
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
« Сәуірбек Бақбергенов - Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы» атты кеш
« Сәуірбек Бақбергенов - Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы» атты кеш
Мақсаты: Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушының Отан алдындағы ерлігі мен әдебиетке сіңірген еңбегін оқырмандарға жеткізу, отансүйгіштікке баулитын, замандастар жайлы ой толғайтын, тарих қойнауынан сыр шертетін туындыларына тоқталу, жастарды адамгершілікке адалдыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: - Қазақста Республикасының Халық жазушысы, аудармашы, публицист, балалар кітаптарының авторы Сәуірбек Бақбергеновтың туғанына 105 жыл.
2-жүргізуші: - Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Түркістан жетім балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін Түркістан қаласындағы теміржолшылар мектебін, педагогика училищесін 18 бітірген соң Подольск жаяу әскер училищесін бітірген.
1-жүргізуші: - 1939 жылы әскерге шақырылған, 1941 жылы Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі шайқаста 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясының 23-гвардиялық полкінде взвод командирі, штабта ерекше тапсырма орындайтын байланысшы офицері болған. Соғыстан кейін туған еліне оралып, «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Жазушы» баспасында тілші, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2-жүргізуші: - Біз бүгін сіздермен бірге жазушының туғанына 105 жыл толуына орай «Сәуірбек Бақбергенов - өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы» атты кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: - Жастарды адамгершілікке адалдыққа, отансүйгіштікке баули-тын, замандастар жайлы ой толғайтын, тарих қойнауынан сыр шертетін және Ұлы Отан соғысы тақырыбын арқау еткен 20-ға жуық романдары мен повестері бар. Көптеген шығармалары орыс, белорусь, грузин, эстон, башқұрт тілдеріне аударылған.
2-жүргізуші: - Сәуірбек Бақбергенов Отан алдындағы ерлігі мен әдебиетке сіңірген еңбегі үшін І–дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және төрт мәрте Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет Граммотасымен марапатталған. 1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болды. Жазушы 1997 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.
Оқушы: - Жас оқушылар өте әуесқой халық, жазушылармен кездескенде олар ең алдымен:
Сіз қалай жазушы болдыңыз? – деп сұрайды. Атап айтсақ, бұл өте қиын сұрақ. Қиындылығы сол, оған бір – екі сөзбен жауап беру қиын, өйткені жазушы әдебиетке түрлі жолмен келеді ғой. Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің өмірбаянын былай бастайды:
Жазушы: - Мен жазушы болмаған болар едім, өйткені балалар үйінде болғанна кейін теміржолшы болғым келген еді. Түркістан теміржол училищесінде оқыдым. Ал содан кейін педагогикалық училищеге түстім, кейін оқытушылар институтын бітірдім. Бірақ теміржолшы да, оқытушы да болмадым, мен солдат болдым.
Соғыс басталды. Оның алғашқы күндерінен бастап ұрысқа қатыстым. Майданнан қайтқаннан кейін менің өзімнің майдандас достарым туралы, басымнан өткеннің бәрі жайында жұртқа айтқым келді. Сөйтіп мен журналист болдым. Республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінде істедім. Очерктер, әңгімелер жаздым.
1945 жылы мен батыр атағын алған Талғат Бигелдиновпен кездестім. Мен осы даңқты ұшқыш туралы оқушыларға айтып бергім келді. Бірінші повесім-ді ұзақ жаздым, әрі қиынға түсті. Жазушы болу оңайға түсе қоймайтынын бірінші рет бастан өткеруге тура келді. Естен кетпес Талғатпен алғашқы жолыққаннан кейін бес жылдан соң менің ол туралы бірінші кітабым шықты.
Бұдан кейін менің әңгімелерімнің, повестерім мен очерктерімнің бірқатар жинақтары шықты. Бұлардың ішінде жастар мен балаларға арналған шығар-маларым да бар. Бұларда Талғат Бигелдинов, Кенен Әзірбаев,Роза Бағланова, Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова сияқты тамаша адамдарымыздың өмірі баяндалады. Мен 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі, Шымкент облысы, Созақ ауданында тудым, Жазушылар одағында істедім.
Оқушы: - Өнегелі адамдар образын жасау үшін жазушылық талантпен бірге ең алдымен саясатқа жетік білім, асқан мәдениеттілік керек. Кешегі жауын-гер, бүгінгі жазушы Сәуірбекте осы қасиеттің бәрі де бар. Өнегелі адамдар жайлы жазған оның повестері балалардың да, үлкен кісілердің де ұнатып, сүйіп оқитын шығармаларына айналып кеткен.
Оқушы: - “ Жас дос! Біздің еске тұтып, мақтан ететін жайларымыз көп. Әкелеріміз бен ағаларымыз бізге ерліктің ісіне берілгендіктің үлгісін көрсетті. Олардың даңқты істерін неғұрлым жақсы білсек, бүгінгі бақытты өмірдің солардың төккен қанымен орнағанын соғұрлым түсінеміз.
Әкелердің ерліктерін әрдайым есте сақтап, лайықты түрде жалғастырушылар – біздер. Әкелер жүріп өткен жерлерге жорықтар жасайық. Ұмыт қалған есімдерді қайта еске түсірейік. Оларға ескерткіш орнатайық” жақсы айтылған әдемі өнегелі сөз.
Оқушы: - Сәуірбек Бақбергеновтың “Талғат”, “Дина”, “Бозторғай”, “Қоян көзге құлаған жұлдыз” деген повестеріндегі басты кейіпкерлердің біреуі асқан күйші, халық ақыны, халық композиторы болса, енді бірі ел қорғаны даңқты батыр, төртіншісі бүкіл елге атағы жайылған саяхатшы ғалым.
Халқымыз қадірлеген және тарихта елеулі орны бар замынымыздың көрнекті адамдары жайлы жазылған тарихи — биографиялық шығармалары көбіне балалар әдебиетінің түбегейлі мұрасы. Өйткені тарихта болған атақты адамдардың өмірін айту – ойдан алынған кейіпкерлерге қарағанда әлдеқайда ұғымды, әсерлі келеді.
Оқушы: - Отан соғысы аяқталғанмен, оның зардабы мен зары тез аяқталған жоқ. Жалғызынан айырылған ана зары құлақтан әлі де кетер емес. Ұмытыл-мас күндер көп – ақ. Ер өлсе де артында қалған елі ер есімін ешқашан да ұмытпайды. Ол ұзақ жылдар бойына жырлана береді, айтыла береді. Ерлер есімі біздің есімізде мәңгілік сақталады, тарихқа айналады. Сондықтан да ерлер есімін, ерлердің ерлік істерін, өнегелі адамдардың ел құрметіне бөленген даңқты атақтарын ұрпақтарымызға, жас сәбилерге үлгі етеміз.
“Даңқ атаулы қатаң тәртіпті тарап етеді, жауынгер жауға ғана жауынгер емес, еңбекке де жауынгер… Егер сен беделді адам екенсің сол беделіңді алдымен өзің қадірлей біл.Солардың қатарында тұруды, солардай болуды арман етуге тиіспіз. Бұл әсіресе жас өспірімдер үшін ауадай қажет.
Оқушы: - «Бозторғай» повесінің басты геройы – халық ақыны, өнерлі еңбегі сіңген қайраткер, композитор Кенен Әзірбаев. Оқиға басты кейіп-кердің өз атынан баяндалады. Бас кейіпкер өзін алыстан іздеп келген бір топ пионерлер менн оқырмандар алдында бетпе-бет сөйлесіп отырады. Бұл — әсіресе балаларға арнала жазылатын көркем әдебиеттегі ең бір таптырмайтын тамаша әдіс.
Адам арманы әрқашан алға сүйрейді, болашақтан үміттендіреді. Сол үміт адамды іске, әрекетке қарай бастайды. Повесть оқиғасы сол өнегелі өмірден үйренгісі келген пионерлердің Кенен аулына іздеп келуінен басталған.
Кенен: - Менің туған жерімді картадан іздеп әуре болмай-ақ қойыңдар. Ол жер елеусіз болған. қойшының әні, түйенің боздағаны , қойдың маңырағаны, ат тұяғының дүбірінен басқа еш нарсе естімеени жер еді ол. Менің өмірге келуім қандай елеусіз, қандай белгісіз болса, туған жерім де сон дай белгісіз, сондай елеусіз жер еді.
Оқушы: - Бізді қазіргі даңқты өнегелі ададарымыздың бұрынғы өткен өмірлері қандай елеусіз, қандай ескерусіз болғанын әңгіменің алғашқы басталуынан – ақ аңғарамыз. Жазушы Кененнің ақындық дарынын оның жас кезіндегі қайғылы да ауыр өмірімен қоса суреттеген.
Кенен: - «Өлер алдында шешемнің мені алдына шақырып алып, маңдайым-нан неге сонша ұзақ сипағаны да маған енді түсінікті бола бастады. Осы жолы алғашқы рет мен анамның бетіне елжіреп ұзақ қарадым. Оның кезер-ген ерні, жас толған көзі, алаулаған өңі менің көз алдымда мәңгі қатып қойды.
«Кенешім! – деді ол, даусы булығып, өңі алаурап, — Кенешім! Мен онда бұл сөздің мәніне тіпті де түсінбеген екенмін. Ол маған «Сен қалдың» дегені екен».
Оқушы: - Кенен өмір азабы мен тұрмыс өгейлігін көре жүріп ішкі мұңын, көргені мен білгенін, әнмен де өлең мен де сыртқа шығарып, елден-елге таратып отырады.
Жазушы «Бозторғай» әнінің қалай шыққанын да шебер суреттеген. Қозы жайып, қой жайып жүрген Кененнің ертелі-кеш ермек етері, құлақ тосып сүйсініп тыңдайтыны – тәң сәріден шырқайтын Бозторғай сазы.
Ақын өмірі, ақын образы балаларға өмір мектебіндей көп нәрсені аңғартады. «Талапты ерге нұр жауар» дегендей, жалшылықта жүрсе де Кенен ақын жасымады, жатпады.
Әрқашан өз арманын іске асару үстінде, күрес жолында болды. Әні елден – елге тарап кетті. Кешегі қойшы бала қазір ел құрметіне бөленген халық ақыны болды. Жақсы ағалардың жастық шағы, олардың үздік таланты, айқын образы жас өспірімдерге өнеге боп қала береді.
Оқушы: - Бақбергеновтің кейінгі повесі заманымыздың шат көңілді ұрпақтарына әсем үкілі домбыраның пернесінен өмір танытарлық асқақты сазды күйлерін, адам көңілін тебірентерлік аналық зор махаббатын мұра етіп қалдырған өнерге еңбек сіңірген қайраткері, ардақты ана Дина Нұрпейісова туралы жазылған.
Повесте күйшінің сонау өткен жастық шағынан бастап, домбра үйренудегі шәкірттік кездері, ұлы композитор Құрманғазының оған ұстаздық еткен жылдары, домбырадағы орындаушылық шеберлікті ер кін игеру, өсу, кемеліне келу, атақты композитор болған кездері суреттеледі.
Оқушы: - Дина шығарған «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Әсем қоңыр», «Ана бұйрығы», «Жеңіс», «Тойбастар» күйлерінің шығу тарихы көркем бейнелеу арқылы көрінеді. Дина өскен орта, оның төңірегіндегі адамдар, олардың ісі, мінезі, Динаға еткен әсері өте шебер өрнектелген.
Он жастағы талант иесінің аңғарымпаздығынан Құрманғазы күйінің оған сондайлық әсер еткені көріне бастайды. Төренің төлеңгіттерінен шыққан домбырашы Дина қыз туралы аңыз — әңгіме елден – елге тарап кеткеніне дейін суреттелген.
Оқушы: - «Ең алдымен қолыңа домбыраны ұстаған кезде қос ішектің қандай сазда екенін біл, содан кейін барып, әрбір перненің тілін ұқ! Содан кейін барып, білетін әнің мен күйіңді баста!» деген Құрманғазы сөздерін Дина бұлжытпай орындайды. Әрбір ән, әрбір күйдің тууы – үлкен тарих, адам өмірінің шежіресі.Динаның «Бұлбұл» атты күйі балғынның басынан кешірген тағдырына байланысты шыққаны психологиялық дәлдігімен қиыстырылған.
Мынау күйдің аты – «Ақсақ киік »
Мынау – «Қайран шешем »
Мынау бір сәнді күйді «Балбырауын» — деп, Динаның әр күйді тартқан сайын соның жөн – жосығын айтып отыруы да әр күйдің әр алуан терең сыры, мол тарихы барлығын танытады.
Оқушы: - Динаның күйлерінің шығуында да сол кездегі себептерге байланысты туған ерекше тарихы бар. Жаңа елдің жас ұрпағына өткен күндердің теңіздей терең сыры мен жырын, күйі мен әнін сый ете келген ана тұлғасы, ана кескіні, ана образы көз алдыңнан кетпейді. Оның аналық лебізі, күшті жылы сөзі, байсалды нұсқасы, сабырлы кескіні көз алдыңда тұрғандай, қатарласып бірге отырғандай әсер қалдырады. Дина образы жас өспірімдерді өнегелі адамның өнегелі өмірінен үйрену, үлгі алу солардың бітпей қалған жұмысын бітіру, оны ілгері қарай дамыта беру ісіне талаптануға баулиды. Повестің ең басты қасиетті – осында.
Жазушы
Ұзақбай Доспанбетов:
«Сәукең тудырған алуан кітаптардың басты
кейіпкерлері ойдан шығарылған әдеби образдар емес, өмірде болған
нақтылы адамдар. Олар – Дина Нұрпейісова, Шоқан Уәлиханов, Кенен
Әзірбаев, Нұрмолда Алдабергенов сияқты тарихи тұлғалар, әрі Ұлы
Отан соғысының қаһармандары – Бауыржан Момышұлы, Талғат
Бигелдинов, Рамазан Елебаев, Бақтияр Меңдіғазин, Темірбек
Көкебаев. Шамамен 1958 жылдың
қыркүйек айының соңы еді. Жетісудың дағдылы алтын күздерінің бірі.
Шұбар ауылы. Бұл сол жылдарда атағы жер жарған, екі мәрте
Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов басқарған “ХХІІ
партсъезд” атындағы ұжымшардың орталығы. Сол жылдар-да-ақ көшелері
асфальтталған, көрікті үйлер қатар-қатар сап түзеген, көгал-дандыру
жағынан да өзгелерге үлгі боларлық тамаша елді мекен. Өз ауылымда
қазақша мектептің жоғарғы сыныптары болмағандықтан, осы Шұбар
ауылындағы орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқып жүрген кезім.
Мен тұратын туысқандарымыздың үйі ауылдың дәл орталығында,
Мәдениет үйінің іргесінде. Осында екі көше қиылысқан тұста, биік
бағанадағы радио күні-түні қақсап тұратын. Үйдің тап іргесінде
болғасын ба, қолым боста осы радиодан түрлі концерттерді, әрі
әртүрлі әдеби хабарларды құлағымның құрышы қанғанша
тыңдайтынмын.
«Алғашқы таныстық» Көрініс
Бірде домбырамен күй тартылып жатты. Радио ілінген бағананың маңына келіп, құлағыма тосып тұра қалдым. Байқаймын, бағананың арғы жағынан да бір бейтаныс адам жақындап, күйге барынша ықылас қойды. Күй аяқталған- да:
Бейтаныс:– Шіркіннің құйқылжытуын-ай! Неткен шеберлік десеңші!
Бейтаныс:– Шын күйшілерде бір құдірет болады. Қандай да бір күйді орындау бары-сында сол құдіреті, аруағы оянады. Міне, сондайда ғана күй тыңдаушының сүйегіне енеді. “Күй жүрек жарады”, деген сондайдан қалған.
(Мені баласынбай, әрі көптен таныс жандай әңгіме айтуы тұрған орнымда одан әрі шегенделуіме мәжбүр етті.)
Бейтаныс: – Әй,
бала, бері кел.
Бейтаныс: – Ә,
сен баланың бұл ауылға келгеніңе үшінші жыл екен. Зерделі жанға үш
жыл деген аз уақыт емес, ел танып, жер тануға толық жетеді.Мына
үйде кімдер тұрады?
Мен кімдер тұратынын айтып болып:
Бала
Ұзақбай: – Аға, сіз кім
боласыз?
Бейтаныс:
– Сен өзің кітап оқисың ба? – деді.
Бала
Ұзақбай: – Оқимын.
Бейтаныс: –
Қандай кітаптарды оқисың?
Бала
Ұзақбай: – Романдарды,
повестерді, өлең жинақтарын оқимын.
– Олардың бәрін қайдан алып оқисың? Өзіңде бар ма?
Бала
Ұзақбай: – Жоқ, мына колхоз
кітапханасына жазылғанмын. Содан алып оқимын. Біздің кітапхана өте
бай, ескі кітаптар да, жаңа кітаптар да көп.
Бейтаныс: – Иә, көрдім.
Кітапханаларың шынында бай екен. Кітапхана өз алдына, жаңа түскен
газет-журналдарға арналған арнайы оқу залына дейін жасап қойыпты.
Мұндай кітапхана өзге ауылдарды айтпағанда, көптеген аудан орталық
тарында жоқ. Жалпы, Нұрмолда Алдабергенов деген мұндағы жұрттың
маңдайының бағына біткен адам ғой! Сен, бала, кітап оқиды екенсің
ғой. Ал “Дина” деген повесті оқыдың ба?
Бала
Ұзақбай: – Оқыдым,
ағай!
Бейтаныс:
– Жылаған жоқсың ба?
Бала
Ұзақбай: – Жоқ!
(Алғашқы жауабыма қуанып, соңғысына ренжігендей маған қарап біраз
үнсіз қалды. Сәлден соң ғана:)
Бейтаныс: – Сол “Дина”
атты повестің авторы – Сәуірбек Бақбергенов деген жазушы ағаң мына
мен боламын!
Иа, менің Сәуірбек ағамен таныстығым осылай басталған еді.
Жүргізуші: - Сәуірбек туралы әріптестер пікірі.
Қуаныш Айтаханов: «Сәуірбек -Қаратауды жырлаған, қазақтың мұңын мұңдаған»
Ұзақбай Доспанбетов: «Сәукең тудырған алуан кітаптардың басты кейіпкерлері ойдан шығарылған әдеби образдар емес, өмірде болған нақтылы адамдар».
1-жүргізуші: - Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушының Отан алдындағы ерлігі мен әдебиетке сіңірген еңбек жолынан аз да болса саз мәлімет бере білдік деген ойдамын.
2-жүргізуші: - Тарих қойнауынан сыр шертіп, жастарды адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке баулып, замандастары жайлы ой толғаған жазушы өмірі, еңбегі біз үшін қашан да биік бола бермек.

