жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
« Ш әрпі мен дыбысы, әріп таңбасын жазу»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: « Ш әрпі мен дыбысы, әріп таңбасын жазу»
Мақсаты: Балаларды ш дыбысымен және әрпімен таныстыру, дидактикалық ойындар арқылы жылдам әрекет етуді үйрету, артикуляция бойынша дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Дыбыстық талдау, буынға бөліп сөзден сөйлем құрауға үйрету. Дамытушылық: Сөздік қорын, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Құмырсқа, жәндік,
Керекті құралдар: Жаз, қыс мезгілінің суреттірі, жәндіктердің суреті
Үш тілдік компонент: Құмырсқа-муравей-ant, жәндік-насекомый-insects
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті
|
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Қоңыраудын сиқырлы, Естіледі сыңғыры. Қолыңды бер дейді, Шеңберге кел дейді. Қайталау «Сөз ойла» дидактикалық ойыны Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту Тәрбиеші бір дыбысты айтады да, допты бір балаға береді. Бала сол дыбыстан басталатын сөзді тез айтып, допты қайтарып береді. Ойын осы ретпен жалғасады. |
Өлең жолдарын жылулық шеңберде айтады. Допты алған бала естіген дыбысынан басталатын сөзді айтып, допты тәрбиешіге қайтарады. |
|
Ұйымдастыру– іздестіру |
Жаңа тақырыпқа кіріспе Көктем мезгілі белгіленген суретті (құмырсқа мен шегіртке жапырақпен жасырылған) көрсетіп, балаларға сұрақ қояды: – Мына суретте қай мезгіл бейнеленген? – Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Суреттегі жапырақтарды көрсетіп: – Мына жапырақтардың астына жәндіктер жасырылған сияқты. Қане, біреуін алып көрейікші. Кішірек жапырақты алады, астынан құмырсқа көрінеді. – Бұл қандай жәндік? -«Құмырсқа» сөзін буынға бөліңдер – Сөзде неше буын болса, алдарыңдағы қорапшада сонша бұршақ дәнін алып қойындар. Балалардың жауаптарын тыңдап, тексереді. Дұрыс жауап берген балаларды мақтайды, қате болса түзетеді. Жаңа тақырып – Енді құмырсқа туралы ертегі тыңдайық: «Жайқалған шөптер мен қызыл-жасыл |
Көктем мезгілінің суретін тамашалап, сұрақтарға жауап береді: –Көктем мезгілі бейнеленген. – Көктемде күн жылиды, қар ериді, құстар келеді, шөптер өседі. Сұрақтарға жауап береді: – Бұл құмырсқа – Құ-мырс-қа, 3 буын бар. Алдарындағы қорапшадан 3 бұршақ дәнін алып үстел бетіне қояды. Қызығушылық танытады. |
|
|
гүлдердің арасында бір кішкентай құмырсқа өмір сүріпті. Ол күні бойы тыным таппай еңбек етеді екен. Бір күні дән іздеп келе жатып, құлағына сондай жағымды, керемет әуен естіледі. «Бұл әнді айтып жатқан кім?» деп жан-жағына қарайды да, жайқалған шөптің үстінде отырған бір жәндікті көреді. Ол жәндік күн сәлесінен қорғанып, үлкен жапырақты жамылып алыпты. Суреттегі екінші жапырақты алып тастағанда астынан шегіртке көрінеді. Құмырсқаны оған жақындатады. «құмырсқа жәндікке жақын келіп: – Сен кімсің? – деп сұрайды. Жәндік: – Мен ш-ш-ш-шегірткемін, - дейді, құмырсқа одан тағы сұрайды: – Сен керекмет әнді қалай айтасың? – Мен ш-ш-ш-шырылдаймын. – Сен қайда тұрасың?
Тура сол кезде құмырсқа шөптің тасасында жатқан бір дәнді көреді де, керемет әнді де, әдемі жәндікті де ұмытып, дәнді үйіне қарай сүйрей жөнеледі. Жолда келе жатқанда құмырсқаның құлағына әлгі жәндіктің көп айтқан дыбысы келе береді». – Ол қандай дыбысты көп айтып еді?
