Тіркелу
1.Тегі,аты-жөні толығымен : Медетова Ляззат Калжановна
2.Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы:________________________________
3. Жұмыс жасайтын мекемесі,қызметі : "№ 1 Хромтау орта мектебі" КММ
тарих пәні мұғалімі
4. Мақала тақырыбы : " САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ДИПЛОМАТЫ - НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ
"
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ДИПЛОМАТЫ - НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ
Медетова Ляззат Калжановна
"№1 Хромтау орта мектебі"КММ
Қазақ халқының тарихында еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін күресіп, барынша тер төккен азаматтарымыз аз болмады. Дегенмен, ұлтының көсегесін көгертпек болған арыстардың есімі сол кездегі сұрқия саясаттың ықпалымен ұзақ жылдар бойы тасада қалып келді. Соның бірі – көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының тұңғыш дипломаты Н.Төреқұлов. Көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, журналист, әдебиетші, ғалым Нәзір Төреқұловтың есімі шындыққа жүгінсек қалың қазақ жұртшылығына әлі де болса жақын таныс бола алмай келе жатқаны анық. Оған себеп: біріншіден, Нәзірдің қазақ топырағынан тыс жерде оқып, сырт жерде қызмет етуі; екіншіден, оның қазақ ұлтынан шыққан көптеген мемлекет,қоғам қайраткерлерімен, тарихшы, әдебиетшілерімізбен бірге сонау 1937 жылы "халық жауы" деген жалған жалаға ілінеді де, ақ – қарасы тексерілместен атылып, қыршынынан қиылды, өте кеш ақталды, үшіншіден, осы күнге дейін Нәзірдің өмірі, қызметі, шығармашылығы арнайы қолға алынып, түбегейлі зерттелмеуі.
. Есіл ер заман, уақыт өзгеріп, жаңарып жатса да, "саяси тұрғыдан ақталмаған" болып архивтерде шаң басып жата беріпті. Алайда бір нәрсенің басы ашық, Нәзір Төреқұлов туған халқының мәртебесін тек өз жерінде, қала берді бұрынғы Одақ көлемінде ғана көтеріп қоймайды, оның атын дүниежүзіне әйгіледі. Бұл – даусыз шындық. Тәуелсіздікке қол жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана – сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Бір туар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметтерін жан – жақты терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібіндегі тұрған көкейкесті мәселе. Қандай жағдай болмасын тарихты жасайтын – адамдар, олардың қоғамдық – саяси қызметі. Сондай әділетсіздік аяғынан шалған аяулы азаматтарымыздың бірі- көрнекті мемлекет қайраткері, алғашқы дипломаты , ғалым, пуплисцист, ақын, баспагер, “үлкен террор” құрбаны, көпқырлы дарындылығымен артына құнды мұра қалдырған Нәзір Төреқұлов. Қауымның санасын әдейі мәңгүрттендіруге бағытталған осындай қаскүнем саясаттың салдарынан халқымыздың екі – үш буыны ұлттық дәстүр мен тарихтан мүлде бейхабар болып қалыптасты. Осы екі топтың басын біріктіретін құдірет біреу, ол өз халқына мейлінше адал қызмет етуге ұмтылып, игі һәм асыл мұраттарға жету үшін барын аянбау еді. Сонысымен ел – жұрттың құрметіне, ықыласына бөленген мемлекет қайраткері-Н.Төреқұлов болатын.
Түркістан түбіндегі Қандөз ауылында заңгер отбасынан туылып, Ферғананың Қоқан каласында ержетіп, Мәскеуде жоғары білім алған Нәзірдің қоғамдық жұмыстарға бет бұруы 1916 жылдан басталады.Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті жастарын бірінші дүниежүзілік соғыстың қара жұмысына алу туралы 1916 жылғы 25- маусымдағы патшаның жарлығы Нәзірдің санасына бүтіндей өзгеріс енгізген сықылды.
Елбасы Н.Назарбаев былай деген болатын: «Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің шын мәніндегі мемлекетшілдердің тұтас бір шоғырының 20-шы ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ мемлекеттігінің даму мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардын ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы тарихи үлгісі көз алдымызда тұр». Міне осындай ұлы тұлға- Нәзір Төреқұлов болатын.
Түрік халықтарының тілдеріне алуан түрлі кітаптар шығаруға басшылық етеді. Осы жұмыстарға ол қазақтың зиялы қауымын шығармашылық қызметке тартып, қамқорлық көрсетті. Ол осы тұста Әлиханның, Ахметтің, Мағжанның, Міржақыптың, тағы басқа да көптеген зиялылардың еңбегін баспа арқылы бастырып шығарды. Шығыс халықтары үшін, олардың тарихы, мәдениеті мен әдебиетін насихаттауда Н.Төреқұлов жетекшілік еткен баспа, сондай-ақ
ол редакторлық еткен «Темірқазық» журналы көп рөл атқарған. Осылар арқылы шығыс шайырлары, жазушылары, ақындары бүкіл дүние жүзіне танылуға мүмкіндік алды десе де болады.
Сонымен қатар, Нәзір сол кезеңде шет елдердің ең мықты қаламгерлерінің туындыларын аудартып басқызып, халыққа тезірек танытуға ықпал етті. Ұлы Абайдың өлеңдеріне қамқор болып, Ташкентте басылуына тікелей басшылық жасағанда – Нәзір. Ол ұлттық баспамыздың неізін салып, іргетасын қалаушылардың бірі.
. Қазақ тіліне қатысты күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған құнды пікірлер айтты. Мысалы, ол аты – жөнді (фамилияны) жазғанда орыстың «овын» қолдануға қарсы; «ұлы» , «қызы» деп жазуды сол кездің өзінде – ақ ұсынды. Сондай – ақ шеттен келген сөздердің шеттік түбірін сақтап емес, қазақ тілінің үндестік (сингармонизм) заңына, яғни қазақ тілінің заңдылықтарына орай жазылуын, айтылуын жақтады. Қазақтардың басқа ұлтарға орынсыз еліктей беруіне қарсы болды. Қазақтың басқа да ұлттар сияқты да өзіндік ұлттық бет – бейнесін, болмысын сақтап қалуы қажеттігін ескертіп отырды.
Тілдің даму жолдарын анықтау – тіл біліміндегі аса маңызды проблемалардың бірі. әсіресе, шет тілдерден келген сөздерді, терминдерді қалай қабылдауымыз керек дегенде күні бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселені ол сол кезде айтқан. Ал, Н.Төреқұлов болса, «Қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ қазақ сөзі болып кірсін» (Н.Төреқұлов. Жат сөздер. Мәскеу. 1962,6 – бет.) – деп жазды. «Басқаны сөзін бұзбай айтам деп тіліңді бұрап жүргенде, өз тіліңнен айырылып қаларсың» (сонда) – деп ескертеді. Нәзір шеттен келген сөздердің қазақ тілінің үндестік заңына толық бағынуын талап етеді. Ол парсының «стан» жұрнағы жалғанып «Қазақстан» деп жазылып жүргенде қарсылық білдірді.
Ағартушы – ғалым ретінде Нәзір Төреқұлов одақ көлеміндегі оқу – ағарту ісіне өзіндік үлес қосқан – ды. 1925 жылғы қаңтарда Мәскеу Үлкен театрында I Бүкілодақтық мұғалімдер съезі ашылды. Төреқұлов «Ұлт мәселесі және мектеп» деген тақырыпта баяндама жасады.
XX ғасырда, атап айтқанда, I Дүниежүзілік соғысынан кейін дипломатияның жаңа кезеңі басталды. Жаңа дипломатия ескі дипломатияға қарағанда құпиялылығы аз, ашық дипломатия түрінде болды. Сонымен қатар, сабырлы, келісім жасу қабілетіне ие, сыпайы, инабатты, бірнеше шет тілдерін меңгерген тұлға болуы қажет еді. Бұл критерийлерге ие болған дипломат тұлғасы сыртқы саясатта мол жетістіктерге жету мүмкіншілігіне ие болатын. Осындай жаңа дипломатия дәуірінің бір өкілі, қазақ ұлтының перзенті – Нәзір Төреқұлов болып табылады. Н. Төреқұловтың халықаралық саясат аренасына шығу мерзімі КСРО – ның халықаралық қатынасқа жаңадан адым басқан жылдарына дөп келген. Социолизм бағытына мойынсұнған КСРО мемлекетінің халықаралық аренада басқа мемлекеттер тарапынан танылуы үшін үлес қосқан тұлға – Н.Төреқұлов Сауд Арабиясында өкілетті елшілік қызметін 1928 жылдан 1936 жылдың қаңтар айына дейін атқарды. Аталмыш мерзімде Н.Төреқұловтың екі мемлекет арасындағы «бензин келісімінің» бастаушысы болған. Сонымен қатар, 1932 жылы Сауд Арабиясы делегациясының Мәскеуге келуіне бірден – бір себепкер болған. Өйткені, Н.Төреқұлов Сауд Арабиясына келгеннен кейін қысқа мерзімде жергілікті халықпен жақындасып, араб элитасымен достық қарым – қатынасы жоғары дәрежеде болған. Н.Төреқұловтың тілге деген тамаша қабілетінің арқасында аз уақытта араб тілін жетік үйреніп, тілмашсыз келіссөздер жүргізген, Араб еліндегі елшілердің арасында жоғары беделінің арқасында дуаен атағына ие болған. Сауд Арабиясында ағылшын ықпалының айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан Н.Төреқұловтың жеке қабілетінің арқасында ағылшын өкілімен бір сыныпта қабылданғанын тарих парақшалары дәлелдеуде. Н.Төреқұлов араб еліндегі қызметі барысында тек қана араб және КСРО арасындағы байланыстарға ықпал етіп қана қоймай, Жиддадағы түрік елшілерінің қызметкерлерімен де жақсы қарым – қатынаста болып, КСРО және Түркия арасындағы байланыстарға да ықпалын тигізген. Сонымен қатар, шет жақта жүрген өз жерлестеріне көмек көрсеткен. 1936 жылдың қаңтарында КСРО – ның Сауд Арабия өкілетті елшісі.
Сауд Арабиясы мен КСРО –ныңалғаш өкілетті елшісі болған тұлға, қазақ ұлтының перзенті Н.Төреқұлов ақылды, жігерлі әрі шешендігімен танылды. Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшіміз Тайыр Мансұров Нәзір Төреқұловтың дипломатиялық мұрасынан 2 көлемді кітап бастырды. Онда елшінің қолжазбалары, күнделігі, Орталыққа жіберген талдаулары, ойлары кеңінен қамтылған. Арада 40 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан Н.Төреқұлов жазбалары біздің жас дипломаттарымызға аса қастерлі мұра.
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын
құрылған қазақ хандығының шекарасын, оның әскери-саяси және
экономикалық жағдайын қорғау оңай болған емес.
Халықтың қадірлі ұлы, белгілі
қоғам қайраткері Н. Төреқұловтың 1920 – 1927 жылдардағы қоғамдық -
саяси қызметі күллі Түркістан халықтарының тарихын, тағдырын,
мәдениетін, дәстүрін дамытуға арналғаның жоғарыда берілген
мәліметтерден көреміз. Ол өзіндік өрнегі бар баспагер, педагог,
ғалым, аудаармашы болумен қатар үлкен қоғам қайраткеті екендігін
танытты.
Пайдаланған әдебиеттер.
-
Кеңес Нүрпейіс Тарихи тұлғалар. «Қазақ энциклопедиясы» , Алматы 2007ж, 37-39 бет.
-
Н.Төреқұлов. Жат сөздер. Мәскеу. 1962,6 – бет.
-
Н. Төреқұлов Ғылыми зерттеу еңбектері 3 –том.
-
Оралмах Ж.О. Тұғыры биік тұлғалар Ақтөбе 2008 304-бет.
-
Тоқаев Қ. Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001.

Аннотация
В моей работе отражена жизнь и роль выдающегося сына казахского народа Назира Торекулова. Первый казахский дипломат, деятельность которого является примером истинного патриотизма.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ДИПЛОМАТЫ - НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ "

шағым қалдыра аласыз