Ертеңгілік
тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Топ: «Бөбек»
кіші топ
Ертеңгілік мақсаты:
Балаларға мерекелік көңіл
күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді
безендірілгенін тамашалату.Көңілді ойындар ойнату, достық қарым
қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Ертеңгілік көрнекілігі:
жаңа жылдық шырша,түрлі-түсті шарлар,жаңа жылдық
суреттер.
Қатысушылар: әр
түрлі маскарад киімін киген балалар, Барыс, Түлкі, Қоян, Аяз ата,
Ақшақар, Жаңа жыл, жүргізуші.
Өтілу барысы: Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер
шығады.
Жүргізуші: Қайырлы
күн? Құрметті
Ата-аналар, қонақтар
және кішкентай біздің ұл
қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты
болсын.
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз баріміз,
Өлең де әзір ән әзір.
Бастайық біз дәл қазір.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу келе
жатқан сияқты,тыңдаңдаршы, бір дауыс естіп
тұрмын.
Ол
кім болды екен? Сендер де естідіңдер ме?
Музыкамен залға қоян секіріп
келеді.
Қоян: Салем, балалар мен 2023 жыл қоянмын. Сендермен осы бір
жыл көлемінде бірге болдым. Бүгінгі Жаңа жылды да сендермен бірге
өткізгім келеді.
Қандай әсем шырша, қандай әдемі
балалар.
Жүргізуші: Қош келдің, қоян. Олай болса, сен бізбен бірге
жаңа жылды
қарсы ал.
Қоян:Ия, мерекені бірге тойлауға және
өткізуге өзіммен бірге жұмбақ ала
келдім.
Балалардың қаншалықты тапқырлықтарын
көрейін.
Қоян жұмбақ
жасырады
1.Тікен тікен тік
тісті,
Қысы, жазы бір
түсті.
Ол
не балалар? Шырша
Жүргізуші: Көрдің
бе Қоян, біздің балалар қандай
тапқыр
Жүргізуші:Балалар, жарайсыңдар.
Айтыңдаршы, жыл сайын
Жаңа жылға бізге қонаққа кім
келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Аяз
ата, Ақшақар, дұрыс
балалар.
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз
бірге Аяз ата мен Ақшақарды
шақырайық.
Балалар хормен:
Аяз
ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - - у! 3 -
рет
Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар:Аяз ата
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер,
Аяз ата, Ақшақар, жол
жүріп келдіңіздер, төрге
шығыңыздар.
Аяз ата: Ақшақар қызым ау, мына шырша шамдары жағылмаған
екен, қане, балалармен бірге шырша шамын
жағайық.
1, 2, 3 шырша, шырша жайнай
түс.
Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге
дайындаған өнері бар.
Отырыңыз ата, Аяз ата сізге біздің балалардың айтар
тақпақтары бар екен:
Айдана
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Қадырхан
Келді алыс сапардан
Аяз
ата оралып.
Демеу
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Ерсұлтан
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Әділхан
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Аяз ата:Ой балалар өркендерің өссін, қандай әдемі
тақпақтар.
Ақшақар: Аяз ата, аяз ата.
Аяз ата: Не болды ақшақар
қызым?
Ақшақар: Біреу шырша қасында ұйықтап
жатыр.
Аяз ата: Бұл барыс қой,
ұйықтап жатқан. Қане, балалар барысты оятайық.
Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін
тойласын.
Жүргізуші: Балалар қол шапалақтап, аяғымызды
топылдатып аюды оятайық.
Әуен қосылып
Барыс: Ой мен ұйықтап қалыппын ғой, мынау деген
қандай әсем шыра? Балалар сендер қандай мереке тойлап
жатсындар?
Жүргізуші: Барыс сен ренжіме ұйқыдан оятты деп бүгін мереке, кел
бізбен бірге көңіл көтер, олай болса балалар, келген
қонақтарымызға арнап, шыршаны айналып, әнімізді
шырқайық.
ӘН. Шырша( Балалар кейіпкерлермен шыршаны
айналады.)
Әуен қосылып
ашулы, көңілсіз күйде түлкі
кіреді.
Жүргізуші:
Ой,
балалар, қараңдаршы, бізге кім келді?
Сәлеметсің бе ! Түлкі неге көңіл-күйін жоқ?
Түлкі: Менің қарыным аш, тамақ жемегелі қанша күн болды.
Анау орманнан “Ер-Таң” балабақшасында мереке өтіп жатыр дегенді
естіп, тамақ мүмкін осы жерден табылып қалар деп
келдім.
Жүргізуші: Жоқ
түлкі, бұл жерде балалар ән салып, би билеп жатыр. Кел бізге
қосыл.
Түлкі: Жоқ, мен әйтпесе қоянды жеймін.
(Түлкі залды айналып, қоянды қуалай
жөнеледі)
Жүргізуші: Жарайды түлкі, балалар саған тамақ табуға
көмектеседі.
Ол
үшін балалармен бірге ойын ойнауың қажет.
Ойын. “Балық аулау”
(Ауланған балықты балалар түлкіге
береді.)
Жүргізуші: Аяз ата, біздің
балалардың ескі жыл қоянға
арнаған биі бар биге кезек берейік.
Би: Көжектер
Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылды
шақырып, ескі жылмен де
қоштасатын уақыт
келді.
Ұлу: Салем балалар, салем
қонақтар, мені таныдыңдар ма?
Мен
кіммін?
Балалар: ия, сен Ұлусың.
Ұлу: Мен жаңа жылмын сендерге бақыт, молшылық,
жақсылық әкелдім! Сендермен дос боламын.
Жүргізуші:
Қоян сен бізге бір жыл бойы
қамқор болдың бізге жақсы тілектер тіледің бірге
болдық рахмет саған ризамыз.
Қоян:
Менің сүйкімді достарым, сендермен бірге уақыт өткізгеніме
қуаныштымын. Сендер сондай көңілді, өнерлі екенсіздер. Жаңа жыл
қызыққа толы болсын!
Сау
болыңдар!
Аяз ата: Ақшақар қызым, Ұлу, біз балаларға сыйлық ала
келдік қой! Қане, көп күттірмей, сыйлықтарын
табыстайық.
Жүргізуші: Қандай керемет сыйлықтар. Балалар, Аяз ата мен
Ақшақарға рахмет айтайық.
Балалар:
рахмет.
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Балдырған»
табының «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды.
Сіздерге көп-көп рахмет!