400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар».

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, романдағы Абай бейнесін ашу,ақынның қасиеттеріне баға бере білу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту,жеке тұлға ретінде шығармашылық жұмысқа баулу,ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру; Абай бейнесін үлгі ете отырып,ізгілік,адамгершілік,инабаттылық, үлкенге құрмет,кішіге ізет қағидаларын өмірлік ұстаным ете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.02 5 «Ә» класс Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар».

Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, романдағы Абай бейнесін ашу; дамытушылық – ақынның қасиеттеріне баға бере білу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту,жеке тұлға ретінде шығармашылық жұмысқа баулу,ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру; тәрбиелік- Абай бейнесін үлгі ете отырып,ізгілік,адамгершілік,инабаттылық, үлкенге құрмет,кішіге ізет қағидаларын өмірлік ұстаным ете білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдісі : оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтері арқылы шығармашылық жұмыстар орындату. Көрнекілігі: портреттер, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. ІІ.Жаңа сабақ. «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі-Мұхтар Әуезов» (Зейнолла Қабдолов)

Жазушының өміріне және шығармашылығына арналған ұяшықтарды ашу арқылы Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тексеру.

І топ ІІ топ ІІІ топ

Өмірі шығармашылығы «Абай жолы»эпопеясы-

ғасырдың ұлы туындысы

«Абай-ұлы дария,мен одан қасықтап қана алдым» (Мұхтар Әуезов)

«Абай жолы»романның басты кейіпкері ұлы ақын Абай туралы білетіндерін тексеру мақсатында «Үздік Абайтанушы»сайысын ұйымдастырамыз.

«Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды,ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс». (Н.Ә.Назарбаев)

1.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген. (1845ж.) 2.Туған жері(ШҚ обл.Абай ауд Шыңғыс тауының баурайында). 3.Абайдың шын аты (Ибраһим)4.Абай деп кім атап кеткен. 5.Кімдердің аңыз-әңгімелерін тыңдап өседі. 6.Абай Семей қаласында оқыған медресе (Ахмет-Риза) 7.Дін сабақтарынан басқа қандай тілдерді меңгерген? 8.Ел билеу ісіне әке ықпалымен неше жасынан араласады.9 Жылдың төрт мезгілін суретелген өлеңдерді ата. 10.Өнер мен білімге арналған өлеңдерін ата. 11.Абай әндері. 12Шығарма-ң үлкен бір саласы.12.Абай өлеңінен үзінді оқу.

Көп сұраққа жауап берген оқушы «Үздік Абайтанушы»атағына ие болып,марапатталады.







1.Үнтаспадан М.Әуезовтің «Абай жолы»туралы сөзі тыңдалады.

2. «Абай жолы»романынан « Ақын қонақтар»үзіндісімен танысу.

3 топ үзіндіні 3-ке бөліп оқып шығады.

Жоспар құру.

І топ ІІтоп ІІІтоп

1.Абайдың сырт келбеті 1Үйге келген бөгде қонақтар 1.Қонақтармен дос болуы

2.Әжесі-шебер әңгімеші екен. 2.Барластың «Қобыланды батыр» 2.Барластың домбыраны

жырын жырлауы . сыйға беруі.

3.Ұлжанның әңгімелері 3.Абайдың тілегі. 3.Ақындарға ризалық.

«Кейіпкерлер әлеміне саяхат»

Шығарма кейіпкерлері

Кейіпкерлер туралы не білдім


















«Автор орындығы» сратегиясы. –Балалар,Мұхтар болып ұрпаққа хат жазындар.

Қорытындылау. –«Ақын қонақтар» үзіндіден Абай ақынның қандай келбетін таныдық?

Үй тапсырмасы: Шығарманы мазмүндау, кейіпкерлерге талдау.

Бағалау.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1134
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі