« Өмір жайлы түсінігім »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Өмір жайлы түсінігім »

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір деген тұжырым мен үшін сенің өтіп жатқан әр минутың, секундың , сағатың мен күндерің іспеттес. Әр күлгенің, қуанғаның мен қайғырғаның. Өткен уақытын, бүгінгі кезенің. Мен өз өміріме разымын ба?
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Өмір жайлы түсінігім »



Өмір...

Өмір түзер бар адамның надандығын

Я болмаса өшірер әр адамның даралығын

Ей пенделер бұл өмір ақ пен қара

Жолды ашар толы болса бар ниетің

Өмір деген тұжырым мен үшін сенің өтіп жатқан әр минутың, секундың , сағатың мен күндерің іспеттес. Әр күлгенің, қуанғаның мен қайғырғаның. Өткен уақытын, бүгінгі кезенің. Мен өз өміріме разымын ба? Осы сұрақты мен өзіме бір аралықта қойып отырамын. Сондағы он төрт жылымның біреуі де босқа кеткенін қаламаймын. Туылған мезетімнен , алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан мен шаттыққа толы балалық шақты өткіздім. Бастауышты тәмамдағанша жақсы қыз болдым. Бесінші сыныптан , қазіргі уақытқа дейін саналы болуға тырысып келемін. Бойымда тек имандылық, инабаттылық , ұят болғанын қаладым. Сол қасиеттерді өзімде көру үшін әлі де еңбектеніп келемін. Осы өмірде өзімнен қатты разы болған қасиетім – менің талпынысым. Алдыма қойған қарапайым мақсаттардан , үлкен арманға қол созып келе жатқан талпынысым мені қатты разы қылады. Сол үшін де мен тынбай еңбектенуді жөн көремін.

Менің бір тұжырымым «Жасаған еңбегіне разы болма, онда сен жеңілдейсің. Керісінше ізден, талпын, құлшын, сонда алға қадам жасай бересің». Адам баласы алдында көптеген кедергілерді көреді, кездестіреді , жеңеді. Сол жеткен жетістігі адамды бір сатыға көтерер. Ойыңда, санаңда және миыңда жігер, еңбек пен сабырлық болса, онда ол жақсы белестердің бастауы.

Өмір жайлы өлеңдерді , әңгімелерді оқуға құмармын. Жүрегің сілк етер сезімге жетесін. Өмір шыны керек қамшының сабындай тым қысқа. Сүріп жатқан ғұмырыңның қай уақытта, қай жерде үзілетінін білмейсіңдағы. Тек тіршілігіңді қыласың. Ол табиғи заң болып табылары сөзсіз. Біреуі кетеді, артынан келеді. Ал тірі жан тіршілігін жасайды. Өмір ол сенің өмірбаяның. Бұған көп тоқталмайын...

«Ата-анам қасымда, достарым молшылық, санам мен ойым бар, аз болса да ермегім де бар. Жаратушы АЛЛАҒА бұндай берген бақ үшін разымын. Нәзік болмасам да, бәріне ұнамасам да, мен ол мен! Менің қанатым талмайтынына мен шүбәсіз сенімдімін. Осыдан асқан бақ бар ма? Білмеймін.. Барып ойланайын»



Рустемова Малика

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2021
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі