400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Қысқы ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
" Қысқы ойындар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп- лицейі"ММ















Ашық сабақ

«Қыс қызығы»

4- сынып

























Сабақтың тақырыбы:  Қысқы ойындар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Балалардың білімін, қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, дұрыс баяндауға баулу.

  • Дамытушылық: Балалардың ойын, тілін сурет бойынша әңгімелеуге, сөйлем құрату арқылы дамыту.

  • Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға, сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін біздің сабағымыз, күнделікті сабақтан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр, қане балалар орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайық.

  • Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақтарды еске түсірейік.

  • 1 жылда неше жыл мезгілі бар? (4 мезгіл)

  • Біз қай мезгілде сабаққа келдік? (күз)

  • Күз мезгілі несімен ерекше? (жемістер, көкөністер т.б.)

Айнала қандай?Қандай қар?

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын?

(қыс)

  • Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі.

  • Біз енді қыс әлеміне енеміз де, қыс мезгілімен жақынырақ танысатын боламыз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Қыс туралы бейнеролик –Абай ҚұнанбаевКіріспе

Міне, қыс мезгілі келді. Қыс мезгілі үш айдан тұрады: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн суытады, ызғырық желі мен қары болады. Қыс мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар жылы киіне бастайды.Үстеріне күрте, тоң киеді. Қолдарына қолғап, аяқтарына етік киеді. Қыста күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Қыста қар қалың жауады, балалар аққала жасап, қар атысып, сырғанақ теуіп көңілді ойындар ойнайды.

-Ал енді, біз бүгін сабақта аққала жасайық, тапсырмалар арқылы

Міне аққаланы жасайық

1-тапсырма- Қыс сөзін септеу

2-тапсырма.  Қыс туралы әңгімелеу.(2-3оқушылар)

3-тапсырмаНүктелердің орнына сөздер қою.

Қыста  …… жауады.

Адамдар ……… киінеді.

Адамдар қолдарына ……. киеді.

Балалар ……. жасап ойнайды.

-Жарайсыңдар балалар.

4- тапсырма. Диалог


-оқушы оқушылармен

-оқушы оқушымен

  1. Сергіту сәті.

 5-тапсырма. -Балалар мен сендерге қыс туралы жұмбақтар жасырамын, ал сендер мұқият тыңдап алыңдар.

 

  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.                   (Аққала)

 

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады.                          (қар)

 

  1. Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бір.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бір.                        (Қолғап)

 

  1. Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.                       (Шаңғы)

 

  1. Жаздай тынығады

Қыста зымырайды.                                 (Шана)

 

  • Жарайсыңдар, балалар.

6-тапсырма. Сюжетті суреттер үлестірмелі қағаздармен таратылып береді.

-Балалар мына алдарыңыздағы суреттерге  қарап сөйлем құраймыз.

7-тапсырма. Мақалдар айту.

8-тапсырма. Тыңдалым

Қыстың күндері қандай суық болса да, балалар ешқашанда үйлерінде отырмайды.Қыстың қызығын тамашалайды. Қарлы таудан шанамен, шаңғымен сырғанайды.Сырғанаққа барып, коньки тебеді, хоккей ойнайды. Қардан қарқала, аққала жасап, қызықты, көңілді ойнайды


III. Бекіту: 9-тапсырма.  Тыңдалым бойынша сұрақтар.

- Қыстың күндері қандай?

- Балалар қыста үйде отырады ма?

-Балалар қыстың несін тамашалайды?

- Қарлы таудан немен сырғанайды?

-Сырғанақта балалар не істейді?

-Қардан нелер жасайды?

ІҮ. Қорытындылау 10- тапсырма.Қыс туралы тақпақтар

Рефлексия.11- тапсырма. Ән айтып аққаланы толық жасау. «Қыс» караоке

Ү. Бағалау .Балаларды мадақтау. Көк-жарайсың, жасыл-жақсы, қызыл тырысу керек смайликтер





  • Жарайсыңдар, балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

  • Жарайсыңдар.




























Аяз

Мұз қатыра аласың,

Сен сурет те саласың.

Бәрі мұның жақсы ғой,

Неге тентек боласың?!

Баламысың кішкене,

Сен тентектік істеме!

Сүйсең мейлі, сүйе бер,

Бетімізден тістеме!

Shape1

Қыс келерде

Айналаға қараңыз,

Аппақ бопты даламыз.

Жүр, сырғанақ тебейік,

Қайда екен шанамыз?!

Қар жауып тұр себелеп,

Бейне ұшқан көбелек.

Көл тезірек қатса екен,

Мұзда коньки тебер ек.

Shape2

Алғашқы қар

Айнала қараймын алақтап,

Теректер,

Қайыңдар,

Дала аппақ.

Үйлердің төбесі,

Жолдар мен қырлардың,

Шыңдардың бәрі аппақ.

Көзімді аша алмай қалғаным,

Аппақ-ау, аппақ бұл жан-жағым.

Карашы,

Тонғасын бөрінің

Ақ қарға оранып алғанын!

Shape3

Қыс суреті

Жомарт аспан елеп ұн,

Жерге шашты кебегін.

Аппақ мына ұлпаның

Күшін байқап келемін.

Тал майысып шалқайды,

Қурай жерге жантайды.

Терек шашы ағарып,

Бір-ақ күнде қартайды!

Shape4

Қыс

Өзен, көл — мұз,

Дала — қар,

Суық еді қыс неткен?!

Тоңып қапты балалар

Аязға бет тістеткен.

Шаңғы теуіп барады,

Қалай-қалай самғайды.

Міне, мұндай баланы

Аяз тістей алмайды.

Сүйреп бірі шананы,

Жүгіруден танбайды.

Міне, мұндай баланы

Аяз тістей алмайды.

Аңсатып бау-бақгарын,

Көктем мен жаз түске енді.

Сықырлатып ақ қарын

Аулымызға қыс келді!


Мақалдар


Көліне қарай - қазы, 
Қысына қарай - жазы. Лиза

Жазда жайлауды же,
Қыста қойнауды же. Данил

Шаруа
Жазда жазылады,
Қыста қысылады. Аят

Қыс азығын жаз жина.Костя


Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.Дамир

Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла. Илья


Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз. Ангелинак























Сабақтың сараптамасы

 Балалардың білімін, қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға тырысып, балалардың ойын, тілін сурет бойынша әңгімелеуге, сөйлем құрату арқылы дамытылды. Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға, сезінуге тәрбиеленді.

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, жұмбақтар, мақалдар,ойын арқылы

Сабақта қолданылған технологиялар:функцианальдық сауаттылық, ойын технологиясы,дамыта оқу технологиясы ,ақпаратты технология элементтері

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, үлестірмелі суреттер

Ұйымдастыту кезеңі шаттық шеңбері арқылы өтіп , тіл дамыту кезеңі сұрақтар арқылы өтті.

Жаңа сабақ Абай Құнанбаевтың «Қыс» туралы бейнероликпен ашылды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі сабақтың қызығушылығын одан арғарай дамытып .

аққаланы тапсырмалар арқылы жасап оқушылырды ынталандырылды.

Тапсырмалар слайдтар арқылы ашылды.

1-тапсырма- Қыс сөзін септеу

2-тапсырма.  Қыс туралы әңгімелеу.(2-3оқушылар)

3-тапсырмаНүктелердің орнына сөздер қою.

4- тапсырма. Диалогті оқушылар жарыса қазақша сөйлеп үйренді.

Сергіту сәті арқылы оқушылар демалып алды.

 5-тапсырма. –Жұмбактарды қызыға оқушылар шешті.

6-тапсырма. Суреттер арқылы тіл байлықтарын дамытты.

7-тапсырма. Мақалдар айту.

8-тапсырма.  Тыңдалымды сұрақтар арқылы жақсы тыңдағандарын жауап арқылы көрсетті.

Қорытынды кезеңінде үйден дайындап келген «Қыс» туралы тақпақтарды айтып , жақсы әнмен сабақты аяқтап аққаланы қуаныш сезімде жасап , бір-біріне жақсы тілектер айтылды.

Мұғалім оқушыларды мадақтап,. көк-жарайсың, жасыл-жақсы, қызыл- тырысу керек смайликтерді қойды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
3795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі