Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, қыс туралы қазақша сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сүйіспеншілікке, достық қарым- қатынасқа , әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Балабақша ауласына топсеруен, суреттер.
Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала.
Шанамен сырғанап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).
Сұрақ- жауап:
-
Қыс айларын атаңдар?
-
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Жұма.
Дыбыстық жаттығу:
Ыс-ыс-ыс- қыс келді,
Ғы-ғы-ғы- шаңғы.
Ақ-ақ-ақ- аққала,
Қа-қа-қа- қар.
Ық-ық-ық- суық.
Жұмбақ шешу:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр қатты- ақ. (Мұз).
Күміс тұяқ тұлпарды,
Eрттеп міндім тай қылып. (Коньки).
Зулап түсті төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана).
Қыста айна, көктемде- су. (Мұз).
Сөздік жұмысы:
Балабақша ауласына, ауа- райына, қысқы құбылыстарға қарап әңгімелейді.
Қыс мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ, үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала.
Жаңылтпаш:
Дала аппақ,
Қар аппақ.
Бәрі аппақ,
Қар аппақ.
Сергіту сәті:
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Мәнерлеп оқу:
Аппақ дала, аппақ қала,
Аппақ, аппақ айнала.
Аппақ, аппақ- бәрі аппақ, ақ қар аппақ, бор аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ, ақ сүт, айран, қант аппақ.
Дидактикалық ойындар: «Аққала жасау».
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, қарды домалату арқылы, аққала құрастырады. Қай топ бірінші және дұрыс жасаса сол топ жеңімпаз.
«Қар жинау».
Шарты: Балалар екі топқа болініп қалақпен шелекке қар жинайды. Қай топтың шелегі қарға бірінші толады, сол топ жеңімпаз.
«Не артық?».
Шарты: Қыс мезгіліне қажет емес заттарды алып тастау. Шана, коньки, қар, пима, тон, көк шөп, көкөністер мен жемістер. Балалар заттарды ажыратып алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Қыс қызығы"
" Қыс қызығы"
Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, қыс туралы қазақша сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сүйіспеншілікке, достық қарым- қатынасқа , әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Балабақша ауласына топсеруен, суреттер.
Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала.
Шанамен сырғанап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).
Сұрақ- жауап:
-
Қыс айларын атаңдар?
-
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Жұма.
Дыбыстық жаттығу:
Ыс-ыс-ыс- қыс келді,
Ғы-ғы-ғы- шаңғы.
Ақ-ақ-ақ- аққала,
Қа-қа-қа- қар.
Ық-ық-ық- суық.
Жұмбақ шешу:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр қатты- ақ. (Мұз).
Күміс тұяқ тұлпарды,
Eрттеп міндім тай қылып. (Коньки).
Зулап түсті төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана).
Қыста айна, көктемде- су. (Мұз).
Сөздік жұмысы:
Балабақша ауласына, ауа- райына, қысқы құбылыстарға қарап әңгімелейді.
Қыс мезгілі, қар жауады, күн суық, аппақ, үлпілдек, жылтыр, шана, шаңғы, сырғанаймыз, аққала.
Жаңылтпаш:
Дала аппақ,
Қар аппақ.
Бәрі аппақ,
Қар аппақ.
Сергіту сәті:
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Мәнерлеп оқу:
Аппақ дала, аппақ қала,
Аппақ, аппақ айнала.
Аппақ, аппақ- бәрі аппақ, ақ қар аппақ, бор аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ, ақ сүт, айран, қант аппақ.
Дидактикалық ойындар: «Аққала жасау».
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, қарды домалату арқылы, аққала құрастырады. Қай топ бірінші және дұрыс жасаса сол топ жеңімпаз.
«Қар жинау».
Шарты: Балалар екі топқа болініп қалақпен шелекке қар жинайды. Қай топтың шелегі қарға бірінші толады, сол топ жеңімпаз.
«Не артық?».
Шарты: Қыс мезгіліне қажет емес заттарды алып тастау. Шана, коньки, қар, пима, тон, көк шөп, көкөністер мен жемістер. Балалар заттарды ажыратып алады.
шағым қалдыра аласыз













