиісті өздерді қойып, көшіріп жазады;

Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгергені туралы айтады.

Қ.Б.: мұғалімнің бағалауы «Бағалау мөрі»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12