жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
« Шілде» М. Дулатов.
Жамбыл облысы
Талас ауданы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Айдарбекова Гульмира Абзеловна
Бекітемін:
Пәні: әдебиеттік оқу
Сыныбы:3 «Ә»
Мұғалімі: Айдарбекова Г.А.
Тақырыбы: « Шілде» М. Дулатов.
Мақсаты: Бағдарламаның жеті модуль идеясын негізге ала отырып «Жаздыгүні шілде болғанда» тарауы бойынша оқушыларға табиғаттағы өзгерістерді сипаттай отырып, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру
Міндеті: авторы туралы мағлұмат беріп, әңгіменің мазмұнын аша отырып, негізгі идеясын ұғындыру; сыни тұрғыдан ойлау арқылы тапсырманы талдау, салыстыру, топта жұмыс жасай отырып, ойды жинақтау, өзара бағалау;
- Күтілетін нәтижелер: Мәтіндегі негізгі идеяны ашады, табиғаттағы өзгерістерді талдайды; топпен бірлесе жұмыс жасай отырып,шығарманы талдайды , салыстырады; топпен жұмыс жасай отырып,ойды жинақтайды, бірін- бірі бағалайды;
-Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқыту мен оқуда АКТ –ны пайдалану; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу; Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Қолданылатын стратегиялар: Шаттық шеңбері, «Cәлемдесу»ойыны, фазылдар құрастыра отырып мезгіл аттары арқылы топқа бөлу, «Миға шабуыл», «Джигсо», Топтастыру, «Көңілді күн» сергіту сәті, Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек
|
Сабақт тақырыбы: |
М.Дулатов «Шілде» |
|||
|
Сабақ кезеңдер. Уакыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Бағалау |
Көрнекі ліктер |
|
Кіріспе 4 минут Мақсаты: тұлғааралық байланыс. |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Сәлемдесу » ойыныарқылы жағымды ахуал туғызу.Фазылдар құрастыра отырып, жыл мезгілдерінің аттары арқылы топқа бөлемін,топ ережесін құрады. |
«Сәлемдесу» ойыны арқылы оқушылар жағымды ахуал туғызады. Фазылдар құрастыра отырып жыл мезгілдерінің атын шығарып топтарға бөлінеді. «Көктем» , «Жаз» , «Күз» , «Қыс» топтарына бөлінеді. |
Керемет! Өте жақсы! |
«Құрастыратын суреттер» |
|
7 минут Мақсаты: есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорларын дамыту |
Үй жұмысы «Миға шабуыл» үй жұмысын еске түсіремін. Әр топқа тақтадан тапсырмалар беремін. «Жаз» тобына: Абай өьірі және «Жаз» өлеңін мәнерлеп жатқа айтқызу. «Көктем» тобына: Абайдың «Көктем» өлеңін жатқа айтқызып «Жаз» өлеңіндегі жазғы табиғатты суреттету. «Күз» тобына: «Күз» өлеңін жатқа айтқызу. «Жаз» өлеңіндегі жанжануарлардың жазғы тіршілігін әңгімелеу. «Қыс» тобына: «Қыс» өлеңін жатқа айтқызып , «Жаз» өлеңіндегі жазғы жайлау көрінісің бейнелету. |
Ақынның жыл мезгілдеріне байланысты шығарған өлеңдерін еске түсіре отырып айтады,«Жаз» өлеңін мазмұндап өз тобының атауын үш тілде айтады. «Жаз» өлеңін жатқа айтады. Жаз мезгіліне
байланысты салған суреттерін қорғау |
«Бас бармақ» Қошеметтеу |
Жаз мезгілдеріне суреттер |
|
Ассоциация «Жаз» сөзіне 3 мин |
Жаз
Қандай? Несімен әдемі?
Н
|
Оқушылар шілде айындағы алған әсерлері туралы айтады. Өмірмен байланыстырады. |
Топтама жасау. |
Слайд. |
|
Сөз жұмбақ шешу. 3-мин «Сергіту сәті» |
1. Шалғында өсетін шөп.
3. Жайылым жер. 4. Құлын тай шабысындағы қимыл. 5. Сымпылдап ұшқан құс «Сергіту сәті» «Көңілді күн» әнін сөзімен айтқызу. |
Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, жасырын сөздерді тауып,жаңа сабақ тақырыбын ашады. Сөзжұмбақтан «Шілде» сөзі шығады.
Іс қимылдар арқылы сергіту сәтін орындайды. |
Қол соғу арқылы бағалау. |
Слайд. Үнтаспадан әуені айтылады |
|
Жаңа сабақ 3 минут Мақсаты: оқушыларға ой қозғау, ойын жинақтауға бағыттау |
Слайд арқылы жазғы жайлаудағы табиғат көрінісінен үзінді көрсетіп жаңа сабақтың мазмұнын ашамын. М.Дулатов өмірі туралы мәлімет беремін. |
Слайд арқылы оқушылар табиғат көрінісін әңгімелейді. Автор туралы мәлімет алады. |
Керемет! Өте жақсы!
|
Интербелсенді тақта |
|
4минут Мәтінді түсініп оқу |
Мағынаны тану «Еркін» оқу. Оқулықтағы мәтінді іштей және тізбектей оқытамын. |
Оқулықтағы мәтінді үнсіз және тізбектей оқу |
|
Жаз мезгілінің суреті Оқулық |
|
Негізгі бөлім 7минут Мақсаты: мәтінді бөліктерге бөліп мәтінді талдау, мәтінді қазіргі өмірмен салыстырады, |
Жұмыс тобын құру «Джигсо» әдісі арқылы 1.Мәтінді бөліктерге бөліп оқытамын.(басы,ортасы,соңы). 2.Мәтіннің толық мазмұнын айтқызамын. 3.Мәтін бойынша оқушылар өзара сұрақ қояды. |
Оқушылар 1, 2,3, 4 топқа бөлінеді. Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды,ат қояды. 1 топ .Басы (Жазда) 2_топ Ортасы(Жайлаудың қызығы) 3-топ Соңы (Оқуға бару) 4- топ Тақырыптағы көнерген сөздерге түсінік беру. |
«Бармақпен» бағалау, «Өте жақсы» |
оқулық |
|
Деңгейлік тапсырмалар. Мақсаты:мақалдардың мағынасын сыни ойлана отырып ашу. 5-мин |
1-топ: Жаздың бір күні, қыстың мың күніне татиды. 2-топ: Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. 3-топ: Шағала келмей жаз болмас. 4-топ:Биік таудың басы қыс, баурайы жаз. |
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларға байланысты топтарымен ақылдаса отырып жауап береді. |
«Бас бармақ» Шапалақтау. |
флипчарт,маркер |
|
Қорытынды 1 минут |
Үйге тапсырма Оқулық бойынша мәтінді оқып келу. |
«Шілде»тақырыбын Оқып келеді. |
Критерийлер арқылы бірін-бірі бағалау, кері байланыс |
Оқулық |
|
3 мин Алған білімдерін бағалау |
Бағалау Күлекештер арқылы оқушылар білімдерін бағалау. |
Топтар бір-бірін,өзін-өзі бағалайды. |
|
Бағалау тақтасы |
|
3 минут Сабақ бойынша кері байланыс жасау |
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жасау |
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стиккерге жазып, тілек ағашына жабыстырады. |
|
Тілек ағашы,стикер |
Рефлексия
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген