«МиBATTEL»
( интеллектуалдық көрсеткішті анықтау
сайысы)
Жүргізуші:
Армысыздар,құрметті көрермендер және
ұстаздар!Бүгінгі өткелі отырған «МиBATTEL»
атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Мақсаты:
Өз
білімімен, ақыл-ойымен, тапқырлығымен ерекшеленген тұлғаларды
қалыптастыру, интеллектуалдық көрсеткішін анықтау. Ұстаздардың
экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Бақ пен
бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған ұстаздарымызға сәттілік
тілей отырып,бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Жүргізуші:
Ең алдымен интеллектуалдық
сайысықа қатысқалы отырған ұстаздарымызды қызықты сұрақтар мен пазл
құрастыру арқылы топқа бөліп алайық.
Әр команда 5 ойыншыдан
құралған. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Ойын шарты:
І кезең: «Сұрақ time»
ІІ кезең:
«Шифрландыру»
ІІІ кезең:
«ARTпен
сөйле»
ІV кезең: « Венгр
сөзжұмбағы»
Ⅴ кезең:
«Дешифратор»
Жүргізуші:
Командалармен танысып
өтейін.
І. «Бірлік »
командасы.
Топ
жетекшісі-___________________, топ мүшелері:
______________________________________
ІІ. «Ақиқат»
командасы.
Топ жетекшісі
–___________________, топ мүшелері:
______________________________________
III. «Болашақ»командасы
Топ
жетекшісі-___________________, топ мүшелері:
______________________________________
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Әділ халқым берерсің әділ баға, Салыстырып білім менен білікті,
-
дей келе ең алдымен сіздерді
осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып
өтейін.
Жүргізуші:
Директор:
ДОІЖО:
ТІЖО:
Жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер,
жюрилер,
Әділетпен кеңес құра
біліңіздер –
дей
отырып сайысымыздың І кезеңі
«Сұрақ time» кезеңін
бастаймыз.
Әр топқа 10 сұрақ қойылады
1минут уақыт беріледі.Берілген уақыт ішінде неше сұраққа жауап
береді сол бойынша балл есептелінеді.
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ,
Алматыда екеу Астанада көп? Ол
не?
(“а” әрібі)
Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не
болуы мүмкін?
(Құрттың жартысын көру)
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса
қанша кг?
(3 кг)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Жеген сайын жылататын нәрсе?
(Таяқ)
Бір
кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен) Қай
айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?м
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
(Сөздікте)
Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит
болмайды.) Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім
тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр?
(Сіріңке)
Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусылып жоқ болады
Үйдің ең суық жері? (Сырты)
Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа
қарай
жүріп жатыр?
(Электровоздың түтіні болмайды)
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
(Запастағы дөңгелек)
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
(Алма ағашында)
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
(Талдықорғанда)
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
(Басы ең үлкен адам)
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
(Ұйықтап жатсың ба?)
Есікті ашу үшін не қажет?
(Есіктің жабық болуы қажет)
Теңіздің ортасында не бар?
(“ң” әріпі)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?
(Үсті су болып шығады)
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр
екен, себебі не?
(Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр
екен)
Адам нені бұзғанда қуанады?
(Рекорд)
Балықтар неліктен сөйлемейді?
(Су жұтып қоймау үшін)
Ненің көлеңкесі жоқ?
(Көлеңкенің)
Қазақстан мен Өзбекстанның
ортасында не
бар?
(мен)
Алфавиттің ең соңғы әрібі?
(т)
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа
ұқсайды?
(Жаңбыр астында өскендіктен)
Теңіздің суы неліктен тұзды?
(Балықтар иістеніп кетпеуі үшін)
Жүргізуші:
Сонымен,
ІІ кезеңіміз
«Шифрландыру». Бұл турда әр топқа Шифрланған
сөздер беріледі. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қосылады.10
минут
-
Ашулы тіл аңдамай
айтады
-
Ғылым теңіз білім
қайық
-
Ана тілің алпыс тілге
татиды
-
Еңбегің мен ақылың екі
жақтап
-
Жүрегі таза адам қиянатқа
бармайды
-
Өнер, оқу жастықтың
қаруы
-
Сабыр деген әр іске
шыдамды
-
Ең жақсы мектеп –өмір
мектеп
1. Fieks
n3k
f4lfvfq
fqnfls
2. 5sksv
nt43p
,3k3v
0fqs0
3. Fyf
n3k34
fknsc
n3kut
nfnbls
4.
T4,tu34 vty f0sks4 tr3
;f0nfg
5. ;8htu3 nfpf flfv 0bfyfn0f
,fhvfqls
6. –yth j0e - ;fcns0ns4
0fhes
7. cf,sh ltuty 2h 3crt
islfvls
8. T4 ;f0cs vtrntg - -v3h
vtrntg
Жүргізуші:
Келесі
ІІІ кезең: «ARTпен
сөйле». Мұнда топтың капитандарына
мақалдар беріледі.Сол мақалдарды суретпен салады топ мүшелері соны
табуы қажет.Әр топқа 5 мақал мәтел беріледі.Берілетін уақыт 3
минут.
1.Отан..отбасынан
басталады.
2.Судың да. сұрауы
бар
3) Ұстаздан .шәкірт
озар.
4) Ашу – дұшпан, ақыл –
дос,....
Ақылыңа ақыл
қос.
5) Кітап білім бұлағы
..
Білім өмір
шырағы
6) Ауру қалса да, әдет
қалмайды.
7) Жалқаудың
.ертеңі таусылмайды
8) Ел іші ... алтын
бесік.
9) Өнер алды.... қызыл
тіл
10) Туған жердей жер болмас,
......
Туған елдей ел
болма
11) Дұшпан күлдіріп
айтады,...
Дос жылатып
айтады.
12) Өзге елде сұлтан
болғанша.....
Өз еліңде ұлтан
бол
13) Әдепті бала – арлы
бала,.....
Әдепсіз бала – сорлы
бала.
14) Еңбек етсең
ерінбей.....
Тояды қарның
тіленбей
15) Арпа, бидай ас
екен,..
Алтын, күміс тас
екен.
16) Жақсы сөз.– жарым
ырыс
17) Әкеге қарап ұл
өсер......
Шешеге қарап қыз
өсер
18) Қыз өссе елдің
көркі,.....
Гүл өссе жердің
көркі
19) Алтын көрсе..періште
жолдан таяды
20) Жұмыла көтерген ...жүк
жеңіл
Жүргізуші:
Сонымен, біздің
келесі IV
турымыз «Венгр
сөзжұмбағы» деп аталады.. Әр топ қазақ
тілі және информатика пәніне қатысты жасырылған терминдерді табу
қажет. Тапқан терминдеріңізді қағазға түсіресіздер. Сөз санына
байланысты бағаланады, әр сөзге 1 балл беріледі./3
мин/
М
|
Т
|
С
|
П
|
А
|
Н
|
Т
|
О
|
Н
|
И
|
И
|
Ы
|
Ө
|
Р
|
Д
|
Ы
|
Б
|
Ы
|
С
|
М
|
К
|
Ш
|
З
|
И
|
Т
|
Е
|
Р
|
Е
|
З
|
Е
|
Р
|
Қ
|
А
|
Н
|
Т
|
Е
|
Р
|
Л
|
Е
|
К
|
О
|
Т
|
П
|
Е
|
Р
|
Н
|
Е
|
Т
|
С
|
С
|
П
|
А
|
Б
|
У
|
С
|
М
|
Ұ
|
А
|
И
|
И
|
Р
|
С
|
Н
|
Ы
|
Ө
|
Е
|
Я
|
Қ
|
Н
|
К
|
О
|
Ы
|
Ү
|
Н
|
Й
|
Л
|
Р
|
Т
|
О
|
А
|
Ц
|
М
|
К
|
Ф
|
О
|
М
|
О
|
А
|
Н
|
Ж
|
Е
|
А
|
Т
|
О
|
Н
|
И
|
Т
|
А
|
И
|
А
|
С
|
Л
|
Е
|
Н
|
Е
|
Т
|
И
|
К
|
М
|
Д
|
С
|
О
|
Р
|
А
|
Б
|
О
|
Н
|
Е
|
Н
|
Т
|
Жасырылған сөздер:
Микропроцессор, тышқан, принтер, сөз, абонент, антоним, дыбыс,
терезе, тасымал, пернетақта, лексика, синоним, жад, буын, сөйлем,
нүкте, фонетика, монитар, ұя.
Жүргізуші:
V
кезеңі «Дешифратор» кезеңін
бастаймыз.
Әр топ басшысына 10 сұрақ
қойылады, сұрақтың дұрыс немесе дұрыс еместігіне байланысты «ия»
немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауап 10 балл болып
есептеледі. (Сұрақтарды жүргізуші әр командаға кезекпен
оқиды)
І командаға қойылатын
сұрақтар:
1. «Ақпарат» сөзі латын
тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді
бәлдіреді. (ия)
2.
Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі тойланады ма?
(Ия)
3.
36+12*6 нәтижесі 200-ге тең болады? (Жоқ)
4.
«Сонар» - үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып,
бас қосып ойын-сауық құруы. (Жоқ)
5.
«Қозы жасы» деп –ұл баланың оннан енді ғана асқан кезін
айтады.(Ия).
6.
«Енші» - үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда, ата-анасының
оған беретін дүние-мүлкі, малы. (Ия)
7.
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады.
(Жоқ)
8.
«Иткөйлек» - баланың 1 жасқа дейін киетін көйлегі
(Жоқ)
9.
Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша 9
орында?(Ия)
10.
«Ерулік» - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан
тұратындар қонаққа шақырып, ас береді. (Ия)
1.
«Тақым» деп адам санының тізеден жоғары ішкі жағын айтады?
(Ия)
2.
«Иткөйлек» - баланың туғанына 40 күн толғанға дейін киетін көйлегі
(Ия)
3.
95-27*3 нәтижесі 25-ке тең болады?(Жоқ).
4.
«Қырау түсе бастаған кез» деп –қартая бастаған шақты
айтады?(Ия)
5.
Процессор- ол компьютердің миы. (Ия)
6.
«Өскін» өсімдік бөліктерімен қоректенетін ағзаларды атаймыз?
(Жоқ).
7.
«Жылға» - қар,жаңбыр суы ағатын шағын өзекше?
(Ия)
8.
Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы
(Ия)
9.“Қазақ” газетінің негізін салушы,ұлттық
жазуымыздың реформаторы – А. Байтұрсынов. (Ия)
10.
«Сүңгі» өте құнды ескі мүлік (Жоқ)
Жүргізуші:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының
«Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу»
стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты
шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді
маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген
Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «МИ
BATTLE»
ойынын қорытындылау мақсатында әділ қазылар алқасына сөз кезегін
берейік. Жүргізуші:
Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды
марапаттасақ.
Жүргізуші:
Білім алудан кеш қалмаңыздар!