Айнаға қаратып, ш дыбысын айтқызады, айтылу ерекшелігіне байланысты дауыссыз дыбыс екенін анықтатады. Сергіту сәті: Жаз күніне мәз болып, Жүрген жері ән болып, Секіреді шегіртке. (балалар секіреді) Қыста сылқым төреміз Қайтер екен, көреміз? (жаураған қимыл жасайды) Ертегінің жалғасын тыңдайық Тақтаға қыс мезгілінің суретін іледі. Суретте жылы илеу-үйдің ішіндегі құмырсқа бейнеленген. (белгілі мысалға жасалған иллюстрацияны пайдалануға болады) «Қыс түседі. Бір күні құмырсқа дәнге тойып алып, жылы үйінде маужырап, біреу есігін ақырын тықылдатады. Құмырсқа «Бұл кім?» десе, есіктің ар жағынан әлсіз ғана «ш-ш-ш-ш» деген дыбыс шығады». Балаларға ш дыбысын айтқызады |
Тәрбиешінің айтқан ертегісін тыңдайды. Жапырақ астынан шыққан құмырсқаның суретін тамашалайды. Шегірткенің сөздерін ш дыбысын созып, қайталап айтып отырады. Сұрақтарға жауап береді: – Шегіртке ш дыбысын көп айтқан. Ш дыбысын айнаға қарап айтады, дауыссыз дыбыс екенін анықтады. Алғашқы 3 жолды айтқан соң орындарынан тұрып секіреді. Соңғы 2 жолды айтып болған соң бүрісіп, жаурағандай қимыл жасайды. Суретті тамашалай отырып, ертегінің жалғасын тыңдайды Ш дыбысына әзер естілетіндей етіп, ақырын айтады. |
|
|
-Сендер де осылай ақырын айтып көріңдерші. Бұл кім деп ойлайсындар? Оның даусы неге ақырын шығып қалды? «Осы дыбысты ести сала, құмырсқа оның кім екенін бірден түсінеді де, жылдам есігін ашады. Шегірткені жылытып, тамақтандырып болған соң, оны өзінің жақсы көретін ш дыбысының таңбасымен, әрпімен таныстырады». Балаларға Ш әрпін көрсетеді, неге ұқсайтынын, қанша таяқшадан тұратының айтқызады. Кел, оқиық! Ш әрпінің жанына дауысты дыбыс әріптерін кезегімен қойып, буындарды оқытады: АШ, ЕШ, ОШ, ӨШ. ША, ШУ, ШЕ, ШО, ШӨ. Буындар жазылған шарларды тақтаға іледі, буындардан сөз құрап оқытады. ША-ШУ, ША-НА, АР-ША, ША-ЛА, АР-НА, ША-РА, АЛ-ША. Дәптермен жұмыс Дәптердегі суреттермен жұмыс жүргізеді. Саусақпен тыныс алу жаттығуы Үрлеп едім шарымды, Дәу болды да жарылды. Оған бірақ саспадым, Үрлеп алдым басқасын. Кел, жазайық! Дәптердегі жазу жұмысын орындатады.
Детские четверостишия и стишки на букву Ш У Ивашки-рубашка, у рубашки
-кармашки, рубашка-у Ивашки.
У
Любаши-шляпка, у Полюшки-плюшка, Маша шила для
мартышки «Ш» дыбысынан
басталатын сөздерге жұмбақтар
жасырады. |
Сұрақтарға жауап береді: – Бұл – шегіртке. – Ол қатты жаураған соң дауысы ақырын шығып қалған. Тәрбиешінің көрсетуімен Ш әрпімен танысады, неге ұқсайтынын, неше таяқшадан тұратынын айтады. Буынды қосып оқиды. Алдымен жеке шарларды буындап оқиды, кейін буындардан сөз құрап оқиды. Дәптердегі суреттер бойынша тапсырмаларды орындайды. Екі қолдарымен үлкейіп, жарылған шарды бейнелейді. Ауаны мұрындарымен ішке сорып, ауыздарымен үрлейді. Қимылды әр екі жол сайын қайталайды. Дәптердегі жазуды әдемі, таза жазуға тырысады. Школьник в школу
собирался,
В школу буква Ш
пришла,
-шар -шаңғы |
|
Рефлексивті– түзетушілік
|
Қорыту: Ертегі бойынша сұрақтар қояды: – Бұл тыңдаған ертегі сендерге ұнады ма? – Сендерге шегіртке мен құмырсқаның қайсысы көбірек ұнады? – Құмырсқа шегірткеге қандай әріп үйретті? Жүректен жүрекке» шеңбері «Әдеп сақта әманда» 01-«Ж»-№21 Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бiр қамқорлық, Қайтарады саған да. |
Сұрақтарға жауап береді. -Ш әрпін үйретті |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ш дыбысының дауыссыз екенін.
Болу керек: Жақсы өмірге еңбек арқылы жетуге болатынын.
Істей білу керек: Дыбыстық талдау, буынға бөліп сөзден сөйлем құрауды.
Тәрбиеші : Жотабаева Жұлдыз Мұсақызы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген